"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

31.12.2021
ҚАЛА БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мәслихат сессиясы

 Өткен аптада Семей қаласы мәслихатының кезекті, 20-шы сессиясы өтті. Депутаттар Семей қаласы мен ауылдық округтердің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін қарады. Сессия жұмысына 19 депутат қатысты.

Семей қаласы бюджетінің көлемі жоғары тұрған бюджеттерден берілетін трансферттер мен кредиттерді ескере отырып, 50 418 299 мың теңгені құрайды, оның ішінде қалалық бюджет – 37 484 996 мың теңге, трансферттер мен кредиттер – 12 933 303 мың теңге.

2022 жылға арналған бюджеттің шығыс бөлігінде инфляция коэффициентін (4-5 %) ескере отырып, жалақыны төлеу, коммуналдық қызметтерді төлеу, әлеуметтік төлемдер және басқа да шығыстар толық көлемде қарастырылған.

Жалпы, бюджеттік қаржыландыру есебінен тұрғын үйлер салу және оларға инженерлік желілер тарту, Шығыс кенті мен Шақаман ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту және кеңейту көзделген. Сонымен қатар қала жолдарын жөндеу, оң жақ бұрылыстар орнату, білім беру объектілеріне кіреберіс жолдарды және Семей — Талица автожолын жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

14 аула аумағы абаттандырылып, қалалық мал қорымы салынады.

Сондай-ақ, қаланың шет аймақтарын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. 16 балалар, спорт және көп функционалды алаңдарды орнату жоспарланған.

Қайнар ауылын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, ауыл жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

«Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мұқыр және Мұрат ауылдарына кіреберіс жолдар жөнделеді.

Барлық қаржыландыру көздері есебінен әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға, оның ішінде еңбек нарығын дамытуға; мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға; атаулы әлеуметтік көмек төлеуге; жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге; тұрғын үй көмегін көрсетуге; азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау көрсетуге; арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 65 жастан асқан зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыру үшін белсенді ұзақ өмір сүру бөлімшесін қамтамасыз етуге 6 360 900 мың теңге қарастырылған.

Ауылдық жерлерге келетін болсақ, Абыралы ауылдық округінде балалар ойын алаңы салынады. Ақбұлақ, Жиенәлі және Новобаженово ауылдарында көше жарығы орнатылады. Алғабас ауылында бұрынғы интернат ғимараты жөнделеді. Көкентауда сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Талица және Жарқын ауылдарында көше жарықтарына ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Мәслихат депутаттары Семей қаласы мен ауылдық округтердің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бір ауыздан қолдады.

Сессияда сонымен қатар Семей өңірін оңалту жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы қарарының іске асырылуы туралы хабарлама тыңдалды. Сондай-ақ мәслихаттың атқарған жұмыстары мен оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп бекітілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, халық қалаулылары Дариға Даирова мен Әміржан Ахмеджанов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Құрмет грамотасымен, Айнұр Арғынбекова алғыс хатымен марапатталды.

 

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

Мақалада: ҚАЛА БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

10 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

10 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 день бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 день бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС