"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ескерткіш тақта орнатты

14.06.2021
75
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аптаның демалыс күнінде Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері еліміздің қоғам және саяси қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Тұрсынғазы Жантұяқұлы Мүсәпірбековтың құрметіне ол тұрған үйге арнайы ескерткіш тақта орнатты. Аталмыш шараға қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов та арнайы қатысты.

Ескерткіш тақта орнатты

 Тоқтала кетсек, Тұрсынғазы Жантұяқұлы еңбек жолын Аягөз, Таскескен аудандарындағы ауыл шаруашылығы саласынан бастап, өмірінің соңына дейін ел қамы үшін еңбек еткен азамат, өр тұлға еді.

Сонымен қатар 1996 – 2011 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары лаузымдарын да зор абыроймен атқарып, қаламыздың рухани – мәдени орталық статусын сақтап қалуында елеулі еңбек сіңірді. Көпшілік алдындағы өз сөзінде осы жайында кеңінен айтып өткен Нұрымбет Аманұлы нағыз мемлекеттік қызметкер ретіндегі өр тұлғасына да тоқталып өтті.

Тұрсынғазы Жантұяқұлы өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Абай ауданының әкімі болып тағайындалғаннан кейін де Абай, Шәкәрім, Мұхтар елінің нарықтың талабына сай көркеюіне үлкен үлес қосты. Осы өңірдің гүлденіп, қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосты.

— «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» деп Елбасы айтқандай, иісі қазақтың мақтанышын, жол көрсетер рухани көсемін тудырған киелі өңір өнер мен өлеңнің нағыз бастау бұлағы іспеттес, осынау қасиетті мекенді өмірінің соңғы жылдары басқарған білікті басшы, шебер ұйымдастырушы, тәжірибелі маман Тұрсынғазы Мүсәпірбеков ел есінде мәңгі сақталады, — деп атап өтті өз сөзінде Нұрымбет Аманұлы.

Жиын барысында сонымен қатар, Абай елінің азаматтары мен ақсақалдары, Тұрсынғазы Жантұяқұлымен бірге еңбек еткен байырғы әріптестері де сөз алып жылы лебіз білдірді.

Сонымен қатар, дәл осы күні ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы, дирижер, композитор, ҚР білім беру ісінің үздігі, өскелең ұрпаққа үлгі болған азамат Оразғали Жүнісбекұлы Сейтқазинге арналып ескерткіш тақта орнатылды.

Қастерлі Қарқаралы топырағында дүниеге келген Оразғали Жүнісбекұлы 1974 жылдан бері Семей елінде жемісті еңбек еткен. Қорқыт бабамыздан жеткен қобыз аспабына жан бітіріп, ұлттық дәстүрді жалғастырған халық композиторы, қазақ еліне аты шыққан дәулескер күйшіге айналды.

Жиналған қауым Оразғали Сейтқазиннің музыка салысында өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды сазгер екендігіне, Семей өңіріндегі мәдени саланың қарыштап дамуына қосқан өзіндік үлесіне тоқталды.

Расында сазгер музыкасының ерекшелігі: ұлттық ән нақышының Еуропаның классикалық музыка иірімдерімен үйлесім тауып, біте қайнасуында. Бұл жайында лебіз білдірген Семей қаласының әкімі Нұрымбет Аманұлы өзіндік ерекше еңбектерімен танылған өнер жұлдызы, ұстаз, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Жүнісбекұлының есімі өнер сүйер қауым мен ұлағатты шәкірттерінің есінде мәңгі сақталатынын да айтып өтті.

«СТ» — ақпарат

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

23 часа бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

23 часа бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

23 часа бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 день бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

1 день бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

1 день бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

2 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

2 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

2 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС