"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

22.07.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімдігінде Қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, оған шаһар басшысы Ермак Сәлімов қатысты. Кеңестің кезекті отырысында бірнеше мәселе қаралды.

Отырыста қаралған алғашқы сұрақ бойынша қала әкімі Ермак Бидахметұлы баяндама жасады. Үш жылдан аса уақыт жер учаскесі тиісті мақсатта пайдаланылмаса, оны заң негізінде қайтарып алуға қатысты жергілікті биліктің қолданып жатқан шаралары жайлы қала әкімі жан – жақты ақпарат беріп өтті.

— Шешім шығарылған күннен бастап 3 жыл уақытта жер учаскесі тиісті мақсатта пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесі Заңда көрсетілген тәртіппен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлі түрде алынады. Мұндай жерлерді жер қатынастары бөлімі мен жер инспекциясы бөлімі анықтайды және сот арқылы меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып алуға құқылы,- деген қала әкімі барлық іс-әрекеттің заңнама негізінде жүзеге асырылатынын атап өтті.

Жыл басынан бері жер инспекциясына әкімдіктің жер қатынастары бөлімінен 16 жер учаскесінің тізімі жіберілген. Қазіргі таңда ол учаскелердің иелері істен хабардар. Бір жыл уақыт аралығында жерді мемлекет қорына қайтарып алу процесі жүреді. Сонымен бірге 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында иесіз, қараусыз қалған 149 бақша мен саяжайлар заң негізінде мемлекет қорына қайтарылған.

Сондай-ақ, меншік иесі болғанымен,  ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған бұрынғы Зоовет институтының ғимараты, спорт кешені, армия штабы сынды бірқатар ғимараттар жайлы да қала әкімі арнайы тоқталып өтті.

— Өкінішке орай, ертеректе жекеменшік құрылыс жүргізу алаңы ретінде таныстырылған, бірақ содан бері ұзақ уақыт пайдаланылмай тұрған жерлер қаламызда кездеседі. Иелері сатып алу, сату арқылы меншік иесіне айналған. Заңға сәйкес, ол жерлерді мемлекет меншігіне қайтара алмаймыз,- деген қала әкімі жер иелеріне сот арқылы ескертулер жасалып, меншік аумақтарды тиімді пайдалану мәселесі көтерілгендігін тілге тиек етті.

Жалпы, үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығы бойынша 20 мыңға жуық тұрғын тегін жер алу кезегінде тұр. Қала басшысы өз сөзінде Түйемойнақ аралына да тоқталып өтті. Демалыс орнында түлі жазғы кафелер, сауда-сауықтық орындар жүйесіз көбейіп кеткен. Қазіргі таңда бұл мәселе қаралып жатыр, көп ұзамай реттеледі.

Екінші сауал — қоғамдық жолаушылар көлігінің жұмысын жақсарту бағытындағы ТҮКШ бойынша құрылған комиссияның жұмысы талқыланды. Тақырып бойынша Николай Исаев сөз алды.

— Комиссия автовокзалды қала меншігіне қайтарды. 2016 жылдың алғашқы 5 айында 4 млн. теңге қазынаға құйылса, қала меншігіне өткеннен кейінгі 1 айда 8 млн. теңге кіріс кіргізді. Бұл — табысы мол кәсіпорын. Болашақта вокзалдың базасын кеңейтіп, автотранспорттық кәсіпорын құруды жоспарлаудамыз. Әлеуметтік маршуттар ашу жағын да болашақта талқылайтын боламыз,-  деді Н.Исаев. Тақырыпқа қатысты Семей қаласының жолаушы тасымалын бақылау орталығының директоры Бейсенғазы Тастекеев қазіргі таңда маршруттар уақытынан кешігіп, кестесін бұзып жүретіндігін айтты. Ондай олқылықтарға жол бермес үшін барлық қоғамдық көліктерге GPS бақылау қондырғысын орнату уақыт талабы екендігін түсіндірді. Бұл мәселе де қаржыға байланысты болашақта реттелмек.

Күн тәртібіндегі үшінші сауал ретінде жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында қаржы қорын құру жайы қаралды. Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап құрылған құқық қорғаушылардың жұмысы турасында Семей қаласы жергілікті полиция басшысы Радик Сайфутдинов баяндады. Ол, жергілікті полиция өз жұмысын бастағалы,  40936 азамат әкімшілік жазаға тартылып, 226 млн. теңге айыппұл өндірілгендігін атап өтті. Қаржы қоры құрылса, қызметкерлерді компьютер құрылғыларымен жабдықтап, тірек пункттерін жаңалауға мүмкіндік туатындығын жеткізді.

 

Әйгерім ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

10 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

10 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

10 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

10 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

11 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

11 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС