"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯНЫҢ ХХV ЕСЕП БЕРУ — САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

22.10.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 16 қыркүйек күні Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғимаратында «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының кезекті, ХХV есеп беру — сайлау конференциясы болып өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов, қала әкімі Ермак Сәлімов, қалалық филиалдың саяси кеңес мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, партиялық бақылау комиссиясы және жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, бастауыш партия ұйымдарының, қоғамдық және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Күн тәртібі бойынша «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы саяси кеңесінің жылдық есебі тыңдалып, партияның қалалық саяси кеңесін және облыстық конференцияға қатысатын делегаттар сайланды.

«Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова партия саяси кеңесінің бір жылда атқарған жұмысы туралы есебін баяндады.

«Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы саяси кеңесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауларын насихаттау мен түсіндіруде, партия басшылығы қойған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда жоспарлы түрде жұмыстар атқарып келеді. Партия қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына белсене араласуда. Білім беру саласын дамыту мәселесін үнемі бақылауда ұстап, жағдайын жақсартуға ықпал етіп отыр.

— Биыл Семей қаласының экономикасында өткен жылмен салыстырғанда оң өзгерістер байқалады. Атап айтар болсақ, әлеуметтік саланы дамыту үшін Бобровка кенті мен Ұшақтар ықшам ауданында 1800 орындық екі білім ошағы пайдалануға берілді. Келесі кезекте Степной және Шығыс кенттерінде 1500 орындық мектеп салу жоспарда тұр. «Менің мектебім» жобасы аясында қалалық демеушілердің көмегімен 30-ға жуық «Мәңгілік Ел» оқу бөлмелері ашылып, 75 млн. теңгеге 20-ға жуық кабинет заманауи робототехникалық құрылғылармен жабдықталды. 2018 жылы Қарағайлы шағын ауданында 320 орындық балабақша салынды. Ұшақтар ықшам ауданында 280 орындық балабақшаның құрылысы аяқталуға жақын. Биыл қалалық университеттерге 118 грант бөлінді, бұл жоғары білімнің сапалы және қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта 988 колледж студенттері жаңа жатақханалармен қамтылатын болады,- деді «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова.

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде іс-шаралар атқарылуда. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру да партияның басты назарында.

— Қаланың инфрақұрылымын дамыту үшін Еуропалық қайта құру және даму банкімен 13 миллиард теңгеге несиелік келісімшарт жасалды. Бұл қаражат қаланы жылумен, сумен қамтуға және жарықтандыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында жұмсалмақ. Яғни 2021 жылы шаһарамызда 26 шақырым жылу, 12 шақырым су, 52 шақырым кәріз желілері мен 7 мың шақырым жарықтандыру желілері ауыстырылады,- деді «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова.

Семей қалалық «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының жұмысы мен қала экономикасының дамуы туралы Дариға Даирова баяндады.

— Жылдық және есептік кезеңнің көрсеткіштері Семей қаласы экономикасының тұрақты өскендігін көрсетеді.  Жыл басынан бастап қала-ның өнеркәсіп мекемелері 130 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өсу қарқыны 110 пайызды көрсетті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 22,5 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға жоғары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 24,8 млрд. теңге, ал өсу қарқыны 72,2 пайыз болды. Сауда айналымы 151,6 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жыл-мен салыстырғанда 7,2 млрд. теңгеге артты. Негізгі капиталға салынған инвес-тиция 58 пайызға өсіп, 44 млрд. теңгеге жетті. Биылғы жылдың 9 айында 54 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы қаланың бюджет жиынтығы, қаржыландырудың барлық көздерін қосқанда, 57,2 млрд. теңгені құрады,- деді Семей қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы төрағасының орынбасары Дариға Даирова.

— Елбасының бес әлеуметтік бастамасы мен «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Осы Жолдау негізінде арнайы Қоғамдық кеңес құрылды. Кеңестің құрамына барлық саяси партиялар, мемлекеттік емес мекемелер, қоғамдық ұйымдар кіреді. Бұл қоғамдық бақылау жүргізу арқылы Елбасының тапсырмасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді,- деді «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.

Есеп беру баяндамаларынан кейін дауыс беру арқылы партияның қалалық саяси кеңесі және облыстық конференцияға қатысатын делегаттар сайланды.

Конференция соңында «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов пен қала әкімі Ермак Сәлімов партия белсенділеріне алғыс хаттар табыс етті.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»


Ұқсас жаңалықтар

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

10.08.2026

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне...

Толығырақ...Details

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

10.08.2026
Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

Семейде Абай күніне орай жаңа қоғамдық-мәдени кеңістік – Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

10.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!   Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл...

Толығырақ...Details

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

10.08.2026
Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтеді. Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы, композиторы және қоғам ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына...

Толығырақ...Details

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

10.08.2026
eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

eGov Mobile мобильді қосымшасы мен Gov.kz порталында азаматтарға алдағы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын...

Толығырақ...Details

Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

10.08.2026
Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штаб мүшелері Абай облысына келді. Жұмыс бағдарламасы Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

16 часов бұрын

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

16 часов бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

20 часов бұрын

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

20 часов бұрын

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

20 часов бұрын

Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

20 часов бұрын

«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

2 недели бұрын

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

2 недели бұрын

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

2 недели бұрын

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС