"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ТАҚЫРЫБЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРЕТІН УАҚЫТ ЖЕТТІ

19.06.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның әр аймағын аралап келе жатқан ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық комиссияның Орталық сараптама кеңесінің көшпелі отырысы жұма, 15 маусым күні Алаш астанасы Семей қаласына жетті. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде өткен мәжіліске ҚР ҰҒА академигі, профессор, Орталық сараптама кеңесінің сарапшысы Дихан Қамзабекұлы, профессор Ерлан Арын, белгілі журналист Берік Уәли, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, Серікзат Дүйсенғазы, ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева, Шәкәрім университетінің ректоры Мейір Ескендіров, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының м.а. Сәуле Рахметуллина, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова және тағы басқалар қатысты.

Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі Мәдениет Ахметова ШҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бағдарламалар барысымен таныстырды. Оның айтуынша, еліміздегі діни ахуалдарға байланысты халық арасында сауатты түсіндірме жұмыстарын жүргізетін теологтер, ақпараттық топтар жетіспейді. Осы мақсатта өңірдегі колледждерде 40 маман дайындалуда. Келешекте Нұр-Мүбәрак университеті және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен келісілген бағдарлама негізінде, ақпараттық топтардың 100 лекторын дайындау жоспарланып отыр. Бұл шараға республиканың белгілі оқытушылары мен теологтері тартылмақ. Сондай-ақ ол жалпы құны 87 млн. теңгеге бағаланған «Әдеби шығыс» жобасын жүзеге асыру басталғанын айтты. Оның аясында облыстағы 40 мың шәкірттің арасында Шәкәрім және Достоевский шығармаларынан жаппай диктант жазу жүргізіліп, 1500 жеңімпазға облыстың тарихи және киелі орындарын аралауға жолдама беріліпті. Сонымен қатар Шығыс Қазақстанға есімі белгілі жазушылар шығармалары бойынша эссе жазып, жеңіске жеткен 500 оқушы «Дарын» облыстық лагеріне кезең-кезеңімен демалуға мүмкіндік алған.

— «Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыруда жергілікті бюджеттен биылғы жылы 2 млрд. 704 млн. теңге бөлінсе, тағы 2 млрд. теңге Алакөлдің инфрақұрылымына жұмсалды. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты арнайы жобасының аясында тарих, этнология, археология бағытында білікті мамандармен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының мақсаты — макро және микро құнды объектілерді анықтау.

Шығыс Қазақстанның Берел, Шілікті, Абылайкит қорымдары қазіргі күні қасиетті орындар мәртебесіне ие. 2018 жылы З.Самашевтың, А.Төлеубаевтың, Қ.Байпақовтың, А.Исиннің басшылығымен 4 жоба бойынша археологиялық жұмыстар басталды. Археологиялық маусымның қорытындысы дәстүрлі түрде қыркүйек айында өтетін «Алтай — түркі әлемінің ортақ бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жарияланады. Осы жұмыстардың нәтижесінде монография басылымын әзірлеу жоспарлануда,- деді Мәдениет Медеуханқызы.

Тарихшы ғалым, Қазақстан тарихшылар конгресінің жауапты хатшысы Ерлан Сайлаубай аталған баяндама бойынша «Шығыс Қазақстанның топонимикалық тарихы» оқулығын даярлайтын ғылыми жұмыс тобын құру, ШҚО-ның қасиетті жерлерінің топонимикалық картасын әзірлеу және шығару, облыстың сакралды географиясы бейнеленген виртуалды музей жасау, «Туған жер» арнаулы жобасы аясында мектеп өлкетану музейінің жалпы типтік нұсқасын және облыстық музейдің жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, ШҚО бойынша жергілікті және республикалық тізбелерге енгізілген тарих және сәулет ескерткіштерінің жинағын жаңалау, облыстың сакралды картасына енгізілген объектілерге тиісті статустық сипаттағы белгілер қою, облыс территориясында орын алған ұлттық, республикалық, өңірлік масштабтағы оқиғалар картасын әзірлеу және әр тарихи оқиға бойынша сериялық санаттағы құжатты фильмдерді даярлау, Би Боранбай кесенесінің құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтап, оны республикалық туристік кластерге және Қазақстанның қасиетті орындары тізбесіне енгізу, облыс орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш кешенін ашу, Берелдегі тарихи-мәдени мұражай кешеніне «Патшалар алқабы» деген атаумен ұлттық тарихи-мәдени парк статусын беру, Бесқарағай ауданы мен Семей қаласы төңірегіндегі Қимақ қағанаты астанасы болған қала орнын анықтау, Тарбағатай мен Жарма ауданы территорияларында назардан тыс қалған Арғанаты қорғандарын, Қалбатау ескерткіштерін зерттеуді қолға алу туралы ұсыныстарын жеткізді.

Ал айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы кешенді түрде Алаш жобасын әзірлеп, Семейдегі Алаш мұражайын республикалық деңгейде жасақтау керек деп есептейді. Мәжіліс соңында ұлттық комиссияның спикері Дихан Қамзабекұлы Семейді Абай брендімен байланыстыратын кешенді бағдарлама жобасын әзірлеуді ұсынды.

— Абай — Шығыс Қазақстан үшін, жалпы түркі әлемі үшін брендтік ұғым. Осыған байланысты Абай тақырыбын жаңа деңгейге көтеретін уақыт жетті деп есептейміз. Біздің Сараптамалық кеңес осы уақытқа дейін бірнеше қаланы аралап, сол аймақтардың атын елге паш ететін жобалар қабылдауды ұсынып келе жатыр. Мәселен, Көкшетау «Сал-серілер өңірі», Қарағанды «Ұлытау — Ұлы дала бесігі», Талдықорған «Алтын адам» тақырыптарын өзек етіп алды. Осы бағытта Сіздерге «Абай оқуларының» атауын «Абай жолы» халықаралық фестивалі етіп өзгертуді, «Абайтану» көп томдық кітап сериясын шығаруды, «Абай» журналына лайықты мәртебе беруді, «Абай» энциклопедиясын шығаруды, «Абай жолына» және оның кейіпкерлеріне скульптуралық монументалды композиция ескерткіштерін орнатуды ұсынамыз және бұл бастамаларды қолдауға әзірміз,- деді Дихан Қамзабекұлы.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

03.06.2026
Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Іс-шара аясында...

Толығырақ...Details

Қазақстан Кипрмен жан-жақты әріптестікті дамытуға мүдделі – Президент

03.06.2026
Қазақстан Кипрмен жан-жақты әріптестікті дамытуға мүдделі – Президент

Қазақстан мен Кипр президенттерінің келіссөздерді ресми делегацияның қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапардың Еуропалық Одақ...

Толығырақ...Details

Кипр инвесторлары Қазақстан Үкіметінің нақты қолдауын ала алады – Президент

03.06.2026
Кипр инвесторлары Қазақстан Үкіметінің нақты қолдауын ала алады – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Кипр ынтымақтастығын дамытуда қай салаларға басымдық берілетінін айтты. – Екіжақты қатынасымыз соңғы жылдары тұрақты...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

03.06.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президенті Никос Христодулидиске І дәрежелі Достық орденін тапсырды. Марапат рәсімінде Мемлекет басшысы мемлекеттердің...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипрді Транскаспий және Орта дәліз жобаларына атсалысуға шақырды

03.06.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипрді Транскаспий және Орта дәліз жобаларына атсалысуға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кипрлық серіктестерді Транскаспий дәлізі жобасына атсалысуға шақырды. Орта дәліз аясында да Қазақстанның құрлықтағы және Кипрдің теңіздегі...

Толығырақ...Details

Кипр Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жобаларына қызығушылық танытты

03.06.2026
Кипр Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жобаларына қызығушылық танытты

Кипр президентімен келіссөздер табысты өтті деуге толық негіз бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ-қа мәлімдемесінде айтты. Президенттің айтуынша,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

8 часов бұрын

Қазақстан Кипрмен жан-жақты әріптестікті дамытуға мүдделі – Президент

9 часов бұрын

Кипр инвесторлары Қазақстан Үкіметінің нақты қолдауын ала алады – Президент

9 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

9 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипрді Транскаспий және Орта дәліз жобаларына атсалысуға шақырды

9 часов бұрын

Кипр Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жобаларына қызығушылық танытты

9 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси шиеленістерге қатысты Қазақстанның ұстанымын мәлімдеді

9 часов бұрын

Кипр Президенті: Қазақстан – геосаяси маңызы артып келе жатқан серіктес

9 часов бұрын

Қазақстан мен Кипр қандай келісімдерге қол қойды

9 часов бұрын

Семей көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы көбейеді

9 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС