"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде «Таза Қазақстан» аясында Бейбітшілік аралында экологиялық акция өтті

09.04.2026
Семейде «Таза Қазақстан» аясында Бейбітшілік аралында экологиялық акция өтті
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында кезекті экологиялық акция өтті. Іс-шара белсенді жастарды қарапайым, бірақ маңызды ұстаным – тазалық әр адамнан басталатыны төңірегіне біріктірді.

Бастама қоршаған ортаны қорғауға, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Акция Бейбітшілік аралы аумағында өтті. Мұнда жоғары оқу орындарының студенттері мен ерікті жастардан құралған шамамен 50 адам ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылар аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, демалыс орындарын ретке келтірді. Олар табиғатты қорғау үшін көп сөз емес, нақты әрекет қажет екенін өз үлгілерімен көрсетті. Жиналған барлық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әсіресе, жастардың белсенділігі ерекше мәнге ие. Олар экологиялық жағдайды жақсартуға нақты үлес қосып қана қоймай, қоғамға дұрыс бағыт-бағдар береді.

Сенбілікке қатысқан студент Айхан Аханов мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай акцияларға қатысу әрбір жас үшін маңызды. Тазалық – адамның ішкі мәдениетінің көрінісі. Біз тек айналаны тазалап қана қоймай, қоршаған ортаға деген көзқарасты қалыптастырамыз. Әркім өзінен бастаса, көп нәрсені өзгертуге болады. Табиғатты сақтау – бәрімізге ортақ міндет», – деді ол.

Айта кетейік, 4 сәуір күні өңірде санитарлық-экологиялық екі айлық аясындағы алғашқы сенбіліктер өтті. Оған 15 мыңнан астам тұрғын қатысып, мыңнан астам ұйым мен жүздеген техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 1857 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық полигондарға шығарылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде «Өзіңнен баста» экологиялық акциясы белсенді түрде жүзеге асуда. Оған жастар, эко-белсенділер мен блогерлер қатысып, тазалық жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, өзгелерді де табиғатты аялауға шақыруда.

Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы адамдарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеп, үлкен өзгерістердің әр адамның қарапайым ісінен басталатынын еске салады.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС