"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛТЫН АДАМ СЕМЕЙДЕ

28.09.2018
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

21 қыркүйек күні шаһарымыздың тұрғындары тәуелсіз Қазақстанның брендіне айналған еліміздің ең құнды жәдігерлерінің бірегейі Алтын адамды тамашалау мүмкіндігіне ие болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Шілікті Алтын адамы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға қала қонақтары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қайрат Сабырбаев көрмеге келген қонақтарды құттықтап сөз сөйледі.

— Құрметті қонақтар, бүгін мекемемізде игілікті шараның тұсауын кескелі отырмыз. Өздеріңізге белгілі, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шілікті  Алтын адамы» экспонатын жасау идеясы ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің ұйғарымымен бастау алып, бүгінде біздің мұражайымызға әкелініп отыр. Шіліктідегі Алтын адамды Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, жерлесіміз Әбдеш Төлеубаев 2003 жылы тапқан болатын. Ал осы жәдігердің түпнұсқасы Астана қаласының мұражайында сақтаулы. Бүгінгі біздің мұражайымыздағы Алтын адамның көшірмесін жасаған — археолог Қырым Алтынбеков. Міне, осы азаматтардың бірлесіп атқарған жұмыстарының арқасында біз осындай керемет туындыға қол жеткізіп отырмыз. Әрине, бұл біз үшін тарихи маңызды оқиға. Өйткені бұл — қазақтың тарихы.

Шежіреші, қоғам қайраткері Жанболат Молдабеков пен профессор, тарихшы, ғалым Амантай Исин және қоғам қайраткері, ақын, жыршы Құсмілия Нұрқасым экспонаттың лентасын қию құрметіне ие болып, өз пікір-тілектерін білдірді. Қызыл лента қиылғаннан кейін музей қызметкері шараға қатысушыларға Алтын адам жайлы ақпарат берді.

Негізінен, Шілікті Алтын адамы Бәйгетөбе қорымынан 2003 жылы табылған. Жәдігер б.з.д. 8-ші ғасырға жатады және бұл Алтын адам Есік қорғанынан табылған Алтын адамнан 400 жылға көне екен. Жалпы, Шілікті Алтын адамының киімі, оның әлеуметтік-таңбалық қызметіне сәйкес, патшаның, ханның немесе басқа да билеушінің мәртебесін айшықтайды, сондай-ақ олардың көзқарастарындағы әлемдік модельді көрсетеді. Киімін безендіруде қолданылған жануарлардың бейнелері ерекше қасиеттілік белгісі тұмар түрінде алтыннан жасалған. Алтын адамның ғылыми көшірмесін жасауда автор Ұлан өлкесінен табылған жәдігерлерге сүйеніпті. Бұл бірегей заттардың қолданылу мақсатын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені олар қабірде, көне мұзда сақталған. Археолог Әбдеш Төлеубаевтың сөзіне қарағанда, ағаш қабір тас қорғанға жасырылып, беті топырақпен жабылған. Құрылым қысқартылған пирамида түрінде болған. Мазардың ішінен 4303 алтын бұйымдар табылды. Шілікті Алтын адамының киімін қайта қалпына келтіру арқылы көне сақ қоғамы билеушісінің бейнесін  көре аламыз.

Иә, Елбасымыз Н.Назарбаев еліміздегі музейлер туралы: «…Көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап, жүйелеу, оларды келешекке сақтап жеткізу, өзге жұртқа барымызды көрсетіп насихаттау — абыройлы міндеттің бірі»,— деп атап өткен болатын.

Сонымен, қорыта айтатын болсақ, ғасырлар бойы қалпын бұзбаған асыл мұра өнерсүйер қауымның қызығушылығын туғызды. Егеменді еліміздің бай тарихын түгендеу, баянды дәстүрін танып білу, көнені көздің қарашығындай сақтау – барша халықтың міндеті. Іргелі жоба тарихты сақтауға, елдікті нықтауға септігін тигізбек. Семей қаласының тұрғындары мен қала қонақтары үшін еліміздің бетке ұстар жәдігері, әлемге танымал Алтын адам артефактісін қаламыздың тарихи-өлкетану мұражайынан көруге мол мүмкіндік туып отыр.

Қ.НӘСІПБЕКОВ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

19.05.2026
Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

Semeytany.kz – Абай облысында суға шомылу маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің...

Толығырақ...Details

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

19.05.2026
Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

Semeytany.kz – Абай облысының делегациясы Австралияға барып, мал шаруашылығындағы заманауи технологиялар мен тиімді басқару тәжірибесін зерделеді. Сапар барысында өңір өкілдері...

Толығырақ...Details

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

19.05.2026
Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, ескі автогуж көпірінің маңында салынып жатқан жаңа көлік...

Толығырақ...Details

Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

19.05.2026
Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласын аралау барысында Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Қазіргі...

Толығырақ...Details

Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

19.05.2026
Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты. Қазір өңірде 10 теміржол вокзалын...

Толығырақ...Details

Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

19.05.2026
Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

Semeytany.kz – Абай облысында мобильді байланыс пен интернет инфрақұрылымын дамыту бағытында жаңа жұмыстар қолға алынбақ. Облыс әкімі Берік Уәли «Мобайл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

15 часов бұрын

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

15 часов бұрын

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

15 часов бұрын

Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

15 часов бұрын

Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

15 часов бұрын

Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

15 часов бұрын

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

15 часов бұрын

Президент: Алтын Орда жылнамасы — адамзатқа ортақ тарих

16 часов бұрын

Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі кезеңі ретінде қарастырады — Президент

16 часов бұрын

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Мемлекет басшысы

16 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС