"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚЫС МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК НАЗАРДА

22.11.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қыс маусымы басталысымен, шаһарда жылыту пештерін дұрыс пайдаланбау салдарынан оқыс оқиғалар жиілеп кететіні жасырын емес. Әсіресе мұндай қайғылы оқиғалар жеке сектордағы жер үйлерде орын алады. Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Семейде иіс тиіп улану бойынша 46 факті тіркеліп, одан 120 адам зардап шегіпті. Оның ішінде 50-ге жуығы балалар болған. Бұл туралы өткен жұма, 18 қараша күні өткен қыстағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған брифингте қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының (ТЖБ) өкілдері мәлім етті.

Баспасөз жиынына Семей қаласы ТЖБ басшысының орынбасары Бақытбек Байбуров, азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Марат Дәулетин, мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінің басшысы Ернар Жалелов, қалалық ішкі саясат және білім бөлімінің мамандары, сондай-ақ төтенше жағдайлар басқармасына қарасты өзге де құрылымдардың өкілдері қатысты. Анықталғандай,  өткен жылы ыстан уланғандардың саны 112 адамды құрап, оның нәтижесінде 5 азамат ажал құшқан екен. Ал ағымдағы қазан айындағы жағдайға сәйкес, осы дерекке қатысты 13 іс орын алып, салдарынан 24 адам жапа шеккен. Сонымен қоса үш тұрғын иіс тиіп қайтыс болған. Мұндай олқылықтардың алдын алып, төмендету мақсатында қалалық төтенше жағдайлар басқармасы «Улы газдан сақ болыңыз!» атты акцияны жүзеге асырған-ды. Шара аясында 11 қараша күні басқарма қызметкерлері қаладағы көпбалалы жанұяларға ауадағы улы газды анықтайтын арнайы құрылғыларды табыстап, оларды орнатып беріпті.

— Бұл құрылғыларды басқарманың бюджеттік қаражаты есебінен бізге облыстық ТЖБ-ның департаменті берді. Аталмыш аппарат тоқ көзін қажет етпейді. Қарапайым қуат батареясымен жұмыс істейді. Арнайы экранынан ауадағы улы газдың көлемін анықтауға болады. Сезгіштік деңгейі өте жоғары. Сонымен қатар дыбыстық дабылға ие. Пештен иіс шыққан жағдайда, ол бірден дабыл қағады. Негізінен, түтіннен улану дерегі көп жағдайда жылыту пештердегі ақаудан, сондай-ақ түтіндікті дер кезінде тазартпағандықтан орын алады. Улы газ құрамында көміртегі бар түрлі жағармай материалдарын тұтату кезінде пайда болады. Ерекшелігі сол — оның түсі де, иісі де жоқ. Адам оны сезбей жүре беруі де ықтимал. Осыдан барып жүрек айну, бас ауруы сынды белгілер пайда бола бастайды. Ал мұның соңы өлімге апаруы мүмкін. Осы ретте мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімі мұндай қайғылы істерді болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын жүргізіп келе жатқанын атап өту керек. Оның барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, ақпарат парақшалары таратылады. Десек те оған құлақ асар тұрғындар жоқ. Бұл орайда шаһар халқына өздерінің және жақындарының өмірлеріне бейжай қарамай, қыс маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін мейлінше қатаң ұстануға шақырамыз,- деген мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінің басшысы Ернар Ермекұлы бүгінде нарықта улы газды анықтайтын құрылғылардың құны 5 мың теңгеден басталатынын атап өтті.

Сонымен қатар брифингте қыс кезінде орта білім беру мекемелеріндегі сабақтардың қандай жағдайда тоқтатылатындығы жөнінде айтылды. Бұл ақпаратқа кеңірек тоқталған қалалық білім бөлімі мектепке дейінгі және орта білім беру секторының меңгерушісі Біржан Булабаев:

— Үстіміздегі жылдың 18 қаңтарында ҚР Білім және ғылым министрлігі  №42 бұйрығын бекіткен болатын. Ол құжатта орта білім беру мекемелері мен техникалық және кәсіптік білім беруді іске асыратын ұйымдарда қолайсыз ауа райы кезінде сабақтарды тоқтату туралы қағидалар қарастырылған. Осыған байланысты  9 қарашада облыстық білім беру басқармасы №452 бұйрықты бекіткен еді. Соның негізінде желдің жылдамдығы секундына 2 метрден аспаған жағдайда, ауа термометрі минус 28 және одан төмен болса, 1-4 сыныптарда сабақ тоқтатылады. Минус 32 градус және бұдан төмен болған сәтте,  1-9 сыныптарда және сынап бағанасы минус 34 градусты құраса, сондай-ақ одан төмен көрсеткіштер тіркелген кезде, 1-11 сыныптармен қатар, кәсіптік лицейлер, колледждердің I-II курстарында сабақтар өткізілмейді. Ал желдің жылдамдығы 2 метрден жоғары болған кезде, ауа температурасы минус 23 және одан төмен градусты құраса, 1-4 сыныптарда оқу барысы тоқтатылады. Ал минус 27 және одан төмен сынап бағанасы тіркелген жағдайда,  1-9 сыныптарда және минус 29 градус және одан да төмен көрсеткіштерде, 1-11 сыныптармен қатар,  кәсіптік лицейлер, колледждердің I-II курстарында сабақтар уақытша тоқтатылады. Бұл бұйрықпен барлық мекемелер танысқан. Білім беру ұйымдары қолайсыз ауа райында  ата-аналармен кері байланыс орнату тәсілдерімен жақсы таныс. Семей қаласының білім бөліміне 65 мекеме қарайтынын атап өту керек. Кейбір білім ошақтары шалғайда. Мысалы, Быхин атындағы орта мектеп бізден 300 шақырым қашықтықта жатыр, — деп атап өткен жетекші маман, №42 бұйрыққа сәйкес, білім беру мекемелерінің басшылығы әр өңірдің ауа райы ерекшелігіне байланысты оқу үрдісін қолайсыз метеожағдайда тоқтатуға пәрменді екендігін жеткізді.

Бұған қоса білім бөлімінің өкілі, шаһардағы мектептердің басым бөлігі ғаламтор желісіне қосылғандықтан, қолайсыз күн райында оқушылар қашықтықтан да сабақтарын жүргізе беретінін тілге тиек етті.

Бұдан бөлек баспасөз басқосуында проблемалы сұрақтар да көтерілді. Атап айтқанда, құтқарушылар жергілікті маңызды жолдарды күтіп ұстауға міндетті мекеме жұмыстарына көңілдері толмайтындарын жеткізді. Оған себеп те жоқ емес екенін атап өтті Семей қаласы ТЖБ басшысының орынбасары Бақытбек Байбуров.

— Жол учаскесі тазаланбағандықтан, 13 жолаушы қалың қардың құрсауында қалды. Оның ішінде ауыр науқас та болған. Бұрқасынға қарамастан, төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жоғары өтімді техниканың көмегімен ол азаматтарды құтқарып, науқасты жедел жәрдем станциясына жеткізді. Егер де жол учаскелері талапқа сай болса, мұндай олқылықтар орын алмас еді. Жол бойында жылыту пункттері мүлдем жоқтың қасы,- деген қалалық ТЖБ басшысының орынбасары өндірістік жол учаскелері мекемелері өкілдеріне, мердігерлерге бұл мәселені шешуде ерекше зейін танытуға шақырды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

03.11.2025
Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы хабарлайды: 2025 жылғы 1 қарашадан бастап Семей қаласындағы №2 халыққа қызмет...

Толығырақ...Details

«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

03.11.2025
«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен қозғалған сот ісі аяқталуға жақын. Іс қысқартылған...

Толығырақ...Details

Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді

03.11.2025
Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді

Semeytany.kz - Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Абай облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге бірнеше білім...

Толығырақ...Details

Жұмысшы мамандықтарының беделі: Абай облысында жоспар межесі нақтыланды

03.11.2025
Жұмысшы мамандықтарының беделі: Абай облысында жоспар межесі нақтыланды

Semeytany.kz — Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Жұмысшы мамандықтар жылы» бойынша жоспардың орындалуы, мемлекеттік жастар саясаты...

Толығырақ...Details

Жастарды қолдау мен бұқаралық спорт: Абай облысында нақты шаралар белгіленді

03.11.2025
Жастарды қолдау мен бұқаралық спорт: Абай облысында нақты шаралар белгіленді

Semeytany.kz — Абай облысында өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте жастар саясатын іске асыру және бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыс талқыланды. Жиынға...

Толығырақ...Details

«Табыстың жаңа формуласы»: Абайда 300-ден астам кәсіпкер жиналды

01.11.2025
«Табыстың жаңа формуласы»: Абайда 300-ден астам кәсіпкер жиналды

Абай облысында «Respublica» партиясының облыстық филиалы және “Re.Women” әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

15 часов бұрын

«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

19 часов бұрын

Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді

19 часов бұрын

Жұмысшы мамандықтарының беделі: Абай облысында жоспар межесі нақтыланды

19 часов бұрын

Жастарды қолдау мен бұқаралық спорт: Абай облысында нақты шаралар белгіленді

20 часов бұрын

Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды

2 дня бұрын

«Табыстың жаңа формуласы»: Абайда 300-ден астам кәсіпкер жиналды

3 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

4 дня бұрын

Абай облысында жылыту маусымында өрт оқиғалары 44%-ға артты

4 дня бұрын

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін қандай жаза қауіпі бар?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС