"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТІРЛІКТІҢ КҮШІ БІРЛІКТЕ

20.04.2020
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Тірліктің күші бірлікте» деген халық даналығын басшылыққа алған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халқының форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет ұсынған болатын. Арада үш жыл өткен соң, яғни 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Оның мәртебесі алғашында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде бекітілген болса, 2007 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына бүгінде 25 жыл толып отыр. Осы ширек ғасыр ішінде Ассамблея қоғамдағы диаспорааралық келісімді және толеранттылықты нығайту, ел бірлігін сақтау, мемлекет құрушы қазақ ұлтының дәстүрі мен тілін дәріптеу арқылы диаспоралар мәдениетінің сақталуына жағдай жасау, қоғамдық келісімді қолдау және дамытуға барынша күш салып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың белгілеуімен Ассамблея сессиясы жылына кем дегенде бір рет өтіп тұрады.

— Адал еңбегімен шыңдалған, әлем таныған Елбасының жолы мені шыдамдылық пен ширақтылыққа, төзімділік пен тәуекелге талпынуға, қайсарлыққа, намысшыл патриот болуға бағыттады. Халықаралық қазақ тілі қоғамында 29 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясында 25 жыл үздіксіз қызмет атқару менің маңдайыма бұйырғанына тәубе деймін. Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтарымызды ел мен жерді сүюге, қиын сәттерде әртүрлі арандатушылықтарға мойынсұнбауға жол нұсқап, Отанға, халыққа адал қызмет етуге, қарапайымдылық пен мәдениеттілікке тәрбиелеп келеді. Қазір біз өмірдің үлкен жолындамыз. Жастарымызға өнегелі тәрбие беріп, сақтыққа, қайсарлыққа, жинақылық пен ширақтыққа, сергектікке үйрету — аға буын, біздің міндетіміз,- дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Орал Шәріпбаев.

Елімізде барлық этностардың өз тілдері мен мәдениетін сақтауына барлық жағдай жасалған. Қалалар мен аудандарда Достық үйлері ашылып, этномәдени бірлестіктер жұмысын жалғастыруда. ШҚО әкімі Д.Ахметовтің қолдауымен Өскемен қаласындағы Металлургтер үйі ғимараты заманауи жөндеуден өтіп, Достық үйіне айналса, Семейдегі Достық үйінде қазақ әліпбиіне негізделген латын қаріптерін оқыту кабинеті ашылып, жабдықталуда.

Жалпы, қазіргі кезде Қазақстанда 22 этностың ана тілі жеке пән ретінде 108 мектепте оқытылса, 88 мектепте өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде сабақ жүргізіледі.

— Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық сессиясына қатысып келемін. Сессия жылына екі рет өткізілсе, 25 жылда 50 мәрте қатысып, әр келген сайын тойға емес ойға жиналғанымызды түсіндім. Елбасымыз: «2017 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны 80%-ға жетіп, 2020 жылға қарай одан да көп болуы тиіс. 10 жылдан кейін мектептеріміздің түлектері 100% қазақ тілінде сөйлеуі керек. Қазақ тілін білу әншейін бір ұран емес, бұл – қазақ халқының тарихын, мәдениетін, дәстүрін білу деген сөз»,- деп айтқан еді. Ассамблеяның 2019 жылғы сессиясына Елбасы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, тағы та қазақ тіліне қатысты өзекті ойларын ортаға салды. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде қазақ тілінің қоғамдағы қолданыс аясын кеңейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру жайлы сөз қозғады. Таяу уақытта қазақ тілінің қоғамдағы рөлі бұдан да күшейетініне сенім мол. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі тыныштық пен берекені сақтай отырып, Елбасы саясатын әрі қарай жалғастыратынына күмән жоқ, — дейді Орал Тоқтарұлы.

Тағдыршешті кезеңде Қазақ елінің тізгінін ұстап, көшін бастау Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылған екен. Қазақ елінің екі тізгін, бір шылбырын қолына алған Тұңғыш Президентіміз алғашқы сәттен бастап-ақ бабалар аманатына сай ұзақты көздеп, болашақты баянды ететін байыпты жолды таңдады. Елін де ұлы мақсатқа жұмылдырды. Тағдырын қолына сеніп тапсырған халқына қалтқысыз қызмет етті. Бүгінде Елбасының сарабдал саясатының, салиқалы ұстанымның арқасында қазақ елі бейбітшілік жолынан таймай, береке-бірлікте өмір сүріп келеді.

— Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жыл ішінде татулық пен бірліктің тұтқасы болып, ел дамуына зор үлесін қосып келеді. Әрине, ұлтаралық, дінаралық тұрақтылықты сақтап тұру үшін әлі көп жұмыстар атқарылуы тиіс. Жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруымыз керек. Қазақ тілі елімізді біріктіруші тіл болуы тиіс,- дейді Халықаралық Қазақ тілі қоғамының вице-президенті О.Тоқтарұлы.

«Ырыс, қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» дейді халық даналығы. Елдің иесі, жердің иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда бас сауғалап, тағдыр тәлкегімен босып келген өзге жұртты бауырына басты. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз татулықты басты қағида етіп ұстаған. Ол атадан балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

20 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

20 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

2 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

2 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

6 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

7 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

7 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

7 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС