"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ

05.04.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Зайсан ауданында «Ертіс-ТЗ» ЖШС-нің трактор зауытында шығарылған ауыл шаруашылығы саласына арналған техникалардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Бүгінде көршілес Қытай Халық Республикасымен арадағы экономикалық және іскерлік байланыстар аясында жүзеге асырылып келе жатқан игілікті істердің нәтижесінде инвестиция  мәселесі де оңға басуда. Осы орайда Зайсан ауданы әкімі мен көршілес  Қытай Халық Республикасындағы Жеменей ауданы басшылары арасындағы екі жақты байланыс аясында ел игілігін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар жалғасын тапқан. Бұл жолғы жәрмеңке де соның айқын дәлелі. Көршілес мемлекеттің инвесторы Ван Чжань Мин Зайсан ауданында трактор және ауыл шаруашылығы құрылғыларын сататын қызмет көрсету орталығын ашу мақсатында «Ертіс трактор зауыты» ЖШС-ін құрып, алғашқы өнімдерін саудаға шығарды. Қос тараптың арасында жасалған меморандум бойынша  инвестор 2016-2018 жылдар аралығында 80,0 миллион теңгенің инвестициясын құймақ.

Жәрмеңкеге қатысушыларды аудан әкімі Алмас Аманқолұлы Оңдақанов, Қытай Халық Республикасы Жеменей ауданы партия комитетінің хатшысы Жан Го Хуа құттықтап, екі жақты келісімшарт бойынша алда тұрған мақсатты жұмыстар мен міндеттер туралы айтып берді. Бұл күні ауыл шаруашылығы техникаларының жәрмеңкесіне көршілес Тарбағатай, Көкпекті аудандарының ауыл шаруашылығы саласының мамандары да арнайы келіп, өздеріне қажетті көлік түрлерін сатып алып, тапсырыстар да берді.

— Біз Тарбағатай ауданынан арнайы келіп, жәрмеңкені аралап шықтық. «Жетіарал даму» шаруа қожалығы картоп егетін жабдық сатып алды. Жаңа құрылғылардың бағасы 300 мың теңгеге түсті. Сонымен қатар ауданымыздағы Ақсуат Мәдениет үйінің директоры киіз үйлерді көріп, сатып алуды жоспарлауда,- деді бізге жолыққан Тарбағатай ауданы  кәсіпкерлік және  ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы     Мерей Қайырбеков.

Сондай-ақ Көкпекті ауданы кәсіпкерлік және  ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Т.Кисин мен Зайсан ауданы орман шаруашылығы мекемесінің директоры Т.Айтымбетов те жәрмеңке туралы жағымды пікір білдірді. Аталмыш жәрмеңке барысында, картоп егетін техникалармен бірге, «200 Р» маркалы шағын тракторлар, мотоцикл, шөп шабуға және жинауға арнал- ған қосалқы бөлшектер саудаланды. Аталмыш жәрмеңкенің тек     Зайсан ауданы үшін ғана емес, облысымыздағы өзге де ауыл шаруашылығы саласы мамандары үшін де берері мол екені анық.

А. ДӘУЛЕТ, Зайсан ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

14 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

14 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

14 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

14 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС