"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Асыл бесік – Ақсуат»: спорт, өнер және руханият тоғысқан мереке

08.06.2026
«Асыл бесік – Ақсуат»: спорт, өнер және руханият тоғысқан мереке
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының Ақсуат ауданында еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар мен қонақтардың басын қосқан «Асыл бесік – Ақсуат» спорттық-мәдени фестивалі өтті. Ұлттық спортты, өнерді, білімді, мәдениет пен рухани құндылықтарды ұштастырған ауқымды шара өңірдегі ең ірі мәдени оқиғалардың біріне айналды.

Республикалық деңгейдегі фестиваль

Фестивальдің салтанатты ашылуына спортшылар, мәдениет қайраткерлері, шығармашылық ұжымдар мен көпшілік қауым қатысты. Ашылу рәсімінде Абай облысының әкімі Берік Уәли құттықтау сөз сөйлеп, фестивальдің маңыздылығына тоқталды.

– Тарбағатайдың баурайында жатқан Ақсуат – халқымыздың тарихы мен тағдырында ерекше орны бар киелі мекен. Бұл құтты өлке ел руханиятына өлшеусіз үлес қосқан талай дара тұлғаны дүниеге әкелді. Сондықтан бүгінгі мерекенің дәл осы қасиетті жерде өтуінің мәні зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз отаншыл әрі мемлекетшіл болуымыз керек. Өз еліңді сүюден асқан бақыт жоқ. «Менің Отаным, менің елім, менің жерім» деп соққан жүрек ешқандай қиындықтан қорықпайды» деген болатын. Осындай елжанды азаматтар арамызда бар. Осы үлкен мерекенің өтуіне қолдау көрсеткен жерлестеріміз – меценаттар Дулат Тастекеев пен Қайырлы Қасеновке аудан және облыс тұрғындары атынан алғысымды білдіремін. Биыл фестивальдің мәртебесі артып, республикалық мәдени-бұқаралық іс-шаралар тізбесіне енгізілді. Бұл – Ақсуат өңірінің тарихи-рухани әлеуетіне берілген жоғары баға. Бағдарламаның Ырғызбай ата кесенесіндегі тағзымнан басталуы да өткенге құрмет пен рухани сабақтастықтың белгісі. Тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған фестиваль ұлттық спортты, өнерді, білім мен мәдениетті тоғыстырып келеді, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы фестивальдің республикалық мәдени-бұқаралық іс-шаралар қатарына енуі Ақсуат өңірінің тарихи әрі рухани әлеуетінің мойындалғанын атап өтті.

Ұлттық спорт ұлықталды

Фестивальдің басты бағыттарының бірі – ұлттық спорт түрлерін дамыту болды.

Биыл алғаш рет республикалық тоғызқұмалақ турнирі ұйымдастырылды. Сондай-ақ бағдарлама аясында ASSYL ARLAN республикалық қазақ күресі турнирі, аударыспақ жарысы және ASSYL TULPAR ат бәйгелері өтті.

Көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған ASSYL ARLAN турнирінде Алматы облысының палуаны Мәди Еділбаев жеңімпаз атанып, «Түйе палуан» атағын иеленді. Финалда ол Маңғыстау облысының балуаны, жанкүйерлерге «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет Жарылғаповты жеңіп, бас жүлде – автокөлікті еншіледі.

Ал Екпін ауылындағы ипподромда өткен ASSYL TULPAR бәйгесіне еліміздің әр өңірінен келген жүйріктер мен шабандоздар қатысты. Бағдарламаға 25 шақырымдық аламан бәйге, 15 шақырымдық топ бәйге және 20 шақырымдық «Ақсуат арғымағы» жарысы енді.

Білім мен руханиятқа басымдық

Фестиваль аясында жастардың зияткерлік дамуына ерекше көңіл бөлінді. Соның бірі – кітап оқуды насихаттауға және жастардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған «Артық білім – кітапта» облыстық зияткерлік байқауы болды.

«Мәуліт» шаруа қожалығының жетекшісі әрі фестиваль демеушілерінің бірі Қайырлы Қасеновтің айтуынша, ұйымдастырушылардың басты мақсаты – спортпен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, білімге қолдау көрсету және жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосатын мазмұнды бағдарлама ұсыну.

Театрландырылған қойылымдар мен гала-концерт

Фестивальдің мәдени бағдарламасы театрландырылған қойылымдармен, шығармашылық жобалармен және концерттермен толықты.

Қонақтарға ASSYLTAS театрының «Ауыл кеші көңілді» музыкалық қойылымы ұсынылды. Ал мерекенің шарықтау шегі Ақсуат ауылындағы Ырғызбай Досқанаұлы атындағы орталық стадионда өткен ауқымды гала-концерт болды.

Сахнада BAYANSULU, Әбдіжаппар Әлқожа, BYTANAT, Айдана Меденова, Жасұлан Көпберген, Шұғыла Ешен, Niyazkul және Айбек Серікханов өнер көрсетті.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мерекелік кешке 10 мыңға жуық көрермен жиналып, думанды шара әсерлі отшашумен қорытындыланды.

Дәстүрге айналған мереке

Бағдарламасы Ырғызбай ата кесенесіндегі тағзымнан басталған «Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі ұлттық құндылықтарды сақтап, дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Спортты, өнерді, білімді және рухани мұраны тоғыстырған айтулы шара туған жер тарихына тағзым мен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіне айналды.

«Асыл бесік – Ақсуат»: спорт, өнер және руханият тоғысқан мереке «Асыл бесік – Ақсуат»: спорт, өнер және руханият тоғысқан мереке «Асыл бесік – Ақсуат»: спорт, өнер және руханият тоғысқан мереке «Асыл бесік – Ақсуат»: спорт, өнер және руханият тоғысқан мереке «Асыл бесік – Ақсуат»: спорт, өнер және руханият тоғысқан мереке

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

5 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

8 минут бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС