"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЛІМДЕРІН ТӘЖІРИБЕМЕН ҰШТАСТЫРУДА

12.12.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма күні Семей қаласының Бизнес және сервис колледжі қабырғасында өткен кеңес отырысында ШҚО колледж директорлары бас қосты. Отырыс аясында «Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттерді іс-тәжірибеден өткізу мақсатында колледждің екінші қабатында ашылған қонақ үй бөлмесінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Колледж ұжымының қуанышымен ортақтасуға келген Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов заманауи жиһаздармен жаб-дықталған, халықаралық стандарттарға сай етіп жасалған бөлме ішін аралап, игі іске оң бағасын берді. Колледж директоры Альмира Хожанова шаһар басшысын оқу ордасындағы шаштараз, тігін цехы, тағам дайындау зертханасы, сондай-ақ кафе-бармен таныстырды.

— Болашақтың іргесін қалайтын жастар түрлі жұмысшы мамандықтарын талапқа сай меңгере білсе, еңселі еліміздің келешекте алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тізіміне еш қиындықсыз қосылуына тамшыдай үлестерін қоса алады,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

— Жаңа қонақ үй бөлмесінде тәжірибе жинақтау арқылы колледж студенттері «Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру» мамандығының қыр-сырын терең меңгеріп шығады. Мұнда олар қонақ үй әкімшісі, қызмет көрсету менеджері ретінде өз біліктіліктерін шыңдай түседі. Қонақ үй әкімшісі қонақ үй бизнесін ұйымдастырудағы маңызды қызметшілердің бірі болып табылады. Себебі ол мейманханаға келген адамды жылы қабылдап, оған сапалы түрде қызмет көрсетуі тиіс. Осы бағытта біз студенттерге, теориялық білім берумен қатар, тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік жасап отырмыз. Қазіргі таңда өңірімізде шағын және орта бизнестің даму қарқыны байқалады. Сондықтан жұмысшы мамандықтар зор сұранысқа ие болып келе жатқанын айту керек,- дейді Бизнес және сервис колледжінің директоры Альмира Хожанова.

Кеңес барысында жиынға қатысушылар онлайн режімінде Ресей Федерациясының Алтай өңірі директорлар кеңесінің төрайымы Валентина Гусевамен тікелей байланысқа шығып, кәсіптік-техникалық жұмысшыларды дайындаудағы бірқатар мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады. Айта кетейік, екі тарап арасындағы әріптестік байланыстың орнағанына биыл 15 жыл толып отыр. Валентина Гусеваның сөзіне қарағанда, осы уақыт аралығында кәсіби мамандарды дайындау жолында екі елдің ынтымақтастығы арқасында зор жетістіктерге қол жеткізілді. Кәсіби дайындықтың әлемдегі үздік тәжірибелерін анықтап, оларды техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне енгізуді көздейтін «Уорлд Скилс» ұлттық чемпионатына қатысушыларды да екі жақ бірлесіп дайындайтын көрінеді.

Облыстағы барлық колледж директорларының басын біріктірген кеңесте тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы, оның Қазақстан жастарын жұмыспен қамтуға үлесі зор екені сөз болды. Осы орайда экономиканың серпінді дамушы секторларының бірі елдің кіріс көзі болып табылатын туризм саласына ерекше тоқталған Альмира Хожанова қонақ үй және мейрамхана бизнесі үшін мамандарды даярлау ісі өзекті екенін алға тартады. Өйткені дәл бүгінгі заманда тәжірибелі, қоршаған ортаға жылдам бейімделетін, кез келген жағдайда шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті кәсіпқой мамандар керек. Сондықтан мектеп бітіруші түлектер арасында кәсіптік-техникалық мамандықтардың ұтымды тұстарын үгіттеу ісін мықтап қолға алсақ, біріншіден, жұмыс іздеп сенделіп жүрген жастар саны азаяды, екіншіден, Қазақ елінің дамушы өзге мемлекеттермен тең дәрежеде болу мүмкіндігі артады.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

26.05.2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу...

Толығырақ...Details

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар

26.05.2026
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар

Ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) қайта қарау және жаңа мөлшерлерін қабылдаудың мақсаты қандай? ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың негізгі мақсаты...

Толығырақ...Details

ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған

26.05.2026
ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған

Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) есептеу әдістемесіндегі жоспарланған өзгерістерді түсіндіреміз. ТЖШ есептеу...

Толығырақ...Details

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қаражат қалай пайдаланылды

26.05.2026
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қаражат қалай пайдаланылды

2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 297 895 өтініш орындалып, жалпы...

Толығырақ...Details

Облыс түлектеріне Шәкәрім білім гранты табысталды

26.05.2026
Облыс түлектеріне Шәкәрім білім гранты табысталды

Биыл Шәкәрім университетінде үшінші жыл кезекті рет «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты шарасы өтті. Балалық шақпен қоштасып, болашаққа қадам басқан Shakarim...

Толығырақ...Details

AI арқылы түсірілген фильмдерге халықаралық байқау жарияланды

25.05.2026
AI арқылы түсірілген фильмдерге халықаралық байқау жарияланды

Semeytany.kz – Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен өтінім қабылдау басталды. Фестивальдің ресми сайты – Astana AI...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

1 час бұрын

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар

2 часа бұрын

ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған

2 часа бұрын

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қаражат қалай пайдаланылды

2 часа бұрын

Облыс түлектеріне Шәкәрім білім гранты табысталды

2 часа бұрын

AI арқылы түсірілген фильмдерге халықаралық байқау жарияланды

17 часов бұрын

Мемлекеттік тіл тақырыбындағы үздік материалдарға байқау жарияланды

18 часов бұрын

Семей маңында ірі ет комбинаты салынып жатыр

1 день бұрын

Бөкенші ауылында өрт сөндіру пункті іске қосылды

1 день бұрын

Талица ауылында таза ауыз су мәселесі шешілді

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС