"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ЖОСПАРЫ ЖАН — ЖАҚТЫ

01.04.2016
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес отырысына қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, дербес бөлім басшылары, жастар ұйымдарының өкілдері мен кеңес мүшелері қатысты.

Кеңестің отырысында қала әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, басқа да әртүрлі мәселелер қарастырылды. Күн тәртібінде Жастар орталығының жұмыс жоспары мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастар арасында өткізілетін маңызды іс — шаралар туралы, патриоттық тәрбие беруге байланысты мектеп оқушылары арасында атқарылған жұмыстар туралы және салауатты өмір салтын насихаттау, жат қылықтардың алдын алу жұмыстары туралы сұрақтар қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша — Жастар орталығының жұмыс жоспары мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастар арасында өткізілетін маңызды іс-шаралар туралы Семей қаласы Жастар орталығының жетекшісі Мұстафа Қожамсеит, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағдарламасына сәйкес, шаһар бойынша жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында біршама іс-шаралар жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.

— Бүгінгі күнге Жастар орталығының ұйымдастыруымен патриоттық тәрбие беру, ұлтаралық қатынастарды тұрақтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, Елбасы Жолдауында көрсетілген мәселелермен таныстыру мақсатында жастар арасында үнемі түрлі шаралар жүргізілуде,- деп өз ойын ортаға салды Мұстафа Қожамсеит.

Жастар істері жөніндегі кеңес отырысының күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша — мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбие беруге байланысты атқарылған жұмыстар туралы Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко мәлімет берді.

Бүгінде елімізде бұқаралық спортты дамыту арқылы дені сау ұлтты қалыптастыру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Кеңес отырысында одан әрі жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің және шылым шегудің алдын алу мәселесі қаралды. Өз кезегінде қаламыздағы наркологиялық диспансер басшысының орынбасары Виктория Онгарова мен «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерсін Құдияров баяндама жасады.

Жиын соңында қала әкімінің орынбасары Н.Шарова қала әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес отырысын қорытындылап, алдағы уақытта көптеген іс-шаралар өткізілетінін  және жастарға әрқашан да қолдау көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары кеңес отырысында қаралған мәселелердің бәрі де бүгінгі таңда маңызды екенін атап көрсетті. Тиісті ұйымдарға өз салалары бойынша жұмыстар жүргізуге нақты тапсырмалар берді.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

14 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

14 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

14 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

14 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС