"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАБАДАН ҚАЛҒАН БЕКЗАТ ӨНЕР

06.02.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ел ордасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған түрлі мерекелік іс-шаралар легі республиканың түкпір-түкпірінде өткізілуде. 3 ақпан күні Үржар ауданында мереке шеңберінде ересектер арасындағы Бүркітшілердің XII республикалық турнирі бастау алды. Ел біріншілігінде бақ сынау үшін республиканың 10 облысынан 39 бүркітші қатысты.

Белгілі меценат Қанат Сүлейменовтің демеушілігімен өткен шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Серік Зайнулдин:

— Тәуелсіздіктің арқасында төл өнеріміз, ата кәсібіміз қайтадан жаңғырып, өз деңгейіне жетіп отыр. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Бұдан бұрын аталмыш жарыс түрі Мақаншының Жайтөбесінде өткен болатын. Бүгінде балаларды ұлттық спортқа тәрбиелеу мақсатында аудандық білім бөлімі арқылы бүркітшілердің арнайы сыныбын Көкөзек орта мектебінде аштық. Осыған мұрындық болған Тәттімбет Кәпұлын ерекше атап өткім келеді,- деді аудан басшысы.Ұлттық өнерді ұлықтап, құсбегілікті серік еткендердің басын Барқытбелдің баурайында біріктірген — Шығыс Қазақстан облысында бекзат өнердің дамуына зор үлес қосып келе жатқан Тәттімбет Кәпұлы. 

— Бүркітшілердің Үржар жерінде бас қосуы бұл мекеннің киелілігін айғақтайды. Ең бастысы, ұлттық спортқа деген ауданның жанашырлығы, қолдауы сезіледі. Бүркітшілердің 60-70 пайызы жастар,- деді «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүфтекеқызы.

Жарыстың бірінші күнінде құсбегілер 400 метр қашықтықтан бүркітті қолға қондырудан сынға түсті. Жалпы, барлық облыстардың дайындығы мықты екен. Құсбегілердің киім үлгісі, бүркіт пен қыранның бабы секілді маңызды көрсеткіштер, сондай-ақ еркін ұшыру, шырғаға, қоянға салу сынды жарыстың кезеңдері 10 балдық жүйемен бағаланды.

— Бұл турнир жылына бір-ақ рет өтеді. Қазағымыздың салт-дәстүрін көзбен көргенге не жетсін! Көкте қалықтап жүрген қыранымызды қолға қондыру үлкен ғанибет деп ойлаймын. Өйткені бұл — ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр. Артық айтқандық болмас, қатысушылардың бүркіттері мен қырандарының басым көпшілігі Тарбағатайдікі. Бұл жеріміздің ерекшелігін, қасиетін танытады,- дейді тірнек бүркітін қолға қондырған белгілі құсбегі Тәттімбет Кәпұлы.

Жарыс қорытындысы бойынша, І орынды Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Нұрғали Әлиқұлов алып, 250 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Ал Қайдар Нұғым болса ІІ орынға табан тіреп, 150 мың теңгені еншіледі. Үздік үштікті Алматы облысынан ат артып келген Елтай Мүптеков қорытындылап, 100 мың теңгені қанжығасына байлады. Аудан әкімдігі тарапынан әрбір облысқа 40 мың теңге беріліп, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Е.Оспанов пен аудан басшысының алғыс хаты табыс етілді.

— Шығыстың шұрайлы жері Үржар ауданында ұйымдастырылған құсбегілердің бәйгесі өте жоғары деңгейде өтті. Аудан басшылығына, демеу білдірген азаматтарға алғысымыз зор. Жыл сайын сайысқа қатысушы бүркітшілердің саны артып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Бұл — елімізде құсбегілік өнердің кең қанат жайып келе жатқанының айқын дәлелі,- дейді ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт басқармасының саятшылықтан бас жаттықтырушысы Базарбек Күнтуғанұлы.

Нұрсұлтан ЕСЕМБАЕВ, «Семей таңы»

 

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

11 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

11 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

11 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

11 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

11 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

12 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

12 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС