"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ОРНЫ БӨЛЕК

05.04.2016
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Қазына» сауда — ойын-сауық кешенінде «Golden Nomad» қазақстандық брендтік киімдер өндірушісінің Семейдегі ресми бө-лімінің ашылуы болды. Отандық өнімдерге қолдау таныту мақсатында салтанатты түрде ашылған сауда бөліміне қаланың белгілі кәсіпкерлері, қала тұрғындары көптеп жиналды.

Кәсіпорын «Алтын адам» сауда маркісімен ерлерге арналған костюм түрлерін ұсынып келеді. Бұған қоса отандық өндіруші оқушыларға арналған мектеп формасын тігуді де жақсы жолға қойыпты. Ал келер айдан бастап тігін фабрикасы әйелдердің киімін  де шығаруды көздеп отыр екен.

— Өнімдерді жасауда жоғары сапалы маталар қолданылады. Фабрикаға Түркия елінен арнайы білікті маман шақырылды. Ол жақта жеңіл өнеркәсіптің жақсы дамығаны баршаға мәлім. Сондықтан да біздің олардан үйренеріміз әлі де көп. Бұл сауда жобасын қолға алудағы негізгі мақсат отандық өндірушіні қолдау әрі қазақстандықтар жұмсайтын қаржыны елде қалдыру болып табылады. Мәселен, мұнда Семейдегі «Семспецнаб» және «Юнис» ЖШС-нің тауарлары да қойылған. Сонымен қатар бір айдан кейін Қарағанды және Ақтау қалаларындағы аяқ киім фабрикаларының өнімдерін де саудаға шығаруды көздеп отырмыз. Қазір біздің сөрелерімізден Алматыда жасалған ерлерге арналған белдіктер, әмияндар және өзге де тауарларды көруге болады. Алдағы уақытта басқа да отандық кәсіпорындармен әріптестік орнату ойда бар. Баға саясатына келер болсақ, ерлер костюмі 20 мен 40 мың теңгенің арасын құрайды. Сауда орнының ашылуына байланысты алғашқы сатып алушыларға жергілікті өндірушінің көйлектері тегін сыйға тартылатын болады. Ал мектеп формасы көтерме бағамен 11-15 мың теңге көлемінде саудаланады. Семей қаласындағы мектептермен жұмыс істеу жоспарда бар. Осыған орай, қалалық әкімдікте білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп директорларымен кездесу өткізілді. Олар қазақстандық өнімді жоғары бағалап, бізбен келісімшартқа отыруға ниетті екендіктерін танытты. Енді тікелей оқушылардың ата-аналарымен жүздесеміз. Біздің тауар олардың көңілінен шығады деген сенімдеміз. Күзде Өскемен қаласында да филиалымыз ашылатын болады. Шалғай аудандарды да назардан тыс қалдырмауға тырысамыз,- дейді «Golden Nomad» ЖШС-нің ресми дистрибьюторы Әділ Ахметов.

Дүкеннің ашылу лентасы салтанатты түрде қиылғаннан кейін, алғашқы келушілер отандық брендтің сапасына баса мән беріп, шетелдік брендтерден еш кем еместігіне көз жеткізді. «Алтын адам» брендтік костюміне ие болған жандардың бірі — қала тұрғыны Ермек Аманжолұлы. Ол қазақстандық тауардың шетелдік әйгілі өнімдерден асып түспесе, кем түспейтінін айтады.

— Бұл — өте қуанышты жаңалық. Енді өзіміздің елімізде шығарылатын киімдерді киюге мүмкіндік туды. Сапасы жоғары әрі бағасы да қолжетімді. Өзіме костюм сатып алдым. Сауда нүктесінде Семейде шығарылатын көйлектер де бар екен. Туыстарым мен жақын достарыма да осы жерден киім алуға кеңес беретін боламын. Барлығымыз әрқашан да отандық өндірушілерді қолдауымыз қажет деп есептеймін. Ең бастысы, елімізде жасалатын тауарды ала отырып, мемлекетіміздің экономикасына үлес қосамыз,- деп атап өтті қала тұрғыны Ермек Аманжолұлы.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

14 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

14 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

14 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

14 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС