"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

PFIZER ЕКПЕСІН САЛУ ЖАЛҒАСУДА

07.12.2021
PFIZER ЕКПЕСІН САЛУ ЖАЛҒАСУДА
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Күн тақырыбына

 Бүгінде еліміздің әр өңіріне Pfizer вакцинасы жеткізіліп, 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге салынып жатқаны белгілі. Жалпы, әлемді жаулаған инфекцияға қарсы вакцина пайда болғаннан бері бірнеше миллион адам әр түрлі КВИ-ге қарсы вакцинамен егілді. Соның ішінде аталған екпе түрінің орны бөлек. Түрлі вакциналардың ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға салуға әзірге тек Pfizer вакцинасын ғана ұсынып отыр.

Қазіргі таңда Pfizer вакцинасын Семей қаласы бойынша 4744 бала мен жасөспірім, сонымен қатар 86 жүкті әйел және 338 бала емізетін ана алыпты. Бұл көрсеткіштер алдағы уақыттарда арта түсетіні белгілі.

Сонымен қатар жасөспірімдерді вакцинациялау қатаң түрде ата-анасының келісімдері арқылы ғана жүргізіліп жатқанын да айта кету ләзім. Бұл жайында аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей медициналық университетінің «Балалардың жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша жоғарғы санатты дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Анаргүл Мансұрова тарқатып айтып берді.

— Қаламызда қараша айынан бастап 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, сондай-ақ жүкті және емізетін әйелдерді вакцинациялау басталды. Жалпы, бір жастан 11 жасқа дейінгі балалар ауырғанда, статистика бойынша, вирусты жеңіл өткереді. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – жасөспірімдер, олар да коронавируспен ауырады және вирусты ересек адамдар сияқты өткереді. Егер осы ауру түрімен сырқаттанатын болса, асқынулары мен ауыр түрлері де орын алуы мүмкін. Бір жасқа дейінгі балаларға тоқталсақ, қазіргі таңда олар да жұқпалы сырқаттарды ауыр өткереді. Егер отбасында бір жасқа толмаған бала болса, онда отбасы мүшелері, үлкені бар, кішісі бар, барлығы бірдей вакцина алғандары жөн. Коронавирус инфекциясы әлі де жалғасуда, оның үстіне әрбір жаңа штамм ай өткен сайын мутациялануда. Пандемия қашан аяқталатыны белгісіз. Pfizer – балалар мен жасөспірімдерге арналған американдық вакцина, қазіргі уақытта ол Қазақстанда тіркелген және балаларға салуға рұқсат етілген бірегей шетелдік вакцина саналады. Ең бастысы, Pfizer вакцинасын әлемдік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған. Дәл осы Pfizer компаниясында аталмыш вакцинаны балаларға қолдануға болатыны жайлы нақты әрі сенімді, ғылыми тұрғыда толық дәлелденген негіздемелер бар, — деп түсіндіріп өтті Анаргүл Мансұрова.

Сонымен қатар дәрігер жасөспірімдер мен ата-аналарды аталмыш екпеден еш күмәнданбауға шақырды. Себебі осыған дейін бірнеше мәрте клиникалық тексерулерден өтіп, бірқатар сараптама жасалынғандықтан, бұл шетелдік вакцина еш қауіпсіз деп танылған. Оның сапасы мен тиімділігіне өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кепілдік беріп отырғанын да айта кету керек.

А.Мансұрова айтып өткендей, екпенің жанама әсері бір күннен үш күнге дейін созылады екен. Көбінесе екінші дозасын алған соң қолдың ауыруы, әлсіздік, шаршау, ұйқышылдық сынды сезімдер болуы мүмкін. Жанама әсерлердің болғаны вакцинаның иммундық жүйеге оң әсер етіп жатқанын көрсетеді. Дей тұрғанмен жанама әсер болмауы да мүмкін, бірақ бұл — вакцина «жұмыс істемеді» дегенді білдірмейді. Клиникалық зерттеу барысында қатысушылардың жартысынан көбінде жанама әсерлер байқалмағанын айта кету керек. Сондай-ақ вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін екінші дозасын міндетті түрде кем дегенде 21 күннен соң алу қажет болады екен.

Мұнымен қоса маман вакцинаның қауіпсіз екенін тағы бір мәрте атап өтіп, барша жасөсіпірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды екпе алуда белсенділік танытуға шақырып, мықты денсаулық тіледі.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: PFIZER

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

6 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

6 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

6 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

6 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

6 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

6 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

6 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС