"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАС МАМАНҒА ҚОЛДАУ ЗОР

20.02.2014
ЖАС МАМАНҒА ҚОЛДАУ ЗОР
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әр студент қолына дипломын алып, мамандығымен жұмыс істеп, өмірден өз орынын тапқысы келеді. Бірақ, қазіргі қоғамда мамандыққа сай жұмыспен қамтылу мәселесі біршама күрделі екені белгілі.

Бұл мәселе өткен аптада қалалық әкімдікте техникалық және кәсіби білім беру Кеңесінің кезекті отырысында қаралды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева, ШҚО білім бас-қармасының басшысы Асқар Нұрғазиев, ШҚО колледждерінің  директорлары кеңесінің төрағасы Оралхан Сартаев, ШҚО аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Роза     Бисикенова және жұмыс берушілер мен  білім ордаларының басшылары қатысты. Негізгі мақсат — техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту, кәсіпкерлермен өзара тығыз қарым-қатынас орнату болатын.

Кездесу барысында ШҚО колледждерінің  директорлары кеңесінің төрағасы Оралхан Сартаев өз кезегінде қазіргі таңда облысымызда 87 білім ошағы техникалық және кәсіби білім беріп, онда 14-24 жас аралығындағы 40 мың студент, жастардың 16 пайызы біліммен қаруланып жатқандығын айтып өтті.  Еліміз бойынша бұл көрсеткіш 20 пайызға тең болса, индустриалды мемлекеттерде 40%. Қазақстанда 9 сыныптан кейін түлектердің 15 пайызы арнаулы оқу орындарына түссе, дамыған мемлекеттерде 55 пайызы білім алуға аттанады екен. Ал Семейде 31 колледж бар, оның 16-сы жеке меншік. Бұл білім ошақтарында 15 мың студент білім алуда. Биылғы оқу жылының соңында 4800 жас маман еңбек нарығына енеді деп күтілуде деген Оралхан Сартаев:

 

{jcomments on}-Облысымызда колледждердің жұмысын түлектерінің еңбекке араласып, жұмысқа тұруларымен бағалайды. Бұл бүгінгі таңда аталмыш оқу орындарының жұмысына баға беру критериі, — деді.

 

Жас түлектердің «кетігін тауып қаланғандығын» растайтын жұмысқа қабылдау жарлығының көшірмесі немесе жұмыс орынынан берілетін анықтама ғана емес, сонымен қатар, бітірушінің жеке шотына аударылған зейнетақы қорынан берілген ақпарат болмақ.

Жиында белгілі болғандай, ШҚО колледждерінің қаржыландырылуы еліміздің өзге өңірлерімен  салыстырғанда алғашқы орындарда. Соңғы үш жылда оқу орындарын материалды-техникалық базамен қамтамасыз ету мақсатында әр жыл сайын 1 млрд.теңге бөлініп отырды. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен білім алушылар қатары  10-15%  артып отыр.  Сондай-ақ, Оралхан Сартаев:

-Колледждерде тегін білім алу мүмкіндігінің артуы жағымды жағдайлар туындатуда. Мұның дәлелі ҚР Ата Заңы және 27 маусым 2007 жылы шығарылған ҚР «Білім туралы» Заңының 8 бабы арасындағы қарама-қайшылықтардың жойылуын айтуға болады. ҚР «Білім туралы» Заңының 4 бөлім, 12 бабына сәйкес Техникалық және кәсіби білім беру тегін және кепілдендірілген болуы керек.  Бұл орайда «Білім туралы» Заңға сәйкесінше           өзгерістер енгізілді. Және жақын арада қолда- нысқа енеді деп сенеміз» , — деді өз сөзінде.

Екінші ретте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің еңбек нарығы секторының басшысы  Рима Кусаева аймақтағы мамандарға деген  сұраныс   жайын сөз етті.  Айтуынша, қазіргі таңда қаламызда еңбек нарығы нәтижелі көрсеткішке ие, 2013 жылы жұмыссыздық деңгейі 27 пайызға төмендеген.  Бұның басты себебі экономика саласында шағын және орта бизнестің 3 мың жұмысшыны жұмыспен қамтамасыз ете отырып дамуы. Жұмыс берушілер тарапынан да тапсырыс көлемі артуда. Мысалы, өткен жылы 5 мың бос орынға тапсырыс түскен.  Ең қажетті мамандықтар қатарында медицина қызметкерлері, инженерлер, технологтар, энергетиктер мен арнаулы пәндер мұғалімдері болды. Әсіресе, техникалық мамандықтар мен машинист, кран жүргізушісі, дәнекерлеуші мамандар тапшы. Сондай-ақ, жүк тасушылар мен аула сыпырушылар ауадай қажет. Айта кетерлігі, былтырғы жылы жұмыспен қамту бөліміне 584 түлек келген. Бұл жалпы түлектердің 14 пайызы. Олардың 56 пайызы арнаулы орта, 36 пайызы жоғары, 7 пайызы жалпы орта біліммен келгендер екен. Олардың арасында жұмыс тауып орналасып кеткендері де, «жұмыс жоқ» деген жауап алғандары да бар. Бұл сұраныс пен ұсыныстың алшақтығынан болса  керек. Рима Кусаеваның айтуынша, қажетті мамандықтарды болжауда кәсіпкерлерді алдын-ала қажет мамандарды хабарлауға міндеттейтін заңның болмауы да үлкен мәселе екен.  Орталық қандай мамандарды даярлау керектігін білсе, тым құрығанда қайта даярлау курстары кезінде дұрыс қадам жасар еді.

Сондай-ақ, кездесу барысында маман тапшылығы сезілетін бірқатар кәсіпорындардың аты аталды. Олардың қатарында «Былғары-тері комбинаты» ЖШС, «Ромат» фармацевтикалық компа-ниясы ЖШС, «Семей сплав» және «СКПП» ЖШС-лері бар. Сонымен қоса,  алдағы уақытта кәсіп-орындардың кеңейтілуіне байланысты қажеттілігі артатын мамандықтар жайлы да айтылды.

Қолына дипломын алып, жұмыс іздеген маманнан ең алдымен кемінде 2-3 жылдық жұмыс тәжірбиесі болуы талап етілетіні де бар. Өз мамандығы бойынша өндірісте тәжірибесі жоқ «сары ауыз балапанды» бірден қатарына қосқысы келетіндер аз. Мамандардың айтуынша,  кәсіпорындар мен түлектер және жұмыспен қамту орталығының арасында келісім жасау арқылы жұмыс жасауға болады. Яғни, жас маман 6 ай бойы мемлекеттен жалақы ала отырып кәсіпорында жұмыс жасайды, мерзімді уақыт біткен соң кәсіпорын            6 ай жұмыс беріп, жалақысын төлеуі керек. Осылайша, маманда 1 жылдық тәжірибе болады және екіншіден, зейнетақы қорына қаржы құйылады. Десе де, көптеген кәсіпорындар бұл әдісті қолданысқа енгізбей отыр. Бірақ, заң тұрғысынан ал-ғанда бұл жүйемен жұмыс істеу кәсіпорынның міндеті. Сонымен қатар, кейбір өндіріс ошақтары өздеріне қажетті мамандарды жұмыспен қамту орталығына хабарламай-ақ  тауып алып жатады екен. Тәртіп бойынша бос орындар да орталыққа хабарлануы керек.

Жиын соңында сөз алған ШҚО білім басқармасы басшысы Асқар Нұрғазиев бірқатар колледждердің мамандықтары ұқсас екендігін атап өтті. Сонымен қоса, бұл орайда оқу орындарында материалдық-техникалық базаны күшейту маңызды мәселе екеніне тоқталды.  «Қазіргі таңда облыс бюджетінің 30 пайызы, яғни, 70 миллиард теңге білім саласына беріледі. Бұл мемлекетіміздің сарабдал саясаты. Біз барлық ресурстарды, оның ішінде қаржы және кадр мәселесін жандандырып, ұтымды пайдалануымыз керек, — деді Асқар Нұрғазиев. Сонымен қатар, ол облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлының «Мемлекет қаражатына жұмыссыздардың әскерін даярламаңыздар!» деген сөзін тілге тиек етіп, оқу орындары мен кәсіпорындар, бітірушілер мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы бірлесе отырып жұмыс жасау керектігін айтты.

Кездесуді қорытындылай келе ШҚО білім бас-қармасы басшысы Асқар Нұрғазиев қалалық қана емес, мемлекеттік деңгейде сұраныс тудырып отырған түрлі мамандықтарды даярлайтын оқу орындары бар екендігін айт келіп, техникалық және кәсіби білім беру кеңесінің жұмысына оң бағасын берді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,                                                                                                            «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

04.11.2026
Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында су ресурстарының тапшылығын болдырмау және...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

04.11.2026
Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

Адам денсаулығы – қоғамның әл-ауқаты мен ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан медициналық көмекке қол жеткізу және денсаулықты қорғау мәселесі...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

04.11.2026
Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптары, валюталық түсімді...

Толығырақ...Details

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

37 минут бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

49 минут бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

1 час бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

1 час бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

2 часа бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

24 часа бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

1 день бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

1 день бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

1 день бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС