"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ -САУАПТЫ ІС

05.04.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының орталық саябағында, жыл сайынғы дәстүрге сәйкес, «Жақсылық жаса» атты еріктілер акциясының ашылу салтанаты болып өтті. Акцияның ашылуына Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Семей қалалық филиалының директоры Ардақ Әділжанов, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.

Акцияны өткізуге «Исток» қоғамдық ұйымы, БҰҰ Даму бағдарламасының ШҚО-дағы өкілдігі, қалалық ЖИТС орталығы, орталық мәдениет және демалыс саябағымен қатар, жоғары оқу орындары және колледждердің ішінен құрылған еріктілер ұйымдары мұрындық болыпты. Акцияны ұйымдастырудағы негізгі мақсат — еріктілердің жұмысына қоғамның назарын аударту, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру арқылы шаһардағы еріктілердің белсенділігін арттыру. Акция барысында ерікті студенттер  жиналған жұртшылыққа салауатты өмір салтын насихаттайтын шағын кітапшалар таратып, концерттік бағдарламаларын ұсынды.

— Бүгінде қаламыз бойынша Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік медициналық университеті, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Д.Қалматаев атындағы медициналық колледж, Радиотехника және байланыс колледжі және Көлік колледжінің жанынан жасақталған еріктілер клубтары белсенді жұмыс істеп келеді. Акция барысында бірқатар шараларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Мәселен, онкологиялық сырқаттарға шалдыққан балаларға қаржылай көмек көрсетудің жолдарын қарастыратын боламыз. Қазіргі уақытта біздің ұйымда 60-қа тарта ерікті тіркелген. Өзге қоғамдық бірлестіктерде де еріктілер жасақтары бар. Шыны керек, өзге өңірлермен салыстырғанда біздің қаламызда еріктілердің белсенділігі баяу. Сондықтан да осы қолға алынған акцияның аясында біз еріктілер қатарына жастарды көптеп тартпақ ойымыз бар,- дейді «Исток» қоғамдық ұйымы директорының орынбасары Александра Шуленина.

Ал көпшілік алдында сөз алған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев акцияның басталуымен құттықтай келе, осы шара нәтижесінде көмекке мұқтаж жандардың біршама мәселелері оң шешімін табатынына сеніммен қарайтынын жеткізді.

— Бұл игілікті істің соңы жемісті жеңіс-терге толы болады деген ойдамыз. Қаламызда жан жылуына зәру азаматтардың  бар екені белгілі. Сіздердің осы амал-ниеттеріңіздің оларды қоғамға бейімдеуге септігін тигізетіні даусыз. Барлық еріктілерге атқарушы билік атынан алғысымды білдіремін. Жұмыстарыңызға табыстар тілеймін. Еліміздің өркендеуіне әрқашан да бірге атсалысайық,- деген лебізін жеткізді Айдар Серікқазыұлы.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

14 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

14 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

14 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

14 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС