"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал АХМЕТОВ: РУХЫ МЫҚТЫ ЕЛДІҢ БАҚЫТЫ БАЯНДЫ БОЛАДЫ

14.12.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің  бас  мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Семей таңы» газетінің редакциясында облыс басшысы Даниал Кенжетайұлы Ахметов болды.

Ақиқатын айту керек, басшыларды іздейтін журналистер көп болғанымен, редакцияға арнайы келіп, қалам ұстаған қауымның хал-жағдайын сұрайтын әкімдер көп емес. Қат-қабат қарбалас жұмыстың арасында редакцияға ат басын тіреп, тілшілер қауымымен кездесуге уақыт тапқан аймақ басшысы бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысына тарайтын, тарихы сонау 1917 жылы жарық көрген «Сарыарқа» газетінен бастау алатын қарт басылымның тыныс–тіршілігімен танысып шықты.

Облыс басшысы мен төртінші билік өкілдері арасында болған  бүгінгі ақпараттық саясат, халыққа қызмет ету жолындағы тілшілердің алдындағы жауапкершілік төңірегіндегі жарасымды әңгіме Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбектері және осы орайда аймағымызда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сұхбатпен жалғасты.

— Даниал Кенжетайұлы, «Күн арайлап атып, қызарып батады» дегендей, кез келген жаңалық пен жақсы іс біздің жақтан бастау алуы заңдылық шығар… Күні кеше ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи, тағдырлы мақаласында Қазақстанның күншығысы айрықша аталған.

— Дұрыс айтасыз! Ұлы замандасымыз ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен оның жалғасы ретінде таяуда ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала тарихты таразылау, дәстүрдің озығын дәріптеу, барымызды жоғалтпай, келешек ұрпаққа жеткізу арқылы ұлттық сананы жаңғыртудың нақты жолдарын көрсетеді. Еліміздегі оң өзгерістерге қозғау болып отырған бұл құжаттар идеологиялық тұрғыдан жүргізіліп жатқан салиқалы саясатың жемісі екендігін мойындауымыз керек. Мемлекет басшысы төл тарихымыздың тереңіне үңіліп, ғылымның бүгінгі жетістігі тұрғысынан қарайды. Әлемдегі жаһандық өзгерістердің көшінен қалмау үшін, Ұлы даланы мекен етіп жатқан біздің халықтың бүгінгі ұрпақтарына кешегі ата-бабадан қалған керемет рухани мұраны көздің қарашығындай сақтауға үндейді.

Қазақстанның шығысы — бірнеше мемлекетпен шектесіп жатқан көп ұлтты аймақ. Тарихы тереңдегі өңірден соңғы жылдардың өзінде теңдессіз жәдігерлер табылды. Біз арнайы бағдарлама қабылдап, Алтай мен Тарбағатай, Шыңғыстау мен Көкентаудың баурайын зерттеуді қолға алдық. Себебі археология мен тарих ескерткіштері, өнер мен рухани құндылықтар тоғысқан бұл өңірлер – Қазақстан халқының сан қырлы мұрасын қалыптастырып, ұлттық бірегейлігін сақтауда маңызды мәнге ие.

Шілікті мен Берел, Елеке сазындағы қорғандардан табылған б.з.д. VIІI-VII ғасырлық жәдігерлер сол заманның өзінде ата-бабаларымыз табиғатпен үйлесім тауып, металлургия мен зергерлік өнерді терең меңгергенін көрсетеді. Елімізге есімдері белгілі қазақстандық археологтер – Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтардың басшылығымен соңғы үш жылда жүргізілген зерттеулердің арқасында облыста БАҚ өкілдері «дала амазонкасы» атап кеткен сақ патшайымы мен «алтын бозбала», 19 мыңнан астам артефактілер табылып, ұлттық тарихи қорымызды құнды деректермен толықтырды.

Бұның барлығы Алтайдың адамзат өркениетінің ошағы, түркі әлемінің алтын бесігі болғанын толық қуаттайды.

— Даниал Кенжетайұлы, рухани жаңғыру өзегі де кешегі өткен тарих, болмыс пен ұлттық құндылықтар емес пе? Осы орайда әр тауы мен тасы, сайы мен саласы, жайлау-қонысы сыр шертетін шежірелі елдің жер-су, көше атауларын қайта қарау, тарихи әділеттілікті орнату жұмысы қалай жүруде?

— Кеңестік қоғамның саяси жүйесіне тәуелді болған заманда ұлтымыздың тарихын танытатын, кешегі ата-бабаларымыздан жер мен судың табиғи, тарихи ерекшеліктеріне қарай берілген атауларын халықпен санаспай, жаппай өзгерту үрдісі тек біздің елімізде ғана емес, Одақ құрамындағы республикалардың бәрінің де басында болған.

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты стратегиялық мақаласында көтерілген «Туған жер» бағдарламасының негізгі мақсаты да атамекеннің әр сайы мен қырқасының, өзені мен жер атауының рухани-танымдық маңыздылығына айрықша мән беріп, жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм тұрғысынан тәрбиелеу.

Бір ғана Шығыс Қазақстан облысында сегіз мыңдай көше, мыңнан артық әкімшілік-аумақтық бірлік бар. Соңғы екі жылда 314 көше атауы ауысты.

Облыстық ономастикалық комиссия биылғы жылдың өзінде 4 отырыс өткізіп, 478 мәселені қарап, 321-і бойынша оң шешім қабылданды. Оның ішінде 291 көше, 14 елді мекен, 9 нысан бар.

Бір облыс үшін бұл аз жұмыс емес деп ойлаймын. Мәселеге жүрдім-бардым қарап, бір күнде, тізеге басып, өзгерте салуға болмайды. Кезең-кезеңмен, халықпен ақылдаса отырып, шешілуі керек.

— Даниал Кенжетайұлы, осы орайда, көше атауларын өзгертуде әкімдік нені басшылыққа алатындығын білгіміз келеді.

— Біздің нақты бағытымыз бар. Кез келген өзгерістің халықтың оң бағасын алуы үшін оның қазақстандық бірегейлікке, тәуелсіздік идеалдарына, тарихи маңыздылығына сәйкес болуы аса маңызды.

Халық кешегі өткен кеңестік-коммунистік режимнің де көлеңкелі тұстарын білу керек. Ұрпағымыз қай көшемен келе жатқанын, ол көшенің кімге арналғанын нақты білгенде ғана біз рухани жаңғырамыз.

Дзержинский, Киров, Ордженикидзе, Ворошиловтар кім болған?! Олар Қазақстанды қойып, сол кездегі Одақ құрамындағы қанша халықты зәбірлегенін бүгін тарих көрсетіп беріп отыр ғой!..

Біз Семейді еліміздің рухани-мәдени орталығы дейміз. Өткен жылы Семейде Алаш ардақтысы болған Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш қойылды. Ескерткіш тұрған көшенің Лениннің атында болуы зиялы қауым мен көпшілік тарапынан біраз әңгімеге тұздық болғаны есіңізде шығар. Биыл сол көшеге бабаларымыз армандап, көре алмай кеткен Мәңгілік ел атауын бердік.

Семейдегі Полковничий аралы Бейбітшілікке өзгертілді. Облыс орталығы Өскемендегі заманауи тұрғын аудандағы күре жолдағы бұрын Карл Маркс аталып келген көшеге Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың есімі берілді. Бұл – қыруар жұмыстың бір парасы ғана.

Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар бар. Оларды да жөнге келтіру керек. Ауыл мен жердің, көшелердің, мектептердің тарихи атауларын қайтару мәселесіне байланысты зиялы қауым, ұлт жанашырлары да өз ұсыныс-пікірлерін айтуда.

Республикалық ономастикалық комиссияға жолданған ұсыныстар арасында Өскемен қаласының Ордженикидзе көшесін  Сағадат Нұрмағамбетов көшесі деп атау, Революционная көшесін — Қалихан Ысқақ, Дзержинский көшесін — Әміре Қашаубаев, Киров көшесін — Антон Чехов, Головков көшесін — Бейбітшілік, Советская көшесін — Александр Затаевич, Крупская көшесін — Евгений Брусиловский, Октябрьская көшесін — Мұхамеджан Тынышпаев, Меновное ауылындағы Советскаяны — Адольф Янушкевич, 20-шы тұрғын ауданындағы №9 көшені Жақия Шайжүнісовтің құрметіне атау сияқты ұсыныстар бар.

— Даниал Кенжетайұлы, орайы келгенде айта кеткен дұрыс болар, Сіз әлемдік классиктерге көше атауларын беруді қызу қолдап келесіз…

— Бір мәселені естен шығармауымыз керек! Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында, ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы айта келе, түрлі ұлттардың көрнекті тұлғалары ортақ тарихқа өз үлестерін қосқанын атап өтті. Рухани жаңғыру дегеніміз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсету үшін жасалмайтынын үнемі қайталаумен келеді. Бұл жерде үлкен жауапкершілік қаншама ұлттың басын қосып отырған қазақ халқына тиесілі екенін ерекше атаған жөн. Біз тарихи тағдыр тоғыстырған көп ұлтты, біртұтас елміз. Сондықтан, нақты ғылыми деректерге сүйеніп, жаһандық тарихтағы өз орнымызды байыппен әрі дұрыс пайымдай отырып, елімізді мекендеп жатқан басқа ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті, салт-дәстүріне құрметпен қарауға тиіспіз. Бүкіл қазақстандықтардың қызығушылығы мен мүддесі бір арнаға тоғысқанда ғана шешім дұрыс болады.

Мысалы, Антон Чехов — әлемдегі ең ұлы жазушылардың бірі деп танылған дарын иесі. Ол — әлем әдебиетінің классигі. Оның шығармаларымен бірнеше ұрпақ сусындап өсті. Мұндай адамға көше атын беру орынды деп есептеймін.

Сол сияқты әлемнің ұлы жазушысы Лев Толстойдың да орны ерекше. Шәкәріммен хат алысқан кемеңгер жазушының елімізге қатысы жоқ деп кім айта алады?

Александр Затаевичтің қазақ өнерінің жанашыры болғанын бәрі біледі. Ол – Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет шығармаларын алғаш рет жарыққа шығарып, ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырған этнограф. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 ән-күйі» қазақ өнеріне қосқан баға жетпес байлық деп есептеймін. Ендеше, бір көшемізді осындай адамның құрметіне неге атамасқа?!

ХIХ ғасырдың 30-шы жылдары азаттық жолында билік диктатурасына қарсы болған саяси күрескерлердің көбі Патшалық Ресейден жер аударылып, қазақ жерін паналаған. Солардың бірі — Адольф Янушкевич. Шығыс Қазақстанды түгелдей дерлік аралап, оның ішінде Семей, Аягөз жерлеріндегі сапарларынан құнды деректер жазып қалдырған саяхатшы Янушкевичтің еңбегі қазақ елі тарихына қосылған құнды мұра емес деп кім айта алады?! Олай болса, жүз алпыс жылға жуық тарихы бар поляк-қазақ мәдени-әдеби байланысының көш бастаушысы болып саналатын Янушкевичке бір көшемізді неге бермеске?!

Ал енді Дмитрий Менделеевтің әлемдік ғылымдағы орнын кім білмейді? Оның периодтық жүйесін бүкіл дүние жүзі қолданып отырған жоқ па?!

Сол сияқты тұңғыш ғарышкер болған Юрий Гагарин. Оның аэроғарыш саласына қосқан үлесін бүкіл әлем мойындаған. Олай болса, Менделеев пен Гагаринге берілген көше атауларын өзгерту керек пе? Жоқ! Олар бір ғана ұлтқа емес, барша адамзат өркениеті үшін қызмет еткен, ғылымда үлкен бетбұрыс жасаған тұлғалар.

Ұлтты, халықты біріктіруші атаулар болады. Мысалға, Тәуелсіздік, Достық, Ынтымақ, Бірлік  сияқты. Бұл — мемлекеттік деңгейде базалық құндылықтарымызға айналған киелі ұғымдар. Оны халық та түсініп, өздері қолдау білдіріп келеді. Кешегі сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсетіп, батыр атанған жерлестеріміз бар. Оларды да ұмытуға болмайды. Зырян ауданының үш мектебіне Кеңес Одағының Батырлары В.С. Харин,  А.Б. Бикетов және С.М.Суминнің, Көкпекті ауданы Самар ауылының Мәдениет үйіне Ұлы Отан соғысы ардагері И.К. Федосовтың есімдері берілді.

Атаулары табиғи ортасына байланысты қойылған көшелер болады. Луговая, Набережная, Степная, Заречная сияқты. Олардың саясат не идеологияға қатысы жоқ қой. Жергілікті халықтың өз қалауымен, қабылдауына ыңғайлы болған соң аталып кеткен.

Жалпы, көшеге ат беруде оның қашықтығына, орналасқан орнына, тұрып жатқан халықтың ұлттық құрамына ерекше назар аударылуы тиіс деп ойлаймын.

— Даниал Кенжетайұлы, өңір ономастикасындағы басты жаңалық, жетістік деуге де болады, ол Зырян қаласы мен осы аттас аудан атауын Алтай деп өзгерту.

— «Алтай» атауы — халық көкейінде жүріп, оң шешімін тапқан бірден-бір мәселе. Бүтіндей түркі елі үшін қасиетті мекен, киелі жер атанған Алтай атауын Зырян қаласы мен ауданға беру туралы жергілікті қауымдастықтың 20 мың адам қол қойған өтініші мен 239 жиналыстың қорытындысы бойынша ұсыныс-тілектер, ең алдымен, аудандық, кейін облыстық деңгейде қаралып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияға ұсынылды. Мәселе бір ауыздан мақұлданған. Қазір тиісті ұйымдастыру-рәсімдеу шаралары жүріп жатыр. Бұйырса, Алтай қаласы мен ауданына баратын күн алыс емес.

Жалпы, Алтай – тұтас түркінің алтын бесігі, түркі руханияты мен өркениетінің темірқазығы ғой. Алтай бойында алғашқы мемлекет – Түркі қағанаты құрылды, көне түркі жазуы қалыптасты. «Толған ел тарихын таспен жазады, тозған ел тарихын жаспен жазады» деген тәмсілдің де тарихы тым ертеде жатқанын осыдан анық аңғаруға болады.

Бір сөзбен айтқанда, «Алтай» атауы – төл тарихымыз бен мәдениетімізде ерекше мәнге ие болғандықтан, тарихи әділеттілікке жол беріп, аудан мен қала атауын «рухани жаңғыру» тұрғысынан қайта қарауды – заман талабы, уақыт өлшеміне сай маңызды шешім деп жоғары бағалаймын!

— Даниал Кенжетайұлы, халқымыз үшін аса қастерлі жалпыұлттық мереке қарсаңында жерлестеріңізге айтар лебізіңіз болса…

«Алтай», «Алтын адам» деп жатырмыз ғой… Б.з.д. VII-VІ ғасырларда өмір сүрген сақ заманының данышпаны – Анахарсистің «Елдік рухы мықты халықтың бақыты қашанда баянды болады» деген қанатты сөзі бар…

Егемендік жылнамасы бастау алған, 16 желтоқсанда, Қазақстан халқы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты мен стратегиялық бағдарымыздың арқасында халықаралық құқық субъектісі ретінде дүние жүзіне танылды. Мемлекеттік шекара-                    мызды шегендеп, ел тұтастығын, жер бүтіндігін қамтамасыз еттік. Елдік рухымыз жаңғырып, ел бірлігі, ұлттар татулығының арқасында баянды ғұмыр кешіп келеміз.

Ұлы Президентіміз – «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақстандықтарды өз тарихымен мақтанып, жасампаздығымызды сақтауға шақырды.

Олай болса, біртұтас бірлігін көзінің қарашығындай сақтаған берекелі халқымыз, өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалап, жаңа көзқараспен ел дамуы жолында табанды қызмет жасайды деп зор сенім білдіремін!

Тәуелсіздік күні әрқайсымызға өшпес рух сыйлап, баянды ел, байтақ жер, бағаналы ордамыз  аман болсын!

{jcomments off}

Сұхбатты жүргізген Риза МОЛДАШЕВА

Ұқсас жаңалықтар

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

18.09.2025
Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

Semeitany.kz - Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға 17 қыркүйек күні...

Толығырақ...Details

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

18.09.2025
Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Semeytany.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға орта...

Толығырақ...Details

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

18.09.2025
Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

Semeytany.kz - Абай облысында 79 жоба әзірленіп, оның 33-і даму жоспарына сай кезең-кезеңімен іске асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

17.09.2025
Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

Semeytany.kz – Жапонияда жаңадан құрылған «Жаңғыру жолы» (Path to Rebirth) партиясы жетекшілік қызметті жасанды интеллектке жүктейтінін мәлімдеді. Мұндай шешім партияның...

Толығырақ...Details

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

17.09.2025
Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

Semeytany.kz - Абай облысы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Германияның «MICHEL METALLBAU GmbH & Co. KG», «A&E NENASCHEW GMBH...

Толығырақ...Details

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

17.09.2025
Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

Semeytany.kz - Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымдары Ұлытау облысы Жезқазған мен Талдықорғанда өткен халықаралық театр фестивальдерінде бас жүлделерді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

12 минут бұрын

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

31 минута бұрын

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

1 час бұрын

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

13 часов бұрын

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

14 часов бұрын

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

14 часов бұрын

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

14 часов бұрын

Киелі жерлер — өзара құрмет пен халқымыздың мәдени саналуандығының символы — Президент

14 часов бұрын

Діндер съезі: Президент Тоқаев қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

14 часов бұрын

900 мың теңгеден жоғары: Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы алатындардың алғашқы бестігі жарияланды

20 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС