"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ызғардың жеңісі

03.03.2020
50
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1995 жыл. Қазақ тарихында ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Шыңғыстауды бетке алып Қарауыл төбеге маңдай тіремеген қазақ кемде-кем шығар! Жидебай қорығындағы ұлылар жатқан киелі қорымға зиярат етіп, Құран бағыштап, тағзым ету бәрінің де ойында. Шетелдерден келген қонақ қаншама!

«Той дегенде қу бас домалайды» демекші, әрине, той қызығын тамашалау бір бөлек әңгіме. Бұл тойда Қарт Шыңғысты мекен еткен ауылдастарымыз Абай еліне тән қонақ күту дәстүрінің озық үлгісін көрсете білді. Келген қонақтар да риза! Би-ата ауылы, Қарауыл тұрғындары меймандарға арнап үй тігіп, тойға атсалысуға келген басқа облыс, аудан азаматтарына шаруашылық заттарын, сойыс малдарын сақтау үшін жаздық үйлерін, қора-қопсыларын қонақжайлықпен босатып беріп жатты. Біз де Аягөз ауданы Майлин кеңшарынан келген ұжымға үйіміздің төрінен орын бердік. «Ұлы тойға келген құдайы қонақпыз» деп кіріп келген олар басында «жас отбасы екенсіңдер» деп абыржып тұрып қалды. «Той бар қазаққа ортақ, төр сіздердікі» деген бір ауыз сөзіме риза болған қонақтар кетерлерінде «сөз қадірін білетін, дәстүр сыйлайтын отбасы екенсіңдер» деп, баталарын беріп кетті.

Биыл Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен қарт Шыңғыста тағы да дүркіреп той өтпекші. Дайындық үстіндеміз. Той болған соң ақын, жыршы, палуан, тайпалған жорға, ауыздықпен алысқан желдей жүйрік сәйгүліктер жиналады. Аламан бәйгеде топ жарудан үміткер тұлпарлар қазірден бастап бапталып, жаратылуда. Кезінде республикалық бәйгелерде желдей ескен Балагар-Мальчик, су жорға Буян атты жүйріктерді баптаған атбегілердің сарқытын ішкендер Шыңғыстауда сарқылды деуге келмес. Бар, бірақ техникаланған заман ыңғайына орай, мән беріңкіремей жүр ме деген ой жетегінде қала бересің.

Бірде құдалық дәстүрімен ақ күріштің отаны Сыр еліне отбасымызбен қонаққа барып, әнші, жырау, жыршылар жиналған көңілді ортаға тап болдық. Құданың ауылы Шиелі өнерге жақын, сал-серілер, қолөнершілер ауылы екен. Біздің ұлы Абай елінен келгенімізді біліп, қонақкәде сұрады. Абай елінің сөз сөйлеу мәдениетімен тәрбиеленген біз де, әрине, қарап қалмадық, осал емес екенімізді байқаттық.

Дастарқан басында әр түрлі сөз қозғалды. Әңгіме төркіні бәйге аттар жайына ауысқанда біз үнсіз тыңдап қалдық. Шиелі аудандық өлкетану мұражайының бір бұрышы «Ұлы Абайдың тойындағы Ызғардың ұлы жеңісі» деген атаумен көркемделіпті. Ызғар — Абайдың 150 жылдық тойындағы аламан бәйгеде бірінші келіп, КамАЗ автокөлігін ұтқан жүйрік. «Ұлы тойдағы ұлы жеңісіміз» деп, бүкіл тұрғындар ауылдың кіреберісінен Ызғарды зор қошеметпен, шашу шашып, ән-жырмен қарсы алыпты. Жүйрікті баптаған атбегі Орынбай Ахметов әлі тың, аламан бәйгелерге ат қосып, жүлделі орындар алып жүрген көрінеді. Ызғардың ізбасары деп тағы бір жүйрікті баптау үстінде екен. Абайдың 175 жылдық тойындағы аламанда тағы да ұтамыз деген үмітте.

Оңтүстіктің ауа райын білесіздер, жазы өте ыстық. Шиеліліктердің айтуынша, аттар да сол климатқа үйренген, ұзақ аламандарға еркін шаба беретіні сондықтан екен. Басқа жақтың таза асыл тұқымды жылқылары біздің Сыр бәйгелерінің шаңына ілесе алмайды дейді. Сөз арасында ыстық жерде өскен бәйгеге қалайша Ызғар деп ат қойғандарын сұрадым. Жүйріктің Ызғар аталу тарихы да қызықты екен.

Ызғардың енесін жүйрік айғырға қосып, бәйге тұқым алмақ болады. Буаз биені қорада, мықты күзет қойып ұстап жүргенде, аяқ асты бие ұрланып, ұшты-күйлі жоғалады. Бүкіл ауыл боп іздеп таба алмай, ақыры, күдерлерін үзеді. Сол аралықта Шиелі станциясынан ауылдың бір апасы Шымкент жаққа жол жүрмек болып пойызға отырады. Үш-төрт жігіт сапарлас болып, олар да мінеді ғой пойызға. Жол үстінде үлкен адам демалмақ болып жантайып жатқанда, өзара күбірлесіп отырған әлгі жігіттердің әңгімесін құлағы шалады. Ішінде біреуі таныстау көрініп, әңгімелеріне құлақ түрсе, ұрланған бие туралы айтып отырған боп шығады. «Енді не істейміз, биені апаратын жерге жеткізе алмадық, жолда құлындап қалды. Онда құлын қарақұлақтанғанша сол жерде тығып ұстай тұрайық» дегенге келеді әлгі жігіттер. Айтып отырған жер Түркістанға жақын Ызғар деген көл, елді мекен екен. Әлгілердің әңгімесін естіген апа бара сала ауылға хабар жібереді. Қуғыншы іле-шала жетіп, құлындаған биені ұстап отырғандардың үстінен түсіп, аман-есен ауылға келіпті. Сол құлын есейіп, жүйрікке айналғанда, ат қоймақ ниетпен бәрі ақылдасып, тұлпардың атын Ызғар көлімен байланыстырып, бір тоқтамға келген екен.

«Қайтқан малда береке бар» деп бабалар тегін айтпаған ғой. Сол Ызғар аты шулы бәйгеге айналыпты. Сәйгүлік туралы әңгімені тыңдап тұрып, «Біздің елден де осындай бір сәйгүлік ұлы тойда аламан бәйгені ұтып, бөркімізді аспанға атар күн туса ғой» деген ойда болдым. Ат баптаумен айналысып жүрген ел азаматтарына шетел аттарының тұқымдарына қызықпай, ыстыққа төзімді өзіміздің осы өңірлерден шыққан бәйгелерден тұқым алып, елге әкелсе деген де ой айтқым келді. Ел ішінде де бір жүйрік бағы ашылмай қой соңында жүруі де мүмкін ғой. Ауыл ақсақалдары, көзі қарақты азаматтар көнеден жеткен жүйріктер жайлы әңгімелерді еске түсіріп, ат баптап жүргендерге ақыл-кеңестерін берсе. Әлде Абай атамыздың «Аттың сыны» өлеңін терең мән беріп, қайталап оқып шықсақ па екен?!.

Әлен ЗӘКИЕВ, Би-ата ауылы, Абай ауданы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

03.04.2026
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары оқу орындары мен ғылым саласында жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру жұмысы...

Толығырақ...Details

Семейде биыл 100 көше мен 100 аула жаңарады

03.04.2026
Семейде биыл 100 көше мен 100 аула жаңарады

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, биыл шаһарды абаттандыруға ерекше басымдық берілетінін...

Толығырақ...Details

Сот актілерін апелляциялау және сот билігінің тәуелсіздігі

03.04.2026
Сот актілерін апелляциялау және сот билігінің тәуелсіздігі

Азаматтармен өзара әрекеттесу тәжірибесі қоғамда сот жүйесінің қызметі, оның тәуелсіздігі және сот актілерін қайта қарау тәртібі туралы түсініктің жеткіліксіз екенін...

Толығырақ...Details

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өңір халқына үндеуі

03.04.2026
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өңір халқына үндеуі

Ардақты Абайлықтар! Құрметті жерлестер! Бүгін сіздерге арнайы бейнеүндеу жасауды жөн көрдім. Абай облысы – ұлы тұлғаның атымен аталған, тарихы терең,...

Толығырақ...Details

«Таза бейсенбі» акциясы аясында Абай облысында «AMANAT» партиясының мүшелері 2 тоннаға жуық қоқыс шығарды

02.04.2026
«Таза бейсенбі» акциясы аясында Абай облысында «AMANAT» партиясының мүшелері 2 тоннаға жуық қоқыс шығарды

«AMANAT» партиясының бастамасымен Абай облысы, Семей қаласында «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық акция тұрақты түрде жалғасын табуда. Бұл жолғы тазалық...

Толығырақ...Details

Семей қаласында спорт саласы бойынша ауқымды және кешенді іс-шаралар жоспарланған

02.04.2026
Семей қаласында спорт саласы бойынша ауқымды және кешенді іс-шаралар жоспарланған

Ағымдағы жылы Семей қаласында дене шынықтыру және спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

36 минут бұрын

Семейде биыл 100 көше мен 100 аула жаңарады

39 минут бұрын

Сот актілерін апелляциялау және сот билігінің тәуелсіздігі

41 минута бұрын

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өңір халқына үндеуі

4 часа бұрын

Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді

24 часа бұрын

«Таза бейсенбі» акциясы аясында Абай облысында «AMANAT» партиясының мүшелері 2 тоннаға жуық қоқыс шығарды

1 день бұрын

Семей қаласында спорт саласы бойынша ауқымды және кешенді іс-шаралар жоспарланған

1 день бұрын

Абай облысында 16 спорт нысаны пайдалануға берілді

1 день бұрын

Абай облысының оқушысы «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік жобасында апталық ойын жеңімпазы атанды

2 дня бұрын

Әлем чемпиондарына облыста құрмет көрсетілді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС