"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.04.2014
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық мәслихаттың кезекті 28 сессиясының отырысы өтті. Жиынға халық қалаулылармен бірге қала әкімінің орынбасары Жағыпарбек Елубаев, дербес бөлім басшылары, мекемелер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес алты мәселе талқыланды.

Ең алдымен сессияда қалалық мәслихатқа сайлаушылардан 2013 жылы түскен өтініштерді қарау және сол өтініштер бойынша қабылданған шаралар жөнінде айтылды. Депутаттар бұл мәселеге қатысты арнайы комиссияның отырысында толыққанды ақпарат берілгендіктен шешім жобасын бірауыздан қолдап, қабылдады. Қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжалов жиналғандарды наурыздың басында аталып өткен Қазақстан Республикасының мәслихаттарының жиырма жылдығымен құттықтады.

Семей қаласында жолаушыларды   автомобиль көлігімен тасымалдауды жақсарту бойынша атқарылып жатқан шаралар да сөз болды. Аталмыш саладағы жұмыстар жайлы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов айтып берді. Өз сөзінде ол қазіргі таңда қалада күнделікті желіде 432 автокөліктің жұмыс атқаратынын, оның 290-ы үлкен автобустар болса, 142-сі шағын автобустар. Былтырғы жылдың бірінші тамызында енгізілген жаңа бағыттық желі  енгізілгенін жеткізді. Оған бұрынғы бағыттардың 9-ы қосылмаған. Сонымен бірге бірқатар бағыттар бойынша қозғалыс сызбасы өзгерген. Нәтижесінде қаланың негізгі жолдарына жолаушылар көлігі жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берілген көрінеді. Нақтырақ айтқанда, Әуезов даңғылы 17,3 пайызға, Қабанбай батыр көшесі 14,4 пайызға, Интернационал көшесі 12,7 пайызға, Шәкәрім даңғылы 27,3 пайызға, Абай көшесі 22,9 пайызға.  Дей тұрғанмен, бұл бағыттық желі 2009 жылы әзірленгендіктен бүгінгі күннің талаптарына сәйкес келе бермейтін тұстары да жетерлік көрінеді. Сондықтан жолаушы тасымалдайтын көліктің қозғалысын реттейтін тың құжат қабылдау қажеттігі туындап тұр. Яғни, жаңа бағыттық желіні енгізу керек. Сондай-ақ, бөлім басышысы GPS-мониторинг бойынша пилоттық шараларға арналған жабдықтардың алынып, олардың қазіргі таңда №30 бағыттың автокөліктеріне қойылғанын айтып өтті. Өткізілген арнайы конкурстың нәтижесінде қалада жолаушы тасымалы бойынша 6 кәсіпорын қызмет көрсетіп отыр. Алайда олардың төртеуі ғана келісімшартқа қол қойса, қалған екеуі бас тартқан көрінеді.  Олар – «Азия комби» және «Семавтопарк».  Десе де ешқандай келісімшарттың жоқтығына қарамастан қала ішінде жолаушы тасымалдаумен айналысып келеді. Жиын барысында аталмыш кәсіпорындардың қызмет көрсету бағыттарында 70-тен ас-қан зейнеткерлерге, “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлеріне бұрынғы жол ақысына берілетін жеңілдіктерді алып тастауы жайлы сөз болды. Осы мәселеге қатысты сұраққа Әсет Сүлейменов былай деп жауап берді:

— Бұл сұрақ әлі ашық күйінде қалды. Жалпы жеңілдіктер жасау заңда немесе конкурстық құжаттардың шартында көрсетілмеген. Жеңілдіктер қызмет көрсетуші кәсіпорындар мен жергілікті биліктің арасындағы өзара келісімнің негізінде беріледі. Жоғарыдағы екі кәсіп-орын арнайы шартқа қол қоймағандықтан да осындай жағдай орын алып отыр. Бұл орайда депутаттар конкурсты ұтып тапсырыс алған  мекемелер ұзақ уақыт келісімшарт жасасудан бас тартса, уақыт оздырмай қайтадан тендер жа-риялау керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, сессияда қалалық бағыттарда жүретін автобустарда аялдамаларды мемлекеттік тілде хабарлау жайы да сөз болды. Мәслихат депутаты Риза Молдашеваның осы мәселеге қатысты қойған сұрағына Әсет Бауыржанұлы:

— Қаладағы  аялдамаларды қазақша және ресми тілде хабарлау жолаушы тасымалдаушылармен жасалған келісім-шартта көрсетілген. Кәсіпорындардың өз міндеттемелерін орындау деңгейі арнайы тексеріліп тұрады,-деп жауап берді.

Жиын барысында жолаушы тасымалдаумен айналысатын автокөліктердің көбінің жағдайының талапқа сай келмейтіні де айтылды. Сондықтан, Әсет Сүлейменов жаңа бағыттық желіні әзірлеу кезінде қозғалмалы құрамның типіне автобустардың класына мән беру керектігін тілге тиек етті. ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушыға баяндамадан кейін, сұрақтарына жауап алған депутаттар  осы саладағы түйткілдерді шешуге үш ай мерзім уақыт берді.

Семей қаласының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының қызметі туралы баяндама жасаған Азамат Хосчанов тұтынушылардың басым көпішілігінің төлемдерді уақытында жасамауы салдарынан «Теплокоммун-энерго» мекемесінің дебиторлық қарызы артып отырғанын мәлімдеді. 2013 жылы шығын көлемі 1 миллиард теңгеге жеткен көрінеді. «Семей водоканал» МКК-ның да жағдайы осыған ұқсас. Яғни, дебиторлық қарыздың мөлшері артып келеді. Сондай-ақ, Азамат Хосчанов «Семей» көркейту және көгалдандыру бойынша МКК-ның қызметі жайлы айтып берді. Қала әкімінің орынбасары, аталмыш кәсіпорынның өндірістік базасының жоқтығы мен арнайы техниканың жеткіліксіздігі жұмыс сапасын жақсартуға бөгет екенін де айтып өтті.

 

{jcomments on}- Қазіргі таңда мекеме жалпы ауданы 2 500 шаршы метр болатын жұмыс алаңына, сонымен қатар, КамАЗдың негізінде жасалған 5 суармалы, щеткалы, құм шашқышқа, 3 жүк машинасына, 2 фронталды тиегішке, 1 автокөтергіш пен 3 шағын тракторға мұқтаж,- деді Азамат Хосчанов.

 

Қала әкімі орынбасарының басқа да коммуналдық кәсіпорындардың атқар-ған шаруалары мен олардың жұмысының сапасын жетілдіруге қатысты       ұсыныстарын тыңдаған депутаттар аталмыш мәселелерге қатысты шешім жобасын бірауыздан қолдады.

Тағы бір маңызды мәселе жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі. Сессия барысында бұл тақырыпта Шыңғыс Кәрімов баяндама жасады. Өз сөзінде ол 2012 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде қайтыс болғандардың саны азайғанымен, апаттардың 1,5 пайызға жилегенін айтты. Сондай-ақ, зардап шеккендердің саны алдыңғы жылға қарағанда былтыр 13-ке, яғни, 4 пайызға артып, 323-тен 336-ға көбейген. Шыңғыс Кәрімов былтыр жүргізілген 25 жоспарлы тексеріс-тердің нәтижесінде  105 ақауы бар     автокөлік анықталғандығын, оның 62-сі автобустар екенін тілге тиек етті. Жіберілген кемшіліктерге сәйкес 14 ескерту жасалып, 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған көрінеді. Осы орайда, алдын алу шараларының қар-қынын арттыра түсу керектігі айтылды. Сонымен қатар, Шыңғыс Мұратұлы қаланың көлік көп қатынайтын кейбір жолдарының автокөлік жүретін бөлігін кеңейту және жол белгілерімен бағдаршамдарды жаңарту қажет екендігін жеткізді. Мәліметтерге қанығып, қалалық Ішкі істер департаментінің ұсыныстарын тыңдап болған соң депутаттар аталмыш мәселелерге қатысты шешімнің жобасын бірауыздан қолдады.

Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету жұмысы бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова ақпарат берді. Өз сөзінде ол «Семей қаласының қосымша білім беру желісін дамыту бағдарламасын» жүзеге асырудың арқасында мекемелер санын екіге, және аула клубтарын алтыға, оның ішінде ауылдық жерлерде төртке, қалалық жерде екіге арттыруға мүмкіндік туғанын атап өтті. Осылайша қазіргі таңда қалада 16 қосымша білім беру мекемесі мен қала және қалаға қарасты ауылдық елдімекендерде 25 аула клубтары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, спорттық, техникалық жалпы әртүрлі бағыттағы балалар орталықтарының жұмысы жайлы да айтып берді. Мұндай ұйымдардың балалардың спорттық шараларға қатысып, бос уақыттарын тиімді өткізіп, тәрбиемен қатар қосымша білім алуларына септіктерін тигізетінін тілге тиек етті. Осындай атқарылып жатқан шаралардың арқасында оқушылар арасындағы қылмыс саны азайып, мектепішілік тіркеуде тұрған жасөспірімдердің қатары кеміген. 2012 жылғымен салыстырғанда 257 баладан, 2013 жылы 131 бала. Жалпы балаларға қосымша білім беру бойынша 470-тен астам шара өткізілген екен. Гүлжан Қайырханқызы балалардың білімге, спортқа құмарлығын арттыруға арналған орталықтардың және ұйымдар мен мекемелерінің түрлі деңгейдегі жөндеуден өтетінін айтты. Мәселен, балалар және жастар шығармашылығы сарайының ғимаратының жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын жасаудың өзіне 10 миллион теңге керек екен. Ал, жөндеуден толық өткізуге 75 миллион теңге көлеміндегі қаражат қажет көрінеді. Осындай жұмыстарды өткізуді қажет етіп отырған балалар ұйымдары мен арнайы орталықтардың бұл бір бөлігі ғана. Аталған мәселеге қатысты да депутаттар шешімнің жобасын бірауыздан мақұлдап қолдады.

 

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

03.07.2026
Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің...

Толығырақ...Details

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды,...

Толығырақ...Details

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

14 минут бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

52 минуты бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

59 минут бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

16 часов бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

20 часов бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

21 час бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

21 час бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

22 часа бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

1 день бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС