"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЕКЗАТ ӨНЕРДІҢ БАПКЕРІ

07.12.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Атқа міну мәдениеті мен жылқы ша­руа­шылығы жер жүзіне Ұлы даладан та­ра­ғаны тарихтан белгілі.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан

Саятшылық — бабадан қалған бекзат өнер. Қыран құстың тілін, мінез-құлқын, бабын, қасиетін білетіндердің қатары бүгін азайып кетті. Дегенмен сирек болса да бар екендігі қуантады. Бүркіт, лашын, сұңқар, қырғи, тұйғын, ителгі сияқты жыртқыш құстарды ұстап, аңға салу қыр-сыры, құпия-қызығы көп өнердің қатарына жатады. Құсты күту, баптау, тәрбиелеу, түлету, үйретудің өзі бір ғылым деуге болады. Жалпы, құсбегілік — шын мәнінде қызыққан, шыдаған адамның қолынан ғана келетін меңгеруі күрделі де қиын кәсіп. Бүркітті ежелден қадірлеп–қастерлеген, құс патшасы санаған біздің халықта жігіттің жеті қазынасының бірі  де осы аңшылық.

Таяуда Қазақстан Республика-сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын көпшілік назарына ұсынды. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласынан кейін қоғам  рухани  жаңарудың жаңа бір сатысына көтеріліп, серпіліп қалды десек, «Ұлы даланың жеті қыры» сол игілікті бастаманың, өткеннің өнегелі істерін өркендетуге бағытталған тағы бір жақсы қадам деп қабылдадық. Елбасы өз мақаласында қазақ халқының ұлттық тарихын жете түсінудің жаңа тұжырымдамасын ой елегінен өткізді. Бүгінгі жаһандану әлемінде өз тарихын білген ұлт қана сыртқы сын-қатерлерге төтеп бере алады. Көшпенділердің тарихы асқар Алтайдан бастау алады. Елбасы талай ұлт пен ұлыстардың басын қосқан Алтайдың төрт қанатын мекендеген қазақ елінің өткеніне барлау жасай отырып, халқымыздың салт дәстүрге бай екендігін жаңа ұрпақтың санасына жеткізу мақсатын көздегені де байқалады.

Президент атап өткендей, қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихында әлемдік өркениетке серпін беріп, талай игіліктерге қол жеткізді. Сол жасампаз жетістіктер арқасында әлем елдері арасында қазақ халқының беделі артты. Ата-бабаларымыз адамзаттың ортақ игілігі жолында мол құндылықтар мен жәдігерлер қалдырды. Осы ретте айта кетсек, жылқы ең алғаш қазақ жерінде қолға үйретіліп, атқа міну мәдениеті қалыптасқан.

Ежелден жеткен ата кәсібіміздің бірі аң аулау болса, қыран құс бүркіт аңшылардың сенімді серігіне айналады. Құсбегілік — халқымыздың қанына туа біткен өнер. Ол туралы аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар жеткілікті. Қазақ тарихында саятшылық өнердің, құсбегіліктің бірнеше отаны бар: Арқа, Жетісу, Еренқабырға, Боғда және Алтай-Сауыр мектебі. Қазақ халқының ғажайып өнерінің бірі – осы саятшылық, яғни құс алу арқылы аңшылық құру. Бұл өнер тіршілік қамы ғана емес, көңіл көтеру, бойға күш алу, қызықтау әрі спорт ретінде қазақ даласында тым ертеде дамыған. Саятшылық негізінде аңды құс салу арқылы аулайды. Саят құстарына бүркіт, сұңқар, қаршыға, тұйғын, ителгі сияқты алғыр құстар жатады. Саят өнері ептілікті, білгірлікті, табиғат тылсымын жете білуді, сондай-ақ аталған құстарды ұстау, баулу сияқты  «бір сырлы, сегіз қырлы» болуды талап етеді. Мұның өзі жеке бір ғылым десе де болады. Саятшылар ел ішінде өте сыйлы, құрметті адамдар қатарына жатады. Олар кезінде осы құс салу арқылы ел-жұртты тамақпен (етпен), қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян терілерімен қамтамасыз еткен ел қамқоры, асыраушысы деп те саналған.

Осындай киелі, тарих қатпарларынан ойып тұрып орын алған құсбегілікті өзіне серік етіп жүрген саятшылардың бірі — ауданымыздың мақтанышы, Көкөзек орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Тәттімбет Кәпұлы.

Ол жастайынан спортқа қызығып өскен. Қыран құс баптауға, құсбегілікке ерекше әуес Тәттімбет Кәпұлы небір додаларда жеңімпаз атанып, үлкен сайыстарға дейін төрелік жасап, асау үйретудің қыр-сырын да меңгерген білікті төреші. Құсбегілікті дәріптеп жүрген Тәттімбет бір жыл бұрын Астана қаласында, ұлттық спорт түрлері — көкпар, аударыспақ, теңге алу, бүркітшілер сайыстарының жеңімпазы ретінде, жыл қорытындысы бойынша республикалық «Алтын тұғыр» жүлдесіне ие болды.

Жақында ардақты әке, асыл жар Тәттімбет Кәпұлын біз де әңгімеге тартқан едік.

— Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы негізінде біз келешек ұрпаққа ұлттық рухани байлығымызды насихаттауымыз керек. Әлбетте, өз басым ұстаз болғандықтан, мектеп қабырғасында «Ұлттық спорт — ұлт зердесі» атты сабақ жүргіземін. Бір Алласы, төрт құбыласы, үш биі, жеті қазынасы бар, ұлдары аттың жалында ойнап өскен қазақпыз ғой. Ұлы даланың ұрпақтары біздер болсақ, ұландарына да лайықты ұлттық тәрбиені тереңнен иіріп әкелуіміз керек. Мемлекет басшысы тарихи құжатта еліміздің өткенін зерделеп, саралған. Біз кең даланы еркін жайлаған ата-бабаларымыздың апайтөс ұрпағымыз. Көкжиегі тым әріде жатқан ұлттық тарихымызды білу әрбір ел азаматының міндеті деп білемін,- дейді Тәттімбет Кәпұлы.

Көптеген жетістіктерге жеткен, еңбегі лайықты бағаланып, елорда төрінде болып қайтқан ұлттық спорттың шебері қуанышын да жасырмады.

— Ойдағы мақсатқа жету жолы оңай емес. Әр істің орындалуы үшін табандылық қажет. Қазіргі күні көңілімді марқайтатыны — қаршыға, тұйғын ұстаған жастарымыз көп. Олардың бетін қақпай, артымыздан ерте білсек, ұлттық коды сақталған Ұлы даланың ұрпақтары көбейері сөзсіз. Осы мақсатта облыс аумағында Шығыс Алтай бүркітшілер федерациясын құрдым. Құрамда 12 бүркіт бар. Ал өз қолымда Ақпері атты Ақберлі шыңынан алған бүркітім бар. Биыл оның жасы екіге толып, тірнек болды. Былтыр балапан болған. Алдағы уақытта осы спорт түрін одан әрі жетілдіріп, рухани жаңғыру жолында үлестерімізді қоса береміз,- деді Кәптің Тәттімбеті.

Сегіз қырлы, бір сырлы  Тәттімбеттің еске сақтау қабілеті де керемет екен. Мәселен, Көкшетау қаласында өткен сал-серілердің сайысында 1 сағат бойы «Қыз Жібек» жырын жатқа айтқаны да көпшілікті тәнті етіпті.

Сұхбат соңында Тәттімбет Кәпұлы Тәуелсіз елімізде тыныштық пен тұрақтылықтың бұзылмауын тілейтінін, Ұлы даланың Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында алдағы уақытта да әлемге жаңа қырынан талай танылатынына сенімді екенін жеткізді.

Нұрсұлтан ЕСЕМБАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

3 часа бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

4 часа бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

4 часа бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

4 часа бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

4 часа бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

14 часов бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

1 день бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС