"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИННОВАЦИЯ ИГІЛІГІН ОҚУШЫЛАР КӨРУДЕ

30.09.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Соңғы жылдары елімізде «Робототехника» арнайы курсы оқу жоспары бойынша жүзеге асырылуда. Білім бөлімі мамандарының айтуынша, робототехника ақпарат құралдарын  қолдана отырып, пәнаралық зерттеулер жасауға, оны жүзеге асыруға, робот жобасын және оның іс-қимылының бағдарламасын әзірлеуге машықтандырады. Қаламызда курсты жүргізетін мектептерден 24 ұстаз біліктіліктерін арттырған. Ал апта басында №6 гимназияда «Робототехника» курсына қажетті арнайы робот жасау құрылғылары оқушылардың игілігіне табыс етілді.

Ғылыми саладағы жаңашылдық іспетті осы курс қаламыздағы №6 гимназияда үш жылдан бері жүргізілуде. Енді шәкірттер тек теориялық сабақ алып қана қоймай, білімдерін тәжірибемен ұштастырып, ұтқыр ойдың жемісін жүзеге асыруға мүмкіндік алып отыр.  Яғни білім ошағына Алматы энергетика және байланыс университетінің басшылығы  робот құрастырушы «Arduino UNO KIT 3D» принтерін салтанатты түрде сыйға тартты. Аталмыш университеттің алғашқы ректоры Ғұмарбек Дәукеев  №6 гимназияның шәкірті болған. Бұл жағдай өзге емес, дәл осы білім ошағына сый-сияпат жасалуына себепкер болды. Салтанатты рәсімге  Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ержан Сырғалиев, Ғұмарбек Дәукеевтің інісі — «Алматы энергетика және байланыс университеті» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Ұлттық ғылым академиясының академигі  Серікбек Даукеев, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, білім бөлімінің мамандары және №6 гимназияның ұстаздары мен оқушылары қатысты.

— Біздің университетіміздің алғашқы ректоры білім алған шаңырақ қашанда құрметті. Сол себепті де университетіміздің ғылыми кеңесінің шешімімен оқушылар игілігіне Arduino құрылғысы мен 3 D принтерін сыйға тартпақпыз. Өздеріңіз білетіндей, Білім және ғылым министрлігінің шешімімен мектепте білім беру бағдарламалары жаңартылып, инженерлік бағытта оқыту енгізілді. Басты мақсатымыз робототехника саласында білім алушыларға қолдау тыныту, білімін жетілдіруге және сол арқылы шәкірттердің еліміздің дамуына, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосуларына жағдай жасау,- деп атап өтті Ержан Сырғалиев.

«Робототехника» курсы соңғы 3-5 жылда білім саласына  енгізілді. Шамамен 5-6 миллион бала жүйелі түрде, жоспарға сәйкес, робот құрастырумен айналысып жатыр. Яғни, қаламыздың мектептері де бұл жаңашылдықтан қалыс қалмауы керек. Бұл ретте мемлекеттік, жекеменшік кәсіпорындар, ұжымдар, ұйымдар мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда қолдау танытып отыр.

Шара соңында мектеп ұжымы риясыз ризашылықтарын білдіріп,алғыстарын айтты. Ал оқушылар құрылғылармен жұмысты бастап та кетті.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 час бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС