"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОТҚА ОРАНҒАН ОРМАН

25.05.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

21 мамыр күні Семейдің қарағайлы орманында шыққан қалың өрт 300 гектар аумақты шарпыған. Мамандар өрттің себебін адам факторымен байланыстыруда. Сейсенбі, 22 мамыр күні «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өткен баспасөз жиналысында бас директор Мұрат Дәулетов осылай деді.

Сол күні сағат 13.50-де тұтанған жалынды сөндіру тек кешкі сағат 19.50-де мүмкін болған. «Солтүстік» сауда — логистикалық орталығының арт жағынан басталған өрт жеке секторларға жалғасып, құмды төбешіктерді жағалаған. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 8 сағаттан соң ғана өрттің бетін қайтарыпты.

— 21 мамыр күні сағат 13.50-де бақылау мұнарасынан Энергетик ауданынан шыққан қалың түтін байқалды. 14.08-де оқиға орнына екі экипаж өрт сөндіру машинасы жетті. Өрт құм төбешіктер арқылы жайыла бастағандықтан, онда өту өте қиын болды. Жер бедері күрделі. Сондықтан ол аумақтарға ауыр техниканы жұмылдыру мүмкін болмады. Өскеменнен екі тікұшақ ұшып келіп, көмек көрсетті. Қалың түтіннен өрттің нақты қай жерде болып жатқанын бірден дөп басып анықтай алмадық. Қызыл жалын күшейген соң, филиалдарымыздағы барлық күштерімізді шақырдық,- деді «Семей орманы» резерватының бас директоры Мұрат Дәулетов.

Бас директордың сөзіне сүйенсек, апатты ауыздықтауға 40 бірлік өрт сөндіру машинасы, 3 тікұшақ, 10 трактор, 4 автобус, 3 су тасушы көлік, гидранттар және 350 адам жұмылдырылған. Қазір өрт ошақтарын оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Кешегі күнге дейін 350 адам жұмыс істесе, бүгінде оның жартысы ғана жұмысты жалғастыруда. Қазір ағаш түбірлерін сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалын қайтты, барлық өрт ошақтары тұмшаланды. Алдағы уақытта шығындар толтырылады,- деді ол.

Өрттің басталу ошағы ретінде 3-4 аумақ белгіленіпті. Соған қарай мамандар бұл жағдайды қасақана жасалған апатқа балайды. Әзірге шығындар толық есептелмеген. 12 күннен кейін, яғни өрт салдары толығымен жойылған кезде, республикалық комиссия келіп, апат себебін анықтаумен айналыспақ. Сол күні, ең алдымен, тілсіз жауды қалаға өткізбеу үшін жанталаса әрекет жасағандарын айтқан мамандар әсіресе Красный Кордон ауданының тұрғындарынан балаларын қараусыз қалдырмауды өтінді.

— Көктем шыққалы бері сол күні алғаш рет күн ыстық болып тұрды. Темекі тұқылын өшірмеу, әдейі өрт қою немесе балалардың ойыны — мұның барлығы себепкер болуы мүмкін. Осы жылы Канонер филиалында төрт бала қасақана өрт қойды. Сәтін салғанда, өртті дер кезінде өшіре алдық. Осы жолы да үш аумақта өрт тұтанды. Сондықтан бұл әдейі жасалған іске көбірек ұқсайды. Орман – табиғаттың сәні, баршамыз демалатын орын. Сондықтан оны сақтау, аялау — барша адамзатқа жүктелген аяулы міндет. Осы орайда қала тұрғындарынан орманға барғанда өте абай болуды өтінеміз,- деді ол.

Оның айтуынша, «Семей орманы» табиғи резерватында тілсіз жаудың алдын алуға арналған ТМД елдерінде жоқ арнайы техникалар бар. Тоғыз мұнарада орнатылған бұл құрылғылар арқылы 60 шақырым қашықтыққа дейінгі түтінді байқауға болады.

— Бұл — пилоттық бағдарлама. Құрылғылар тоғыз мұнарада орнатылған. Осы бағдарламаның арқасында бізде осы уақытқа дейін үлкен өрттер орын алған жоқ. 5-6 жыл уақыт көлемінде Семейде ешқандай өрт болмады. Техникалар жылдың кез келген уақытында күні-түні жұмыс істейді. Әдетте, найзағай ойнағаннан кейін 3 күннен соң, орманда өрт болады. Найзағай ойнаған кезде, оператор бірден өрт бөлімшесіне хабар береді де, жалын дереу ауыздықталады,- дейді М.Дәулетов.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС