"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ТЕНДЕРГЕ ТҮСКЕН КЕЛІНШЕК»

15.04.2016
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәуір айының 10 күні Шығыс Қазақстан облыстық жастар театры белгілі жазушы Медеу Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» драмасын өскемендік көрермендер назарына  ұсынды.  Драманың авторы — биыл 80 жасын атап өткен белгілі жазушы  Медеу Сәрсеке. Аталған қойылымды тамашалауға қарт қаламгер Өскеменге өзі келіп, облыс орталығындағы жаңа театрдың сахнасына көтерілгенде, зал толы көрермен қошеметпен қарсы алды. Жас та болса қазақ өнерінің жанашыры  екендігін  ісімен байқатып жүрген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар облыс әкімі атынан жазушыға шапан жауып, ат мінгізді.

Облыстық жастар театрының актерлері мен театр ұжымына жазушы өз тарапынан алғысын білдіре тұрып:

— Осыдан бірнеше жыл бұрын Семейдегі үйімнің ауласында демалып отырғанымда, қоқыс жәшігінің маңын торуылдаған бір адаммен сөйлесіп қалдым. Қоғам  БОМЖ деп, жалпы, адам қатарынан әлдеқайда шығарып тастаған олардың тағдырын көпшілік біле бермейді ғой. Қойылымдағы  кейіпкеріміз  Сергей де бір кездері   керемет ғимараттардың жобасын жасаған беделді сәулетші болыпты.  Ал бас  кейіпкер Таубай – өмірін ғылымға арнаған таза адам. Өкінішті жері — тағдыр Сергей екеуін еңселі ғимаратта, салтанаты жарасқан дастарқан басында емес, қоқыс жәшігінің түбінде ұшыратып отыр. Сол  қоқыс маңындағы адамнан естіген  әңгіме негізінде заманның ащы шындығы жазылып отыр. Жалпы, кейіпкерлерім — Таубай да, Сағила да, Сергей де жақсы адамдар,- деп шығарманың жазылу тарихынан көрермендерді қысқаша хабардар етті.

Белгілі қаламгер таяуда ғана жарық көрген өзінің «Семей қасіреті» және «Сәтбаев» кітаптарын драманы сахналаған ұжым мүшелерінің әрқайсысына  сыйға тартты.

Оқиға Таубай мен Сағила атты  қарапайым жанұя, таза еңбекпен күнелткен ерлі — зайыптылардың жалғыз ұлының несиеге әперген көлікпен кісі қағып істі болуынан басталады. Жарасымды отбасы  аяқ астынан тағдырдың  тәлкегіне тап болады… Айрандай ұйып отырған әулеттің  анасы Сағила осы қиын сәтте басын тауға да, тасқа да соғып, айналадан жанашыр іздеп,  қол ұшын берер жан таппай, тұйыққа тіреліп қиналады. Таразының бір жағында сүйіп қосылған жарына адал әйелдің  ары, ал  екінші жағында істі болған жалғыз ұлды құтқару үшін ештеңеден тайынбайтын ананың  сезімі.

Сахна шымылдығы түрілгенде,  бетперде киген әйел және ер адам кейпіндегі азғырушы қос шайтан  бастапқыда тұтас тұрған жатын бөлмедегі  аппақ  жар төсегін бірнеше бөлшектеп ғайып болады. Көп кешікпей  бөлме бұрышындағы жаңағы бөлшектелген  төсектің кіш- кене бөлігінен екі бүктеліп бүрісіп жатқан   әйел, қойы- лымның бас кейіпкері Сағила көтеріледі. Одан әрі көрермен шым-шытырман оқиғаның куәгері болады.   Жалғыз ұлды өсіріп, үйлендіріп, немере сүйіп, өмірдің әр ата-ана  армандайтын базарлы  шағында шырғалаңға ұшыраған адамдар тағдыры… Баласын құтқарып қалу үшін тиісті орындарға 100 мың АҚШ доллары көлемінде  пара берулері керек, олай болмағанда  жалғыз ұлды темір тордың ар жағынан алып  шыға алмайды. Жалақымен күнелтіп отырған қарапайым жандарда ондай ақша қайдан болсын?

Драмада байлық пен кедейлік жарысқа түседі.  Басқа түскен бақытсыздық бір-бірін сүйіп қосылған ерлі – зайыптылардың арасына сына  қағып, адал жарды ақшалының алдында бас идірген оқиға — өмірдің өзінен алынған шындық.

Драмадағы Таубайдың немере інісі,  адвокат Жорабек образы арқылы  көрермен қауым басқа іс түскенде   пенделіктің, пейілдің ластануының тағы бір көрінісіне куә болады. Бір кездері, қиналған сәтте жетім бала Жорабекке оқу оқып, білім алуына қол ұшын берген аға-жеңгесі Таубай  мен Сағиланың қасіретін қара бастың қажетіне пайдаланып, Сағилаға жас кезінен қолы жете алмай жүрген Мырзабектің алдына барып бас июіне дәнекер болады. Сонымен, жалғыз ұл  темір тордың ар жағынан аман шығады. Сағила 100 мың АҚШ долларына сатылып, Мырзабектің әйеліне  айналады. Ал Таубай қоқыс аралап күн көретін БОМЖ-дардың қатарын толықтырып, қаңғып кетеді.

Соңғы көріністе баяғы бөлшектелген жар төсегінің бір бөлігі қоқыс төгетін жәшікке айналады да, оның жанынан Таубай мен Сергей көрінеді. Екеуінің де сырт келбеттері тозған адам болып көрінгенімен, өзара әңгімелерінен рухани тозу байқалмайды. Отыз жыл отасқан жұбайының бүгінгі тірлігі жанына батып, жағдайын сұрап, тамақ алып келген Сағила Мырзабекті бір бөлмелі пәтер алып беруге көндіргендігін айтып жалынады. Таубайдың: «Мен ол пәтерге барайын, бар күнәңді де кешірейін, маған қайтып келесің бе?»,- деп  таусылғанына қарамастан, Сағила көнбейді. Өмір бойы таза еңбекпен күнелтіп, түзу жүріп-тұруға дағдыланған Таубай, қоқыс жағалап жүрсе де, немересін сағынып: «Еркетайды көрдің бе?» — дегенде, біресе мұңданып, біресе бал-бұл жанған жүзі залда отырған талай көрермен көзіне жас әкелді. Жалғыз деп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай  өсірген шолжаң ұл Талғат басына қара бұлт үйірілгенде бақытын өзінің бостандығы жолында құрбан қылған әкені керек қылмайды… Қайырымсыз перзент… Рухани құндылықтың арзан-дап кетуі, ар-ұжданның ақшалының ойыншығына айналуы, жемқорлық сияқты қоғамда  кездесіп қалатын  дерт  қаз-қалпында көрсетілген драма негізінде  айтып-жеткізгісіз трагедия жатыр! Оқиға әртүрлі ойларға жетелейді. Сағила, мүмкін, жақсы өмірді, барлық пен байлықты қимай қалған шығар? Әлде күйеуімен арадағы баяғы  жан жылуын қайта қалпына келтіргісі  келгенімен, енді  бәрі кеш деп ойлады  ма екен? Кімнің ақ, кімнің қара екендігін таразылауды драматург  көрерменнің өз еншісіне қалдырған сияқты.

Сөйтіп, 100 мың доллар бірін-бірі шексіз сүйетін, сыйлайтын ерлі-зайыптылардың заңды некесін бұзады. Спектакльдің көрерменге айтары мол, мағынасы терең. Тағдырдың басқа салғанына жалғыз ұл үшін ана, ұрпағы үшін әке  еріксіз көнеді. Бәрінен қатты сорлаған – басындағы бақытынан айырылып, ар-намысты таптатқаны үшін елдің бетіне қарай алмай, ел кезіп кеткен Таубай бейнесін Шығыс Қазақстан облыстық жастар театрының актері Айдос Нұрмағанбетов сомдаса, басы саудаға түскен ана Сағила рөлінде – Бегімнұр Қалила, ара-ағайын, адвокат Жорабекті Ержан Амантаев сахналады. Әр кейіпкердің тағдырын, жай-күйін көрерменнің жүрегіне жеткізудегі жас актерлердің талпыныстары құптарлық. Қоюшы — режиссер Айдын Салбановтың қойылымды  дайындаудағы жаңашылдығын ерек- ше атап өту қажет деп ойлаймын. Дегенмен, қойылымдағы Сағила  да, Таубай да келін түсіріп, немере сүйіп отырған жастағы ересек адамдар. Кейіпкерлер бейнесін сомдау, олардың ішкі сезімі мен көңіл-күйлерін жеткізу кезінде  актерлердің жастығы байқалып қалғандай болды. Әр кейіпкерді жасы шамалас өнерпаз сомдаса, шынайылығы арта түсер ме еді деген де ой болғандығын жасырмаймын.

Қойылымды тамашалаушылар бүгінгі заманда жиі кездесетін, өмірдің  жасанды емес, жанды, табиғи  шындығының, кейіпкерлердің  бастан кешкен  тауқыметі арқылы ар мен ақшаның таласқа түскен оқиғасының куәсі болды. Осыған дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, Талдықорғандағы  Алматы облыстық қазақ драма театрында, Семейдегі Абай атындағы сазды — драма театрында көп жылдар бойы сахналанған драма сөйтіп Қазақстанның шығысында да көрермен көзайымына айналды.

Риза Асанқызы,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 500-ге жуық оқушыны қамтитын кәсіптік бағдар лагерьлері ашылды

11.06.2025
Абай облысында 500-ге жуық оқушыны қамтитын кәсіптік бағдар лагерьлері ашылды

Semeytany.kz – Абай облысында жаз мезгілінде оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт беретін кәсіптік бағдар беру лагерьлері өз жұмысын бастады. Аталған...

Толығырақ...Details

Семейлік чемпиондарға құрмет: Азияда топ жарған боксшылар марапатталды

11.06.2025
Семейлік чемпиондарға құрмет: Азияда топ жарған боксшылар марапатталды

Semeytany.kz – Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Шри-Ланкада өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздарын және олардың бапкерлерін қабылдап, халықаралық...

Толығырақ...Details

Семейдің сол жағалауында жаңа өрт сөндіру депосы бой көтеруде

11.06.2025
Семейдің сол жағалауында жаңа өрт сөндіру депосы бой көтеруде

Semeytany.kz - Қалада төтенше жағдайларға жедел әрекет ететін жаңа нысан салынып жатыр. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов пен облыстық...

Толығырақ...Details

Абай ауданында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынып жатыр

11.06.2025
Абай ауданында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынып жатыр

Semeytany.kz – Абай ауданында ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл...

Толығырақ...Details

Абай гарнизонында әскери міндеттілерге арналған оқу жиыны басталды

11.06.2025
Абай гарнизонында әскери міндеттілерге арналған оқу жиыны басталды

Semeytany.kz – Абай гарнизонының 44293 әскери бөлімінде 9 маусым мен 8 шілде аралығында тыл мамандықтары бойынша әскери міндеттілердің оқу жиыны...

Толығырақ...Details

Абай облысында мопед жүргізушілеріне қатысты 150-ден аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

11.06.2025
Абай облысында мопед жүргізушілеріне қатысты 150-ден аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Semeytany.kz – Абай облысында мопедтерді көлік құралдары ретінде тіркеу міндетті болғаннан бері 156 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо БАҚ өкілдері алдында сөз сөйледі

2 дня бұрын

Абай облысында 500-ге жуық оқушыны қамтитын кәсіптік бағдар лагерьлері ашылды

2 дня бұрын

Семейлік чемпиондарға құрмет: Азияда топ жарған боксшылар марапатталды

2 дня бұрын

Семейдің сол жағалауында жаңа өрт сөндіру депосы бой көтеруде

2 дня бұрын

Абай ауданында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Абай гарнизонында әскери міндеттілерге арналған оқу жиыны басталды

2 дня бұрын

Абай облысында мопед жүргізушілеріне қатысты 150-ден аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

2 дня бұрын

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды

2 дня бұрын

Абай облысында мал сою инфрақұрылымын дамыту жоспарлануда

2 дня бұрын

Абай облысында шекарадан заңсыз өткізуге талпыныстар жиілеген – мамыр айындағы есеп

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС