"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сайыста — мемлекеттік қызметшілер

21.05.2019
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның сенбісі, 18 мамыр күні қаламызда орын тепкен М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің спортзалында Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев пен қалалық әкімдіктің спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаевтың қатысуымен волейболдан облымыздағы мемлекеттікқызметшілер арасындағы сайыс болып өтті. XVII облыстық спартакиада аясында өткен сайыс мейлінше тартысты әрі шиеленісті өрбіді.

Ж.НҰРБЕРГЕН,

«Семей таңы»

Айта кетерлігі, аймағымыз бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын спорттық іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында арасында салауатты өмір салтын насихаттау, облыс көлемінде дене шынықтыру мен спорттың бұқаралығын арттыру болып табылады. Кеңседе отырып қызмет жасайтын азаматтардың спортта да қара жаяу еместігіне осынау сайыс барысында айқын көзіміз жетті. Костюм-галстукті бір күнге спорттық киімге ауыстырған мемлекеттік қызметшілер күні бойы жүлделерді өзара сарапқа салды. Аталмыш сайысқа қатысушылардың барлығы да қалалық әкімдік қызметкерлері, яғни әкім аппараты мен бөлімдер қызметкерлері. Басым көпшілігі спорттық сайыстардың сан түрінен алған жүлделері бар, түрлі жарыстарда топ жарып жүрген әуесқой спортшылар.

Биылғы спорттық шараға облысымыздағы бес қаладан бес команда — Өскемен, Семей, Алтай, Риддер және Курчатов қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері қатысып, жоғары деңгейдегі даярлықпен келгендерін көрсетті.

Алғашқы кездесу Өскемен мен Алтай қалаларының спортшылары арасында өтті. Екі тараптан да бойшаң жігіттер жиналған екен. Бұл сайыста мықтыны анықтау біршама қиынға түсті.

-Волейбол – ұжымдық ойын. Сондықтан да бұл сайыста жеке-дара көзге түсу мүмкін емес. Керісінше, ымыраласа әрекет ету, өзара түсінісу қабілеттері жоғары ойыншылары бар бірлігі мығым командалар ғана жеңіске жетеді. Мемлекеттік қызметшілер үшін бұл спорт шарасының маңызы жоғары,- дейді пікір бөліскен риддерлік жанкүйер.

Ал сағат 10.00-де қатысушы командалардың салтанатты шеруінен кейінсайыстың ашылу рәсімі өткен соң, жарыс жолына Семей мен Курчатов қалалары әкімдіктерінің қызметкерлері шықты. Семей қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айбек Самат бастаған волейболшылар ширақ қимылмен қарсылас командаға шабуылды біртіндеп үдете түсті. Ұжымдаса әрекет еткен Семей командасы мүшелерінің ойынына төтеп бере алмаған курчатовтықтар теңбіл допты жиі түсіре берді. Нәтижесінде осыған дейін де допты ойын түрлерінен топ жарып жүрген семейлік мемлекеттік қызметкерлер волейболды да шебер ойнайтындықтарын айқын дәлелдеді.

Жалпы, әрбір кездесуден мемлекеттік қызметшілер тарапынан аталмыш ойын түріне, спортқа, денешынықтыруғақызығушылықтары жоғарыекенін байқадық. Тартысты ойындар барысындаволейболшылар тартылған тордан ала допты асыра лақтыруда, қарсылас команданың соққы жасаған добын қақпақыл қылып, қарымта жауап беруде жоғары шеберлік танытты. Яғни ептілік пен байқампаздықты, уақыт ұту мен тосыннан әдіс -айла пайдалануды талап ететін волейбол ойынының техникасын жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсетті. Бұл ретте кілең қаракөздерден тұратын Риддер мен Алтай командалары көрерменнің көзайымына айналып, жанкүйерлерін сүйсіндіргені анық. Ал өскемендік команда, облыс орталығынан келгендіктен бе, тәжірибелерінің мол екенін тосын тактика мен үдете шабуылға шығу арқылы дәлелдей білді.

Бұл сайыста, алдын ала әзірленген жеребе бойынша, Өскемен мен Риддер, Семей мен Алтай, Риддер мен Курчатов, Семей мен Өскемен, Алтай мен Риддер және Өскемен мен Курчатов, сонымен қатар Семей мен Риддер, Алтай мен Курчатов шаһарларының командалары кездесу өткізіп, өзара тартысқатүсті. Бұл алғашқы айналым спортшылардың волейбол ойынын қаншалықты меңгергендерін анықтап, жүлделі орындарға жайғасуға мүмкіндік берді.

Сайыстың бас төрешісі Д.С.Исабаев бастаған қазылар алқасы әрбір ойын барысын көз жазбай қадағалап, жүлдегер командаларды анықтауға күш салды. Ал кешкісін барлық жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталып, арнайы кубоктарға ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

2 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

2 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

3 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

3 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

7 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС