"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Енді Зырян емес, АЛТАЙ

22.10.2018
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мың өліп, мың тірілген қазақтың пешенесіне бұйырған жақсылық та, жамандық та аз болмаған ғой. Патшалық дәуір… Кеңестік отарлау… Әкімшіл-әміршіл жүйенің қазақты ұлттық құндылықтарынан, төл дәстүрі мен тілі, ділінен айырған сұрқия саясатын да бастан кешірдік.

Қазақ халқының маңдайына біткен бақыт, тағдырына жазылған теңдессіз сый Тәуелсіздігімізді алған уақыттан бері отарлаудың қамытын шешіп,  жоғымыз түгенделе бастады. Тарихи жер-су атауларын қайтару жұмысының соңғы жылдары қарқын ала бастағаны — сол істердің бірегейі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің бастамасымен аймағымызда бұл орайда атқарылып жатқан істер ұшан-теңіз.

Нақты деректерге сүйенер болсақ, тек 2017 жылы ғана облыстық ономастикалық комиссияның екі отырысы өткізіліп, мектеп, көше атауларын ауыстыру бағытында келіп түскен ұсыныстар қаралған екен. Сол ұсыныстар бойынша Жарма ауданының Маяковский және Шевченко, Өскемен қаласының Н.Крупская атындағы мектептерінің атауларын өзгерту бойынша құжаттар қаралып, бүгінгі күні бұл орайда Үкімет қаулысы дайындалуда. Өткен жылы Глубокое ауданының Черногорка ауылындағы атауы жоқ төрт көшеге ат берілді.

Идеологиялық тұрғыдан ескірген, яғни Одақтың одағай саясатының иісі шығатын Шемонайха ауданының 13 көшесі, Көкпекті ауданының 5 көшесі, Күршім ауданының 2 көшесі тәуелсіздігін алған еліміздің бүгінгі талабына сай  жаңа атауларға ие болды. Көкпекті ауданының Белое ауылдық округі мен ауылының атауы Аққала деп, «Санаторий Лениногорский» ауылының атауы Лесное болып өзгертілгені де осы жаңашылдықтың жаңалығы.

Алаштың отаны Семейдегі Ленин көшесін өзгерту көпшіліктің көкейінде жүрген түйткілді мәселелердің бірі болатын. Ендеше, Ленинді Мәңгілік Елдің ығыстырғаны, Полковничий аралының Бейбітшілік болып ауыстырылуы халықтың еңсесін көтерген елеулі оқиға деп айтсақ артық болмас. Өскемен қаласындағы Карл Маркс даңғылының Қазыбек би даңғылы болып өзгертілуі Тәуелсіздіктің керемет сыйы емес деп кім айта алады!

Таяуда кенді Алтайдың бойындағы Зырян қаласы мен Зырян ауданының Алтай деп өзгертілетіні жайлы жаңалық та халықтың құлағына жетті.

Өр Алтай, Асқар Алтай, асқан Алтай,

Анамдай әлпештеген жастан Алтай.

Суы бал, көдесі май, жері майса,

Ағызған сары алтынды тастан Алтай,-

деп келетін ән жолдарының шығу тарихын біреу білсе, біреу білмес. Халқымыздың жезтаңдай әншісі болған Жамал Омарова Ұлы Отан соғысы жылдарында Алтай өңіріне гастрольдік сапармен барып, өнер көрсетеді. Соғыстың басқа салған ауыртпалығынан шаршаған Алтай бойын мекендеп жатқан халық өздерінің жаралы көңілдерін бір көтеріп тастаған әншінің өнеріне тәнті болып, бар-жоғын алдына тосып, қонақ қылып күтеді. Әншіге Алтайдың сұлу табиғатын көрсетеді. Осы гастрольдік сапардан керемет шығармашылық шабытпен оралған Жамал апайымыз композитор Евгений Брусиловскийге және ақын Нығмет Баймұхамедовке Алтай өңірі туралы ән жазуға өтініш білдіреді. Сондай өтініштен туған «Өр Алтай, асқар Алтай, асқан Алтай!» деп басталатын таңғажайып «Алтай» әнін Жамал Омарова репертуарынан түсірмей, ұзақ жылдар бойы шырқаған. Бұл бар қазақтың жүрегіне жылулық ұялатқан әйгілі ән болды. «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» деген ел аузындағы мәтелге себеп болған да осы ән.

Сонымен,

Өр Алтай! Төр Алтай!

Әнге әуен болған Алтай!

Ақынға шабыт сыйлап, жыр жаздырған Алтай!

Арғы-бергі баурайы біздің қандастарға пана болған Алтай!

Ресейдің Алтай өлкесі, Шыңжанның солтүстігіндегі Қазақ автономиялық облысының Алтай аймағының әкімшілік орталығы, Моңғолияның түркі халықтарының алтын бесігі саналатын Алтай өңірі. Алтай тау жотасын  Қазақстан, Моңғолия, Қытай және Ресейдің шекаралары бөліп жатқанымен, арғы-бергі беткейін түгелдей біздің қандастар мекен етіп отырған киелі қоныс.

Ата-бабамыз шаңырағын көтеріп, түндігін ашқан, түтінін түтеткен Асқар Алтай қазір төрт елдің жерінде. Алайда ата қоныс Алтайды қастерлейтін перзенттеріне ешқандай шекара шектеу бола алмаса керек. Алтай — қазақ халқының ежелгі атамекені. Ендеше, Зырян қаласы мен осы аттас ауданның атын Алтай деп өзгерту жайлы хабар тамырында қазақтың қаны бар барша азаматтардың жанын жадыратқан жаңалық болды.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің Зырянды Алтай деп атау жайлы осы оңды бастамасын көпшілік егеменді елдің іргесін нығайту жолындағы батыл азаматтық қадам деп қабылдады.

Зырян ауданы — Алтай тау жүйесінің бойында орналасқан Шығыс Қазақстанның кенді өлкесі. (« Алтай тау жүйесі — Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр». Уйкипедиядан алынды). Зырян  кен орнын ашушылар көп болған. Тарихи деректерге сүйенсек, 1791 жылы Өскемен қамалынан Бұқтырма кенiне кезектi бергайерлер жасағы келеді. Мысалы, 1801 жылы Мамонтов Хаир-Кумин  бүгінгі Зыряннан 20 шақырым жерде қорғасын кен орнын тапқаны жайлы тарихи дерек бар. Ал Малеев селосы 1810 жылы кен орнын ашқан  маркшейдердің атымен осы күнге дейін  аталып жүр. Иван Заводин деген маркшейдер Кондратьево селосының маңында тағы бір кен орнын тапқан.

Бүгінгі Зырян Одақ тұсында жер қойнауында күміс пен қорғасыны мол ірі кен орындарының бірі ретінде танылған. Ендеше, қазір аудан мен қала атын иеленіп отырған Зырянов Григорий Григорьевич жалғыз кенші емес.

Бірнеше мемлекеттің шекарасының бойын мекендеп жатқан Алтай тауының баурайындағы қалалар Ресейде Горно-Алтайск, Моңғолия мен Қытайда Алтай аталады. Өкінішке орай, Қазақстандағы осы таудың бойында ойконим жоқ. Ендеше, облыс басшысының бұл бастамасы халқымыздың қасиетті қонысы атаусыз қалмауы қажет, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан  жағында да АЛТАЙ атты бір қала болуы керек деген ойдан туғаны белгілі.

Оң бастама! Естігенде тағы бір қателік жөнделетін болды деп қуандық. Аты өзгерген қала тұрғындарының  санасы да серпілер деп, ұлттық намысы ұйықтап қалған бауырлар болса, оянар деген үмітпен қуандық. Зыряндағы балабақшалардың да атауы қазақшаланып, ұрпағымыздың «бесігі түзелер» деген үмітпен қуандық. Жастарымыз асқар Алтайдың мұзарт шыңдарына қарап биікке ұмтылсын деп тіледік. Алтайдың  бойында  шекараның арғы бетін  мекендеп отырған  Ресейдегі, Қытай мен Моңғол жеріндегі бауырлар бұл жақтың енді Зырян емес, Алтай болғанын естіп елең етер деп, ата жұртқа оралсам  деген үміттің  қоламтасы  сөнбей,  қайта  ұшқын шашар деп қуандық.

Сонымен, жақсы іс қолға алынды. Ақсарбас айтып, игілікті  істің  тілеуін тілеп, нәтижесін  күтіп отырмыз. Айтпақшы, Зырянның тарихтағы бастапқы аты  Көктас болғанын біреу білсе, біреу білмес. Осы жерде айта кеткен артық болмас, Одақ кезінде орысша ат алып, бүгінге дейін келе жатқан ауыл, қалалардың барлығының әу баста қазақша атаулары болған. Мысалы, аймағымыздағы Глубокое  ауданының тарихи атауы — Ақтас, Бородулиха Белағаш болған. Ендеше, Зырянды қаланың тарихи аты деп дүрілдеп жүрген дүрмекке осыны дұрыс түсіндіру қажет-ақ…  Көктас атауын да мүлде ұмытуға болмайды. Оны да осы маңдағы тағы бір кеншілер ауылына берсе артық болмас еді.

Тарихи әділдіктің  түбі жеңетіндігі ақиқат. Біздің қазақ халқы да, әлемдегі барлық тәуелсіз ұлттар секілді, өткенін қадірлеп, тілін тұғырына қондырып, салт-дәстүрін аялап өркениетке барар көшін түзеген ел. Жоғалтқан  рухани құндылықтарын қайтарып жатқан ел. Тек баянды болғай!

Риза Молдашева,

ШҚО мәслихатының депутаты.


Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

35 минут бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

41 минута бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

52 минуты бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

1 час бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС