"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА БАСШЫСЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

05.03.2022
ҚАЛА БАСШЫСЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай атындағы музыкалық-драма театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Мерекелік салтанатта Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов құттықтау сөз сөйледі.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «әрбір адамның тағдырындағы ең мейірімді және жарқын оқиғалар сіздермен байланысты. Біздің халқымыздың үлесіне тиетін сынақтар кезінде әйелдер халықтың тағдыры үшін жауапкершілікті толық көлемде бөлісті. Біздің көптеген ұлы отандастарымыздың еңбек және жауынгерлік ерліктері ел тарихының жылнамаларына мәңгілікке жазылып, біздің жадымызда сақталып қалмақ», — деді Бақытжан Кәкенқажыұлы.

Бақытжан Байахметовтің айтуынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдер жиналған қауымның, ұйымшылдықтың және жауапкершіліктің үлгісін көрсетуде.

Қала әкімі медицина, білім, мәдениет саласы сынды ізгі мамандық иелерінің еңбектерін ерекше атап өтті.

— Әлеуметтік қолдау көрсету саласында жұмыс істейтін нәзік жандыларға ерекше ризашылығымды білдіремін. Қаланың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде мұқтаж жандарға күнделікті қолдау көрсететін жүрегі мейірімге толы әйелдер қауымы жұмыс істейді, — деді қала әкімі.

Қала басшысы сондай-ақ өз өмірін құқық қорғау жүйесі мен әскери қызметпен байланыстырған әйелдерге, ауыл еңбеккерлеріне, бизнес ханымдарға, спортшыларға, көп балалы аналарға алғысын білдірді.

Бақытжан Байахметов соғыс және тыл ардагерлеріне ерекше ықыласын білдірді.

— Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тағзым етеміз! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында біз бүгін жаңа тәуелсіз, гүлденген Қазақстанды құрып жатырмыз!- деді қала басшысы.

Қала әкімі құттықтау сөзінен кейін әр салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар нәзік жандыларды медальдармен, грамоталармен марапаттады.

«Қалаға сіңірген еңбегі үшін» медалімен №1 ХҚКО бөлімінің басшысы Гүлнар Ыдырышева, мәдени-сауық орталығының директоры Фаузия Назарова, «ВКМКК» ақ ұн өндіру аппаратшысы Алма Сағандықова, «Зеленстрой» ЖШС жұмысшысы Рагын Тоқтамысова, «Роза ВВК» ЖШС дайындау цехының операторы Розалия Тухватулина марапатталды.

Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен мамандандырылған балалар үйінің әлеуметтік қызметкері Кулия Аргингазина, мүгедектер құқығын қорғау белсендісі Айгүл Қасенова, дзюдошы Зере Бектасқызы, «ПБПФ» ЖШС инкубация цехының басшысы Айман Есенжолова, «Авиценна» колледжінің химия және биология пәні оқытушысы Айсура Женпеисова, «Семей Водоканал» авариялық-диспетчерлік қызметінің диспетчері Нинель Қожамжарова, «Восток Бройлер» ЖШС корпустарын дайындау жөніндегі жұмысшы Сәуле Найманова, Семей қаласы бойынша еріктілер қозғалысының үйлестірушісі Евгения Павел, қала әкімі аппаратының техникалық қызметкері Сабина Байжігітова, «ТВК-6» телеарнасының журналисі Вера Кропачева марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін жиналғандар Семей қаласының шығармашылық ұжымдарының күшімен әзірленген мерекелік концертті тамашалады. Концертте «Травиата» және «Сицилиялық кешкі ас», Бабаджанянның «Ноктюрн» операларынан үзінділер, қазақ халық әндері мен билері, басқа халықтардың танымал әуендері орындалды. Нұр-Сұлтаннан арнайы шақырылған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали да өз өнерін көрсетті.

Кеш соңында бүлдіршіндер залдағы барлық әйелдерге көктем мен өркеңдеу символы – қызғалдақтарды сыйға тартты.

 

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА

Мақалада: НӘЗІК ЖАНДЫЛАР

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

2 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

3 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС