"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АТҚАРАР ІСІ АУҚЫМДЫ

02.08.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бұрын ел арасындағы түрлі түйткілді мәселелер мен дау-дамайларды аузы дуалы ақсақалдар бір ауыз сөзбен шешсе, қазір сол ақсақалдардың орнын Қоғамдық кеңес басты. Көпшіліктің көкейіндегі мәселені қозғап, елдің мүддесін қорғап, халықтың мұң-мұқтажын құзырлы орындарға жеткізуде қоғамдық кеңестің рөлі зор.

Әр саланың өкілдерінен құралған облыстық Қоғамдық кеңес біраз уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Осы аралықта қандай мәселелердің түйіні шешілді? Қазіргі күні қандай жұмыстар атқаруда, алдағы жоспарлары қандай? Сейсенбі, 31 шілде күні Абай атындағы кітапханада ШҚО Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында осы мәселелер қаралды. Семей қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасының орынбасары Жанна Жибраеваның төрағалығымен өткен алқалы басқосуға ШҚО талдау мен болжау институтының қоғамдық — саяси және ЖШС жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аяужан Әшімова, эксперттік топ жетекшілері Ольга Кузовлева, Виктор Дак, эксперттік топтың мүшелері Руфит Ахмедзянов, Елена Полянцева және қаламыздағы әртүрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын шымылдығын ашқан Жанна Жағыпарқызы:

— Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады. Қоғамдық кеңестердің міндеттеріне азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру жатады. Кеңес сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін–өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамытуға атсалысады. Қоғамдық бақылауды ұйымдастырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін – өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді,- деп осы жолы қарастырылатын мәселелер тізбегіне тоқталып өтті.

Отырыс кезінде «Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы аумақты басқаруға тұрғындарды тарту жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» жобасының тұсаукесері болып, жиналғандар осы бағытта пікір алмасты. Негізгі баяндаманы ШҚО талдау мен болжау институтының қоғамдық — саяси және ЖШС жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аяужан Тұрсынбекқызы жасады.

— Қоғамдық кеңес аймақтық деңгейде өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Және бұл қоғамдық ұйымға мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейді. Біз «Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы аумақты басқаруға тұрғындарды тарту жолымен жергілікті өзін — өзі басқаруды дамыту» жобасының тұсаукесерін аймағымыздың әрбір ауданында өткіздік. Енді Семей қаласына келіп отырмыз. Келгендегі басты мақсатымыз – облыстық Қоғамдық кеңес жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғаны турасында айтып, сіздердің ой және идеяларыңызды тыңдау,- деген Аяужан Әшімова өздерінің ШҚО аудандарында болып, пікір алмасқандары жайында айтып берді.

Бұл орайда қаладағы шешілмей жатқан проблемаларды облыстық деңгейде қалай көтеру керектігі жайында да айтылды. ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау бойынша эксперттік тобының жұмысы жайлы осы топтың жетекшісі Ольга Кузовлева сөз қозғады. Қылмыстық жазасын өтеп келген жерлестеріміздің жаңа ортаға бейімделуінің жай-күйіне қатысты өз ойын эксперттік топтың жетекшісі Виктор Дак ортаға салды. Аймағымызда жастар саясатының жүзеге асу барысы жайында эксперттік топ мүшесі Руфит Ахмедзянов баяндап, біраз ой салар дүниелерді айтып өтті. Өз кезегінде эксперттік топ мүшесі Елена Полянцева экология мәселесіне қатысты ой-пікірін жеткізіп, қоршаған ортаның ластануы мен тұрғындарға тигізіп отырған зиянын сөз етті.

— Қоғамдық кеңес – ел ішіндегі түрлі саладағы мәселелерді талқылау алаңы, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуші механизм. Яғни кез келген адам өзінің әлеуметтік сипаттағы белгілі бір проблемасы бойынша арыз жазып, қоғамдық кеңеске тапсырса, ол міндетті түрде кеңестің отырысында қаралады. Ел дамуының түпкілікті мәселесін, әдетте, мемлекет қоғамның қолдауынсыз, ал қоғам биліктің қолдауынсыз шеше алмайды. Тек олардың бірлесе жұмыс істеуі ғана табысты нәтиже береді,- деді сөз соңында Аяужан Әшімова.

Жалпы, отырыс барысында айтылғандай, қалалық Қоғамдық кеңестің белсенді жұмыс атқаруы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы әріптестік қарым – қатынастың тиімді жүйесін құруға бастамашы болады. Біз аталған басқосудан осыны көре алдық. Тек іске сәт демекпіз!

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

11.05.2026
«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында жас драматург Жәнібек Әлікеннің «Қарағай» атты әлеуметтік драмасының премьерасы өтті. Қойылымды режиссер...

Толығырақ...Details

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

10.05.2026
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

Бүгін, мамырдың екінші жексенбісінде, Қазақстан Аналар күнін атап өтуде. Биыл айтулы мереке 10 мамырға сәйкес келді. Бұған дейін елімізде Аналар...

Толығырақ...Details

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

09.05.2026
Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өңір тұрғындарына тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтары туралы еске салды. Абай...

Толығырақ...Details

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

09.05.2026
Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Өңірде шомылу маусымында су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Абай облысы...

Толығырақ...Details

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

09.05.2026
Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Берік Уәли Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагері, мереке күндеріне орай Мәскеуге барған Григорий Маларовқа байланысқа шығып, мерекемен құттықтады....

Толығырақ...Details

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

09.05.2026
Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

9 мамыр – Жеңіс күні Абай облысында кең көлемде атап өтілуде. Атаулы күнге орай Семей қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. 🔼Облыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

13 часов бұрын

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

2 дня бұрын

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

3 дня бұрын

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

3 дня бұрын

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

3 дня бұрын

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

4 дня бұрын

Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

5 дней бұрын

«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС