"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ — ТАТУЛЫҚ ПЕН БЕРЕКЕ

12.12.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бородулиха ауданының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің аудандық жиыны өтті. Жиында Бородулиха ауданына қарасты ауылдық округтердің Қоғамдық келісім және аналар кеңесі төрайымдары алғаш рет бас қосты. Жаңартылған Қоғамдық кеңес алдағы уақыттағы жұмыс барысын талқылап, жоспарларын түзді.

Осыған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) жанындағы Қоғамдық келісім және аналар кеңесі тек аудан орталығында ғана жұмыс істесе, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Бородулиха ауданына қарасты ауылдық округтерде де осындай кеңестер жаңадан құрылып, өз жұмысын бастаған. Жиынға осы ауданға қарасты 18 ауылдық округ пен Жезкент кентінің Қоғамдық келісім және аналар кеңесінің басшылары, сондай-ақ аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің құрамына енетін басқа да мүшелер қатысты.

Ассамблеяның 20-шы сессиясында Мемлекет басшысы бес институттық реформаны жүзеге асыру аясында Қоғамдық келісім кеңесін құруды тапсырған болатын. Елбасы айтып өткендей, мемлекеттің одан арғы құрылысында Ассамблеяның басты міндеті — этносаралық келісімді ғана емес, сондай-ақ қоғамдық келісімді де сақтауға үлес қосу. Президенттің тікелей тапсырмасымен құрылған Қоғамдық келісім кеңестері бүгінде үлкен күшке ие болып, әлеуметтік мәселелерді шешуде тиімді тетікке айналды.

Сондай-ақ қазіргі күні еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде 210 аналар кеңесі жұмыс істейді. Облыстық деңгейдегі кеңестер құрамына 335 адам мүше. Олардың көпшілігі — этномәдени және қоғамдық әйелдер бірлестіктерінің, мәдени және білім беру мекемелерінің өкілдері. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім және аналар  кеңесі өз қызметінде ҚР Конституциясын, заңдарын, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жұмыс істейді. Кеңес құрамына ардагерлер, аналар, жастар істері бойынша кеңестердің, шығармашылық одақтардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің міндетті өкілдігінің болуы есепке алынады және  қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдардың өкілдерінің де Кеңес құрамына енуі қарастырылған. Кеңес құрамы  облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесімен бекітіледі. Кеңес төрағасы болып беделді қоғамдық қайраткер немесе белсенді қоғамдық-саяси ұстанымы бар тұлға сайлануы мүмкін.

Қоғамдық кеңестің негізгі міндеті азаматтардың арасындағы түсініспеушілік пен дау-дамайды сотқа жеткізбей, бейбіт түрде шешуге атсалысып, еліміздегі біртұтастық пен бірлікті нығайтуға күш салу болса, аналар кеңесінің міндеті — отбасы және ана институттарын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудегі  ҚХА-ның мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесу, жалғыз басты және көпбалалы аналарға әлеуметтік мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсету және отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

Жиынды ашқан «Бородулиха ауданының Достық үйі» КМҚК директоры Александра  Шпилькина  жаңадан сайланған Кеңес басшыларының жұмысына сәттілік тілеп, татулықтың шаңырағына айналған аудандық Достық үйінің жұмыс барысымен таныстырды.

— Бородулиха ауданында ұлтаралық келісімді нығайту және қоғамды шоғырландыру бағытындағы міндеттерді Достық үйі сәтті шешіп келеді. Біздің Достық үйінің  негізгі міндеті – Бородулиха ауданында тұратын барлық этностардың өзіндік мәдени ерекшеліктерін сақтап, тілдерін дамытып, бейбітшілікті және халықаралық келісімді нығайтуға үлес қосу. Достық үйінде өткен жылдан бері, ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесімен бірге, аудандық аналар кеңесі де жұмыс істеп келсе, биыл бұл құрамға аздаған өзгерістер енгізілді. Енді ауылдық округтердегі Қоғамдық кеңес басшылары аудандық кеңестің мүшелігіне еніп отыр. Сондай-ақ Достық үйінде Жастар лигасы және таяуда ғана  жұмысын бастаған Жастар клубы жұмыс істеп жатыр,- деп атап өтті Александра Шпилькина.

Қазіргі кезде аталған мекемеде 7 этномәдени бірлестік, атап айтқанда орыс, татар, неміс, белорус, украин, кәріс және қазақ мәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Өткен жылы облыстық «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің өкілдігі ашылған.

Аудандық мәслихат депутаты, Достық үйіндегі Жастар лигасы басшысы  Виктория Парасюкова Президент ұсынған бес институттық реформаның әрқайсысына кеңінен тоқталып, олардың маңыздылығын түсіндіріп өтті.

— Елбасы «Нұр Отан» партиясының ХVI  съезінде сөйлеген сөзінде мемлекеттің нығаюы үшін 5 институционалдық  реформа жайында жан-жақты түсіндірді. Бірінші – экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. Екінші – меншік құқығына кепілдік беретін, кәсіпкерлік қызмет үшін, келісімшарттық міндеттемелерді қорғау үшін жағдай жасайтын, түптеп келгенде, экономикалық өсім үшін негіз болатын заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Үшінші – индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсім. Төртінші –  болашағы біртұтас ұлт. Бесінші – транспарентті және есеп беруші мемлекет.

Осының ішінде «Болашағы біртұтас ұлт» атты төртінші реформада: «Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Қазақстан Конституциясы, нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтың құқықтық теңдігіне кепілдік береді. Сонымен қатар қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. Ол азаматтық қағидатқа негізделуі тиіс. Барлық азаматтар құқықтың бір көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бір жүгін арқалауы және тең мүмкіндікке қолжетімділікті иеленуі керек,- деді Елбасы. — Тілдердің үштұғырлығын – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамыту – қоғамды топтастырудың, оның бәсекеге қабілеттілігі өсімінің кепілі. Қазақстанның барлық азаматтары үшін қандай да бір өзгешеліктер мен шектеулерсіз тиімді әлеуметтік лифттерді қамтамасыз ету қажет. Біздің басты мақсатымыз – қазақстандықтар жаңа жалпыұлттық құндылықтарды – құқықтың үстемдігін, мемлекеттік дәстүрлерді, қазақстандық құндылықтарды – өздерінің этностық мінез-құлық модельдерінен жоғары қоюлары керек. Барлық қазақстандықтар үшін қазақстандықтың бойында азиялықтың да, еуропалықтың да озық сапаларын шынайы сүзгіден өткізетін еуразиялық идеясы біріктіруші болып табылады.

Орта тап қазақстандық ұлттың негізі, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастырудың қайнар көзі ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл – заң үстемдігіне барынша мүдделі және мемлекеттің халық пен елдегі тұрақтылыққа есептілігінің қозғаушы күші. Сондықтан нақ кең көлемді орта тап ұлттық біртектілікті қалыптастырудың өзегі болып табылады. Мемлекеттің аса маңызды құжатында ресімделген «Мәңгілік Ел» идеясы жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі ретінде көрінуі тиіс. Мектептерде бүкілқазақстандық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын оқыту бағдарламасына енгізу қажет»,- деп атап өтті Н.Назарбаев, — деді Виктория Осипова.

Осыдан соң Қоғамдық кеңес пен аналар кеңесі мүшелері екіге бөлініп, әрқайсысы алдағы уақыттағы жұмыс барысын талқылады. ҚХА жанындағы аудандық аналар кеңесінің төрайымы Галина Аргумбаева  ауылдық округтердің аналар кеңесі төрайымдарымен танысып, кеңестің мақсаты мен міндеттерін пысықтады.

— Аналар кеңесі Қоғамдық келісім кеңесімен, ақсақалдар кеңесімен және жастар ұйымдарымен, БАҚ өкілдерімен бірлесе отырып жұмыс істейді. Сонымен бірге арнаулы оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мектептермен, этномәдени бірлестіктермен де тығыз қарым-қатынаста. Аналар кеңесінің негізгі міндеті – ұлтаралық тыныштықты сақтауға үлес қосып, жалғыз басты және көпбалалы аналарға әлеуметтік мәселерді шешуде көмек көрсету, оларға құқықтық ақыл-кеңес беру. Сондай-ақ қоғамдағы үлгілі отбасыларды насихаттап, отбасы құндылықтарын нығайтуға, оны сақтауға атсалысу, сол арқылы  сәтсіз отбасылардың алдын алу да аналар кеңесінің жауапкершілігіндегі мәселе. Мұнымен қоса тәртібі қиын жасөспірімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолғабыс етіп, оларды түзу жолға салуға атсалысу, қадағалау да  – бізге жүктелген міндеттердің бірі. Қазір жасөспірімдер шетелдің тәлім-тәрбиесін бойына көп сіңірген. Ғаламтордың бұған қосып жатқан үлесі шектеусіз. Сондықтан қоғамның негізгі ұйытқысы болып саналатын аналарға жастарды, қоғамды адамгершілік бағытта тәрбиелеу мақсатында осындай жауапкершілік жүктеліп отыр,- деді Галина Аргумбаева.

Ал ҚХА жанындағы Бородулиха аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің басшысы Зоя Шкоданың айтуынша, Қоғамдық келісім кеңесі жергілікті жердің әкімдігімен, жастар ұйымымен бірлесе жұмыс істеуі керек. Әкімдік бюджетті бөлу, қаражатты жұмсау, қандай да бір нысан салу барысында Қоғамдық келісім кеңесінің басшыларымен, мүшелерімен міндетті түрде кеңесуі тиіс.

— Қоғамдық келісім кеңесі бұқара арасында туындаған дау-дамай мен жанжалды бейбіт түрде шешуге бір кісідей атсалысады. Мәселен, осы Достық үйінің медиация кабинетінде халық арасында орын алған қаншама мәселелер сотқа жетпей, бейбіт түрде шешімін тапты. Сол себепті де  Кеңес мүшелері бір орнында отырып жұмыс істемей, халықтың мұң-мұқтажын, қажеттілігін анықтап, бұқарамен тығыз қарым – қатынас орнатуы керек. Халықтың не қалайтынын билікке жеткізіп, мәселені шешуге атсалысу — Қоғамдық келісім кеңесінің қызметіне жатады.

Қарапайым ғана жастар мәселесін алып қарайық. Ауылдарда жастар клубы жоқ. Олардың бір-бірімен әңгімелесіп, мәселелерін айтуына жағдай жоқ. Бұрынғыдай, жастарға арналып би кештері де ұйымдастырылмайды. Жастар арасындағы суицид те бүгінгі күні етек алып бара жатқан проблеманың бірі. Сондықтан жастармен, халықпен көп әңгімелесіп, олардың көкейінде жүрген түйінді шешуге атсалысуымыз керек. Барлықтарыңыз алдағы уақытқа арнап жұмыс жоспарын бекітіп, сол жоспар бойынша жүйелі түрде жұмыс атқарасыздар. Жергілікті әкімдіктен де шешілмей жатқан проблемалардың түйінін тарқатуды талап ету керек,- деген Зоя Шкода қоғамдағы жалғыз басты ардагерлер мәселесін де қозғап, оларға жиі көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Осылайша, алғашқы Кеңес отырысы таныстықпен, кеңестің мақсат-міндетін айқындаумен тамамдалды. Аудандық Қоғамдық келісім және аналар кеңесі отырысы тоқсанына бір рет, яғни жылына төрт рет өтіп тұратын болды. Кеңестің тоқсандық есебі сол кезде тыңдалатын болады.

Мақала Бородулиха аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде әзірленді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС