"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕДИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА НЕ БЕРЕДІ?

16.11.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанда 2020 жылдан бастап сақтандыру медицинасымен бірге тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесі де жаңартылатын болады. Бұл өзгеріс емханалар мен стационарлардың пациенттері үшін нені білдіреді? Медициналық көмек көрсетудің бұрынғы стандарты өзгере ме? Осы сұрақтарға әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облысының филиалы жауап беріп, түсіндіріп берді.

Үш деңгейге бөлеміз

Қазақстаннның денсаулық сақтау ісі медициналық көмекті қаржыландырудың үш деңгейлі жүйесіне көшетін болады.

Бірінші деңгейде азаматтардың бәрі бірдей қамтылады және бұл деңгей ауруды ерте анықтауға, шұғыл жағдайлар мен созылмалы аурулар кезіндегі өте ауыр жағдайларды емдеу мен қадағалауға бағытталған. Осы аталған қызметтер тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (ТМККК) жаңа үлгісінде көрсетілетін болады.

Екінші деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысушылар қамтылатын болады. Сақтандырылған азаматтарға диагностикалау мен емдеудің қымбат әрі нақты әдістерін қажет еткен кезде ТМККК-нен тыс медициналық қызметтер көрсетіледі.

Үшінші деңгей ерікті сақтандыру жүйесіне қатысу деп күтілуде.

Нақтырақ үңілсек

ТМККК пакетінің жаңа үлгісінде адам денсаулығының еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға әкелетін негізгі аурушаңдықтарға күш салу мен қаражатты біріктіру қарастырылған. Олар алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) жүйесінің қадағалауында болуы тиіс, аурушаңдықтардың басымдылыққа ие топтары болып табылады. Сондай-ақ оларды емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету толығымен тегін болады.

Бірінші топтама – АМСК деңгейінде қадағалауға болатын созылмалы негізгі аурушаңдықтардың 25 тобы (гипертония, қант диабеті, вирустық гепатиттер және басқалары). Яғни оларды дер кезінде бақылап, аз деңгейдегі маңызды диагностикалық тексерулер жүргізіп және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етсек, сондай-ақ пациентті өзін-өзі бақылау негіздерімен оқытсақ, онда асқынулар мен емдеуге жатқызуларды болдырмауға болады.

Екінші топтама – бұлар мамандандырылған медициналық көмекті қажет ететін әлеуметтік маңызы бар аурушаңдықтар: туберкулез, қатерлі ісік, психикалық және мінез-құлық бұзылулары, АИТВ жұқпасынан туындайтын аурулар. Оларды емдеуге арнайы инфроқұрылымдар құрылған.

Осы екі топтамада көрсетілген (25+4) аурушаңдықтармен науқастанған азаматтарға клиникалық хаттамаларға сәйкес медициналық көмек, арнайы мамандардың кеңесі, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, динамикалық қадағалау, стационарлық емдеу тегін көрсетілетін болады. Басқа аурушаңдықтар кезінде арнайы мамандардың қарауы МӘМС пакетіне енеді. Сонымен қатар, сақтандырылған азаматтар қымбат тұратын зертханалық зерттеулер мен диагностикалауға, ТМККК қамтылмаған аурушаңдықтар кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және стационарлық көмек алуға, сондай-ақ медицналық оңалтуға мүмкіндік алады.

ТМККК жаңа пакетінде барлық азаматтар үшін тегін жедел жәрдем, санитарлық авиация, алғашқы медициналық санитарлық көмек, шұғыл стационарды алмастыратын және стационарлық көмек, сонымен бірге паллиативтік көмек сақталған.

Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады.

{jcomments off}

МӘМС кезінде барлық төлем жасаушылардың аударымдары бір көзге жиналып, ауырып қалған бауырластарымызға бөлінеді. Медициналық қызметтер, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы азаматтардың салған аударымдарына қарамастан, барлық сақтандырылған азаматтарға бірдей сатылып алынады.

Қазір ӘМСҚ пайда болуы және медициналық қызметті берушілердің сақтандыру медицинасына енуге бағытталуы, бұл салада бәсеке тудырғанын айтуға болады. Медициналық қызметтерді сатып алуға дайындық процесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық мекемелердің жалпы тізбесінің 45 пайызы жекеменшік медициналық ұйымдар екені анықталып отыр. Яғни, олар пациенттер үнемі өздері барып қаралатын, барынша білікті мамандармен қамтылған, кезек күттірмейтін, жақсартылған сервисі бар клиникалар.

— Жекеменшік клиникалар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келісімшарт талаптары бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге дайын. Қордың мемлекеттік немесе жекеменшік ауруханаға да қоятын басты талабы — бекітілген стандарттар мен хаттамалар негізінде дұрыс әрі сапалы емдеу жасаса болғаны. Шығыс Қазақстан облысында 131 медициналық қызмет беруші бар болса, оның 61-і жекеменшік,– деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Болат Алиев. – Өткен жылы олардың саны 52 болған. Алдағы уақытта халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсететін үздік медициналық қызмет берушілер таңдалып алынатын болады.

Қазақстанда Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын әзірлеу басталғанын айта кету қажет. Осыған сәйкес монобейінді ұйымдар көп бейінді ұйымдар болып біріктіріліп, серіктестік және акционерлік қоғам болып қайта құрылады, осыдан кейін сенімді басқаруға немесе жекешелендіруге берілетін болады. Бұл өз кезегінде әкімшілік шығындарды азайтуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС