"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОНДЮРИН КӨШЕСІНЕН ӨТКЕНДЕГІ КӨҢІЛ-КҮЙІҢІЗ ҚАЛАЙ, СЕРІК ЗИНАБЕКҰЛЫ?

09.06.2020

Тәуелсіздік алғанымызға да отыз жылға жақындады. Жоңғардың қырғынын, орыстың тепкісін, монғолдың шапқынын да бастан кештік. Бұрымдысы — күңге,  тұлымдысы құлға айналған он алтының ойраны да, отыз екінің ашаршылығы  мен отыз жетінің зұлматы  да қазақ  халқын айналып өткен жоқ. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ егемен ел атанғаннан кейін  ата тарихымыздың беттеріндегі жабық болып келген  ақтаңдақтар ашыла бастады…

Азаттықтың ақ таңы атқан бүгінгі уақытта Одақтың  қолдан жасаған  «ұлылары» ығыстырылып,  есімдері елеусіз қалып келген өз ардақтыларымызды  құрметтеу ісі қолға алынды, ақиқат салтанат құра бастады десек те, «әттеген-ай» дейтін жағдайлар әлі де бар.

Қазақстанда өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында  ірі байлардың малын  тәркілеу науқаны  өте  белсенді жүргізілді. Бұл науқаннан  кейін іле жеткен елдегі  ашаршылықта  тұйыққа тірелген халық бас сауғалап, атамекенін тастап, шекараны бетке алғаны  тарихтан белгілі.

Шығыс Қазақстанның жерінде, Тарбағатай тауларының бойында,  Қытай шекарасына жақын маңда Хабарасу  атты асу бар. Осы маңдағы тәуелсіз қазақ елінің шекарасын күзететін  Зайсан шекара отрядының заставасы  2019 жылға дейін  Кондюрин Василий Васильевич дегеннің атымен аталып келді. СОНЫМЕН, КОНДЮРИН ДЕГЕН КІМ?

Ел басына күн туған жылдары  тағдырдың тәлкегімен  шекараны бетке алған қандастарымызды жаппай  қырған жауыз, қаскүнемдердің бірі осы Кондюрин болған.

Аталған тақырыпты кеңінен зерттеген белгілі айтыскер ақын Қалихан Алтынбаев пен журналист Ерғали Жұмахан былай деп жазады: «Застава отрядының командирі Кондюрин аса мейірімсіз, қанішер адам болыпты. Шекарадан бері қарай немесе әрі қарай асып бара жатқандар қолға түссе, сотсыз, тергеусіз атып тастай берсе керек. Жай өлтірсе, бір сәрі, атылған қазақтың біреуін екіншісінің үстіне айқара салып, өзі өліктердің үстіне отырып, жайланып шылым шегеді екен. Қыз-келіншек қолға түссе, құдайының бергені. Күйеуінің, ата-енесінің көзінше не өзі, не қарауындағы шекарашыларға зорлатады. Шектен тыс жауыздығы өзінің түбіне жетіпті, ақыры. Тәуекелге бел буған үш жігіт алдап, оңаша шығарып алады да, кескілеп өлтіреді. Итке — ит өлімі. Жауызға соның өзі сауап еді. Амал не, ұлыдержавалық шовинистік саясат жайлаған ол кезде заставаға Кондюрин аты берілді. Сол Кондюринді өлтіруші үш жігіттің біреуі Қыржы руынан шыққан Әбіш Шәріпов 1990 жылы Сұлутал кеңшарына келіпті. Жасы тура 92-де. Жүрісі әлі тіп-тік. Сөзі түзу. Қатарынан қалмаған. Тек екі кемпір ғана танып, амандасыпты. Әбіштің басынан кешірген хикаясы бір кітапқа жүк боларлық. Кондюринді өлтірер алдында Көкпекті түрмесінен қашып шыққан екен. Қызылтасқа келіп, қызыл комиссар Кенесары Бакиннің басы артық тапаншасын қорқытып алып кеткен. Кондюрин өлген соң, қашып Алтай өлкесіне барыпты. Сонда фамилиясын өзгертіп, басқа құжат алыпты. Сол жақтан Отан соғысына аттанған». (Қалихан Алтынбаев, Ерғали Жұмахан. «Ақсуат. Құнарлы топырақ, құдіретті ұрпақ». «Ер-Дәулет» ақпарат агенттігі. Алматы, 1998 жыл).

Міне, ұзақ жылдар бойы  құрметіне шекаралық застава аталып, Тарбағатай өңірінде ескерткіш қойылып, Зайсан қаласындағы үлкен көшелердің бірі аталып келген Кондюрин кім деген сауалға жауап осы.

«Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «В.В.Кондюрин атындағы шекара заставасын қайта атау туралы» қаулысына сәйкес, 2019 жылғы 18 сәуірден бастап осы шекара заставасы соғыс ардагері, партизан Қасым Қайсенов атын алды.

Тарбағатай ауданындағы Кондюринге орнатылған ескерткіш  құлатылды. Өкінішке орай, шығыстағы  Қытаймен шекаралас жатқан  Зайсан қаласындағы  орталық көшелердің бірі әлі күнге  қанішер Кондюрин атында. Есімі шекарадан аластатылып, ескерткіші құлатылғанымен, Зайсандағы көшенің мұрты бұзылмаған қалпы тұр.

Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің назарына!

Зайнулдин мырза, Сіз осы өңірде туып-өскен, ел мен жер тарихын жақсы білетін азаматсыз. 2010 — 2013 жылдары Зайсан ауданында әкімдік қызмет атқарып, осыдан үш айдай уақыт бұрын елге басшылыққа қайта тағайындалдыңыз. Тәуелсіздігімізді алғанымызға  отыз жылға жуықтап қалды. Кондюриннің батыр емес, жауыз екендігі дәлелденіп, бүкіл елдің санасындағы күдік пен күмән  толығымен сейілсе  де, Зайсандағы көше әлі күнге қасқайып тұр. Кеңестік идеологияның тұсында ұлттық мүддеге қатысты бұл сияқты мәселелерді дәлелдеу қиын болғанымен, егемендігімізді  алғаннан кейін  өткенімізді таразылап,  болашаққа нық қадам баса алатын мүмкіндік туды. Одақ тұсында  ақиқатты айта алмай, жалтақ болдық… Ал бүгінгі азат елдің көшесі қазақты қырған қанішердің  құрметіне аталуы елдіктеріңізге сын емес пе? Зайсандағы көше Кондюрин атында тұра берсе, болашақ ұрпаққа қазақты қырған қанішер есімі батыр болып жетері хақ.

Кондюринге  қазақ халқы ғасырлар бойы лағнет айтуы керек. Ал зайсандықтар  осы жендеттің  атындағы көшемен күнде жүріп өтеді.

Кондюрин көшесінен өткендегі  өзіңіздің  көңіл-күйіңіз  қалай, Серік Зинабекұлы?{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Инвестиция және өнеркәсіп: Қазақстанның экономикалық жаңғыруының маңызды бағыттары

27.11.2026
Инвестиция және өнеркәсіп: Қазақстанның экономикалық жаңғыруының маңызды бағыттары

Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы инвестициялық белсенділікті арттырумен, өнеркәсіптік өндірісті кеңейтумен және заманауи технологияларды енгізумен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Заңды құрметтеу және азаматтық жауапкершілік – әділетті қоғамның негізі

27.11.2026
Заңды құрметтеу және азаматтық жауапкершілік – әділетті қоғамның негізі

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына ғана емес, олардың өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына да байланысты. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

27.11.2026

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағына бағытталған стратегиялық бағдар

26.11.2026
Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағына бағытталған стратегиялық бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын...

Толығырақ...Details

Адами капиталға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға, цифрландыруға және алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарауға басымдық беру.

26.11.2026
Адами капиталға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға, цифрландыруға және алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарауға басымдық беру.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын үлкен...

Толығырақ...Details

Заңдылық – әділетті әрі қуатты мемлекеттің негізі

26.11.2026
Заңдылық – әділетті әрі қуатты мемлекеттің негізі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауы еліміздің одан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Инвестиция және өнеркәсіп: Қазақстанның экономикалық жаңғыруының маңызды бағыттары

1 день бұрын

Заңды құрметтеу және азаматтық жауапкершілік – әділетті қоғамның негізі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағына бағытталған стратегиялық бағдар

2 дня бұрын

Адами капиталға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға, цифрландыруға және алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарауға басымдық беру.

2 дня бұрын

Заңдылық – әділетті әрі қуатты мемлекеттің негізі

2 дня бұрын

Инфрақұрылымдық жобалар өңірдің дамуына жаңа мүмкіндік ашады

2 дня бұрын

ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ ЖАСАМПАЗ ҚАДАМДАРЫ

2 дня бұрын

Аға буын нені күтеді? Абай облысында Президент Жолдауы талқыланып, ардагерлердің пікірі тыңдалды

2 дня бұрын

Қазақстанда тіс емдетуге шетелдіктердің қызығушылығы артқан

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС