"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СИВЕРС АЛМАСЫНЫҢ ОТАНЫ — ҮРЖАР

07.12.2018
70
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі.

Мемлекет басшысының

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан

Адам ата мен Хауа ананың жұмақтан жер бетіне шығуы жайлы аңызды білмейтін жан кемде — кем шығар. Шайтанның азғыруымен тыйым салынған ағаштың жемісін жеген күнәлары үшін Адам ата мен Хауа ана жұмақтан қуылып, жер бетіне шығарылған. Егер олар жұмақтан шығарылмағанда, жер бетіндегі қазіргі өмір болмас па еді, кім білсін. Бұл аңыз алма жемісінің адамзат тарихының бастауында тұрған қасиетті дәм екендігін аңғартады.

Сондай-ақ алма жемісінің ғылым дамуының бастауында тұрғандығын да айта кеткен абзал. Әлемге әйгілі ағылшын физигі Исаак Ньютонның басына кенеттен алма құлаған сәтте ғалымда бір керемет ой пайда болып, ол бүкіләлемдік тартылыс күші туралы заңды ойлап тапқан. Осылайша, дүниені дүр сілкіндірген жаңалық ашқан ғалым алманың көмегімен ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан.

Үржар ауданына қарасты Некрасовка ауылының тұрғыны Отанбек Мұсабаев халыққа алма бағының бағбаны ретінде таныс.

— Тарбағатай өңірі — жабайы алмалар отаны ғой. Осы өңірді атпен шығып аралай қалсаңыздар, 40-50 км-ге дейін созылып жатқан жабайы алма ағаштарын жиі кездестіруге болады. Олар күтімді қажет етпейді, өздері өсіп шығады. Ал менің алма бағын өсіргеніме 20 жылға жуық уақыт болыпты. Алманың күтімі мен баптауын Миграцк ауылына көшіп келгенімде орыс ұлтының өкілдерінен үйрендім. Жиырма жылға жуық уақытта осы жемісті өсірудің қыр-сырына қанығып, тәжірибе жинақтадым. Алмалы бағымның жыл өткен сайын үлкейіп келе жатқанын көргенде көңілім көтеріледі. Барқытбел баурайындағы Үржар сияқты киелі мекеннің айдынды Алакөлімен ғана емес, дәмді алмасымен де атағы шығуы керек деп ойлаймын. Аудан әкімі Серік Зинабекұлының бастамасымен осыдан бірнеше жыл бұрын Үржарда алманы алақанға салып аялаған белгі қойылды. Түсінген адамға көп нәрсені аңғартатын іс. Басқаларды білмеймін, өзіме осы белгі «табиғатты аялаңдар, барды бағалаңдар!» деп үн қатып тұрғандай көрінеді.

Алмалы бағыма 2 жылдық жабайы алмаларды отырғызамын. Кейін апорт, лимон сияқты түрлерімен будандастырып, бір түп ағаштан 2-3 түрлі алма ала бастадым.

Бүгінгі таңда 4 гектар жерімде 600-ге жуық алма ағашы бар. Алманың 6-7 сортын өсіріп, жемісін аламыз. Олар Алматы апортымен бірдей. Хош иісі де, дәмі де керемет,- дейді Отанбек Мұсабаев.

Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі…» — дейді. Шығыс Қазақстанның Үржар  ауданы — жабайы алманың отаны атанған өңірдің бірі. Ал оны о баста бiрiншi болып тапқан Иван Сиверс 1796 жылы қыркүйекте бiздiң Алакөлге келеді.  Сол кезде Үржардың  маңында өсiп тұрған керемет алмаларды көрiп: «Мұндай алманы бұрын еш жерде кездестiрген емеспiн»,- деп жазып, дүние жүзiне мәлiм еткені тарихтан белгілі. ХVIII ғасырда Орта Азияға сапары барысында жабайы алмаларды алғаш зерттеген неміс ғалымы Иоганн Сиверстің құрметіне ғылыми ортада бұл жеміс «Сиверс алмалары» атанғанын біреу білсе, енді біреудің білмеуі де мүмкін.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС