"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қысқы маусым: Абай облысында жолдардың дайындығы талқыланды

17.11.2025
Қысқы маусым: Абай облысында жолдардың дайындығы талқыланды
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп-ұстау және 2025–2026 жылғы жылыту маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Отырысқа облыстық басқарма басшылары мен өңірлік департамент жетекшілері қатысып, аудан және қала әкімдері онлайн режимде қосылды.

Күн тәртібіндегі негізгі баяндамаларды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мерей Байырхан, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының басшысы Айбек Әнуарбеков және Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкель жасады. Аудан-қала әкімдері де өз аумақтарындағы жолдардың қысқа дайындығы туралы есеп берді.

Облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардың қызмет көрсетілетін жалпы ұзындығы 2176 шақырымды құрайды. Қысқы мерзімде бұл жолдарды күтіп-ұстауға 143 арнайы техника жұмылдырылмақ. Желтоқсан айында «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автожолының 309 шақырымы пайдалануға беріліп, қызмет көрсетілетін учаске көлемі 2002 шақырымға дейін артады.

Қар толассыз жауып, боран жиі соғатын учаскелер де алдын ала анықталған. Облыс бойынша қар басу қаупі жоғары 51,3 шақырым бөлік белгіленіп, бұл бағыттарда тәулік бойы патрульдік кезекшілік ұйымдастырылатын болады. Қысқа дайындық аясында 3100 метр қар тоқтату қалқандары орнатылып, 303 уақытша жол белгісі қойылған.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 1593 шақырым, олар 22 учаскеден тұрады. Бұл бағыттар бойынша да қысқы маусымға қажетті құм-тұз қоспалары мен басқа да материалдар қамдалып, 98 техника дайындалған. Төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет ету үшін жоғары өтімділігі бар арнайы машиналар, 7 жылыту пункті және қосымша 91 жылыту орны қарастырылған.

Республикалық жолдарды күтіп-ұстау сапасын арттыру мақсатында көктайғаққа қарсы материалдарды сақтауға арналған 7 жаңа ангар-база салынды. Олар Семей және Аягөз қалаларында, сондай-ақ Аршалы, Қалбатау, Үржар, Қызылкесік және Бесқарағай елді мекендерінде орналасқан.

Жиын қорытындысында аймақ басшысы жауапты орынбасары Серік Төленбергеновке, сондай-ақ аудан және қала әкімдеріне облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды қысқы күтіп-ұстау үшін техниканың жеткіліктілігін жан-жақты талдауды тапсырды. Қар басу қаупі жоғары учаскелерге қосымша техника бекітіп, тәулік бойы патрульдік қызметті күшейту қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар, жылыту және тамақтандыру пункттерінің дайындығына ерекше назар аудару керектігі айтылды. Тиісті басқармаларға қыс мезгілінде жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да қызметтердің жұмысын қиындатуы мүмкін факторлардың алдын алып, оларды дер кезінде жоюды қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.

Берік Уәли ұсынылған баяндамалар өңірде қысқы дайындықтың жүйелі жүргізіліп жатқанын көрсететінін атап өтті. Дегенмен техникамен қамтамасыз ету, қауіпті учаскелердегі қауіпсіздікті күшейту, жылыту және тамақтандыру пункттерін қаржыландыру мәселелеріне тұрақты мониторинг қажет екенін айтып, барлық құрылымдардың үйлесімді жұмысы ғана қыс мезгіліндегі қауіпсіздіктің кепілі болатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС