"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ ЗОР

03.04.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысында 59 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан болса, олардың 4800-і — мүмкіндігі шектеулі балалар. Мемлекет басшысы өз Жолдауларында мұқтаж азаматтарды, бәрінен бұрын, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелеріне аса үлкен көңіл бөледі. Соған орай елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және оларға қолжетімді инфрақұрылым, яғни «кедергісіз орта» құру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. 2014 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен аймақтық «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Ол туралы 31 наурыз күні облыстық Абай кітапханасында өткен шарада айтылды.

Шараға Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мүгедектермен, ардагерлермен және әлеуметтік мекемелермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясының ШҚО және Семей қалалық филиалының өкілдері, қала басшылығы, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдарың мүшелері, «Даму» қорының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, нашар көретін, нашар еститін балаларға арналған интернат тәрбиеленушілерінің ата-аналары мен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

— Облыс бойынша мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қазір үшінші, яғни соңғы кезеңі жүзеге асырылуда. Облыс бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр деп айта аламыз. 2016 жылы 503 әлеуметтік маңызы бар нысанға паспорт беру мақсаты болса, олардың барлығына паспорт беріліп, 300-і адаптациядан өткен. 2017 жылы да бес жүзден астам нысанға паспорт берілсе, 306 нысан адаптациядан өтеді деп жоспарлануда,- дейді Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мүгедектермен, ардагерлермен және әлеуметтік мекемелермен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Әлия Бариева.

Әлеуметтік маңызы бар нысандар алдымен паспортталады. Яғни, пандус және өзге де мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті тетіктердің жобасы әзірленеді. Осы паспортты алған соң нысан адаптациядан өтеді. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерін өзгелермен теңдей сезінулеріне жол ашатындығы ақиқат. Сонымен қатар облыс бойынша 7 «инватакси» де мүгедектердің өмір сүру сапасын арттыру үшін қызмет етуде. Олардың 4-еуі Өскемен қаласында болса, үшеуі Семей шаһарында. Сондай-ақ Аягөз және Риддер қалалары да «инватаксиге» қол жеткізген. 2018 жылдың соңына дейін ондай көліктің саны облыс бойынша 18-ге жетеді деп жоспарлануда. Бір жылда бірінші топтағы 8 мың мүгедек «инватакси» қызметіне жүгінетіндігін ескерсек, көліктің саны артса, қызмет көрсету сапасы да көтерілетіндігі сөзсіз.

Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа  Жолдауында елімізде мүгедектердің, сал ауруына шалдыққан адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға, жағдай жасауға жол ашуды тапсырған.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсету айлығы аясында, Мүгедектердің құқығын қорғау халықаралдық күніне орай, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру мақсатында өткен шарада Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға қатысты  қолға алынған істер атап көрсетілді.

— Мемлекет басшысы елімізді мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз аймаққа айналдыру керектігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл бағытта жұмыс атқарып жатырмыз. Қаламызда 13 мыңнан астам адам мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады. 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 1206 бала бар. Мүмкіндігі шектеулі жандардың ішінде үш мыңға жуығы — ядролық сынаққа байланысты ауруға шалдыққан жандар,- деген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Азамат Құрманғалиев қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта жасау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті.

Қаладағы 2130 әлеуметтік маңызы бар нысан бейімдеуден өтетін нысандар тізіміне алынған. 460-тан астам нысанға бейімдеуден өткен орта ретінде паспорт беріліпті. Алдағы уақытта 300-ден астам нысанды бейімдеуден өткізу жоспарлануда. Сонымен қоса нашар еститін, нашар көретін мүгедектер үшін қалада бірнеше дыбысты бағдаршамдар орнатылған. Арнайы үйірмелер де олардың бос уақытын тиімді өткізуге жол ашып отыр. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында күміс зергері атанып көпшілікке танылған Абылайхан Асылбай, балалар ертегісін тәржімалаумен айналысатын Нұркен Бектасов, вокал бойынша бірқатар байқаулардың лауреаты атанып жүрген Марат Әлиасқаров, шахматшы Болат Кабжанов және басқа да белсенді жандар бар.

Жиын барысында білім бөлімінің әдіскері Айтжамал Сүлейменова мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивті білім беру жайында айтты. Қалада бірнеше инклюзивті білім беру мекемелері балаларға қызмет көрсетуде. Олардың қатарында №№ 4,5,9 ясли бақшалары да бар. Мұнда тілі мүкіс, есту қабілеті нашар, көру қабілеті төмен балалар тәрбиеленеді. Оларға оңалту көмектері көрсетіледі. Сондай-ақ мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де мүмкіндіктер жасалып отырғанына білім бөлімінің әдіскері жан-жақты тоқталды.

Айта кетерлігі, бұл жиын сурдоаудармамен өтті. Шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандар әзірлеген қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қарттар үйіндегі қолөнер үйірмесіне қатысушы қариялардың, балалар мен 18-ден асқан жастардың үйірмесіне қатысушылардың қиялынан қанат қаққан туындылары қойылған. Қатысушылар жәдігерлермен танысып, әрбір жұмыстың өзіндік ерекшелікке толы екендігін байқады.

«Бізде қолөнер және бейнелеу өнері бойынша үйірмелер жүргізіледі. Балаларды әлеуметтік қызметкерлер өздері алып келіп отырады. Үйірме балалардың қоршаған ортаға икемделуіне жәрдемдеседі. Мұнда біз қайшыны ұстауды, қағазды қиюды, ине-жіпті пайдалануды, сабақтауды, матамен, желіммен жұмыс істеуді үйретеміз. Әр затты тәрбиеленушілеріміз бар ынта-жігерімен жасағандықтан, көрмеге қойылған әрбір туынды ерекше»,- дейді Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету  орталығындағы үйірме жетекшілері.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті

14.11.2025
Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті

Semeytany.kz - Абай облыстық «SEMEI» телеарнасына биыл 60 жыл толды. Алты онжылдық ішінде аймақтық арна өңір жұрты мен билік арасында...

Толығырақ...Details

«Бағалы заттарын алып кеткен»: Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түскен хабарланды

14.11.2025
«Бағалы заттарын алып кеткен»: Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түскен хабарланды

14 қарашаға қараған түні Алматы облысының Қарғалы ауылында тұрғындары көрші үйдің маңында полиция көліктерінің көп жиналғанын байқаған. Желіде тараған ақпаратқа сенсек,...

Толығырақ...Details

Аида Балаева Орталық Азия министрлерінің кездесуінде креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

14.11.2025
Аида Балаева Орталық Азия министрлерінің кездесуінде креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

2025 жылғы 14 қарашада Ташкент қаласында Орталық Азия елдерінің мәдениет министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан...

Толығырақ...Details

Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды

14.11.2025
Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы 2025 жылдың ең танымал есімдерін жариялады. Биылғы жылдың он айының қорытындысы...

Толығырақ...Details

Келешек мектебінде пластик қақпақтардан EcoBox жасалды

14.11.2025
Келешек мектебінде пластик қақпақтардан EcoBox жасалды

Semeytany.kz - Семей қаласындағы №51 «Келешек» мектебінде оқушылар пластик бөтелке қақпақтарын жинап, оларды қайта өңдеу арқылы мектеп дәлізіне арналған EcoBox...

Толығырақ...Details

Абай облысының аграрлары елордада өткен форумға қатысты

14.11.2025
Абай облысының аграрлары елордада өткен форумға қатысты

Semeytany.kz – Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтіп, оған Абай облысының делегациясы да...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті

15 часов бұрын

«Бағалы заттарын алып кеткен»: Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түскен хабарланды

18 часов бұрын

Аида Балаева Орталық Азия министрлерінің кездесуінде креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

18 часов бұрын

Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды

18 часов бұрын

Келешек мектебінде пластик қақпақтардан EcoBox жасалды

21 час бұрын

Абай облысының аграрлары елордада өткен форумға қатысты

21 час бұрын

Наполеон әскерінен қалған түйреуіш аукционда 4,4 млн долларға сатылды

2 дня бұрын

Ақсуат, Құмкөл және Ойшілікті жалғайтын жаңа көпір салынуда

2 дня бұрын

Абай облысының дзюдошылары аралас-командалық сында ел чемпионы атанды

2 дня бұрын

Қанат Әділбай «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы лауазымына сайланды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС