"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ІСКЕ КІРІСТІ

01.04.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Үржар ауданында YI шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы болып өтті.  Басқосу барысында бірқатар мәселелер қаралып, сарапқа салынды. Сессияға аудан әкімі Серік Зайнулдин, аудан әкімінің орынбасарлары, жаңадан сайланған облыстық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихаттың V шақырылымының депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары мен баспасөз өкілдері қатысты.

Жиынды аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Абзалхан Жұматаев алғы сөзбен ашып, 20 наурызда өткен сайлаудың қорытындылары туралы кең көлемде хабарлама жасады.

— Ел аманатын арқалап, мандатқа ие болған депутаттардың барлығы да жоғары білімді. Сапа құрамы жағынан Үржар аудандық мәслихатының депутаттығына кәсіпкерлер, интеллигенция өкілдері сайланды,- дей келе, Абзалхан Мұхаметқанұлы, сайланған депутаттарға салтанатты түрде депутаттық куәліктер мен төсбелгілерін тапсырды. Содан соң еліміз үшін аса маңызды саяси науқанның сәтті аяқталуымен, жеңістерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыстар тіледі.

VI шақырылған депутаттардың бірінші сессиясының күн тәртібіне ұйымдастыру жұмыстары, I сессиясының регламенті, жұмысшы тобының құрамы, тұрақты комиссияларын құру туралы, Үржар аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы мәселелер енгізілген екен.

Осы жолғы сессияда №3 Жаңа тілек сайлау округінің депутаты Айдын Саматеев төраға болып сайланып, сессияны жүргізіп отырды. Сондай-ақ ашық дауысқа салумен VI шақырылған Үржар аудандық мәслихатының хатшысы болып №10 Көлденең сайлау округінің депутаты Қалембек Бақтығазыұлы Қарашев сайланды. Жаңа хатшы өз кезегінде әріптестеріне сенім артқандары үшін алғыс білдіріп, ортақ істі атқаруда аянбай жұмыс істейтінін жеткізді.

Келесі кезекте 3 тұрақты комиссия құрылды. Атап айтсақ, депутаттық өкілеттік және этикасы, заңдылық, денсаулықты сақтау, білім беру, мәдениет, жанұяны қорғау, жастар мен мүгедектер мәселелері жөніндегі комиссия; бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, салық, ауыл шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі; еңбек, сауданы дамыту, өндіріс, кәсіпкерлік, коммуналдық-тұрмыстық қызметтер және байланыс жөніндегі комиссиялар құрылды.

Мұнымен қатар сессия жұмысында күн тәртібіндегі 2016 жылға арналған аудан бюджеті туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Вален-тина Бойкованың баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ аудандық «Нұр Отан» пар- тиясының депутаттық фракциясы жөнінде сөз қозғалып, басқа да әртүрлі мәселелер қаралды.

Жиын соңында қорытынды сөз аудан әкімі Серік Зинабекұлы Зайнулдинге берілді. Аудан басшысы облыс депутаттарына және аудандық мәслихаттың бұрынғы, яғни Y шақырылымындағы мәслихат хатшысы, ауданның Құрметті азаматы Мұхаметқали Бітімбаев          жетекшілік еткен құрамға алғыс айтып, жаңадан сайланған депутаттарға табыстар мен жемісті еңбек тіледі.

—  Баршамызды көптеген ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Ол – Елбасы реформаларын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру және халықтың әл-ауқатын арттыру. Атқарған жұмыстарымыздың оңды нәтижелерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, депутаттардың қолдауымен білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларды қамти отырып, ауыл шаруашылығын дамытайық,- деді аудан басшысы Серік         Зайнулдин.

Өткен шақырылымдағы депутаттарға аудан әкімінің алғыс хаттары мен сыйлықтары табыс етілді. Сессия барысында аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы құрылып, оның жетекшілігіне депутат Мұхаметқан Молдашұлы Ақпеков сай- ланғаны туралы да хабарланды.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

14 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

14 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

14 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

14 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС