"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СӘНДІ СУБҰРҚАҚ СЕМЕЙДЕ САЛЫНАДЫ

24.07.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, яғни апта бейсенбісінде, облыс әкімі Даниал Ахметов Семейге жұмыс сапарымен ат басын тіреді. Аймақ басшысы ең алдымен қалалық әкімдікте шаһардағы коммуналдық мекемелер басшылары және жергілікті ат—қарушы биліктің аталмыш сала бойынша жауапты мамандарымен кездесу өткізді.

Жиын барысында қозғалған тақырып қаланың алдағы қысқа даярлығы, анығырақ айтқанда, жылумен қамту саласындағы мәселелер төңірегінде өрбіді. Бұл ретте «Теплокоммун-энерго» МКК-ның бүгінгі таңдағы ахуалы, яғни  дебиторлық және кредиторлық қарыздары    жайында әңгіме өрбіді. Қазіргі күні бұл тарапта туындаған ахуал тікелей өз назарында екенін жеткізген аймақ басшысы тұтынылған жылу үшін берілетін тариф құнын жоғарылатудың түйінді мәселені қаншалықты шеше алатындығын салмақтау қажет екенін айтты. Аталмыш мекемені банкроттық жағдайға түсуден аман сақтаудың бір жолы осы. Бір ғана мысал, жылу берушілер «Семей-Водоканал» мекемесіне 280 млн. теңге берешек. Яғни, бүгінгі таңда «Теплоком-  мунэнерго» МКК шығынға жұмыс істеуде. Оның бірі себебі — жылу үшін төленетін ақы республика бойынша тек Семейде төмен екен.

 

{jcomments on}- Осы орайда мәселені экономикалық жолмен шешу қажет. Мәселенің тек тиімді тұстарын қарастыру керек, — деді аймақ басшысы.

 

Жиында қаланың алдағы жылу беру маусымына даярлығы жайлы қала әкімі Ермак Сәлімов ақпараттандырып өтті. Өз сөзінде жылумен қамту нысандарының қайта жаң-ғыртылуы жайында сөз қозғаған Ермак Бидахметұлы қазіргі күні бұл тараптағы жұмыстардың барлығы жоспар бойынша жүзеге асып жатқанын жеткізді. Әсіресе сол жағалаудағы РК-1 жылу қазандығындағы жұмыс қарқынды. Мұнда бүгінде жаңа екі бу қазандығы орнатылған. Сондай-ақ модернизация бағдарламасы аясында тағы екі су қайнататын қазандық жөндеуден өткізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар кедергісіз жүргізілуде және белгіленген мерзімде толығымен аяқталмақ.

Ермак Бидахметұлы сонымен қатар тұрғын үйлерді қысқа даярлау мәселесіне де тоқталып, күрделі мәселе тек осы тараптан ғана туындауы мүмкін екендігін айтты. Бұған бірінші кезекте үй тұрғындары ынта танытып, қысқа әзірлік құжаттарын әзірлеп, үйлерін жылуды қабылдауға дайындаулары керек.

Осыдан соң облыс әкімі Даниал Ахметов орталық алаңдағы түрлі түсті-әуенді  бұрқақ құрылысымен танысты. Бұл жұмыстармен «СемСтройПроект» ЖШС айналысуда. Тапсырыс беруші — қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімі. Жобаның жалпы құны — 160 млн. теңге. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, жаңа нысан қалалықтар игілігіне алдағы қыркүйек айында берілмек. Құрылыс барысымен танысқан облыс әкімі қолға алынған жұмысты жылдамдатып бітіруді тапсырды. Сондай-ақ БАҚ өкілдеріне аталмыш нысанның       Семейдің сәулетіне көрік қосатынын, әсіресе келешек ұрпақ үшін үлкен сый болатынын айта келіп, қалада орын алып жатқан әрбір игілікті іске объективті көзқараспен қарау керектігін жеткізді.

— Мұндай әсем нысандар тек Астана мен жекелеген облыс орталықтарында ғана бар. Біз Семейдің де көркімен көз тартар қалаға айналуын қалаймыз. Ал бұрқақ әуені ретінде тек классикалық музыкаға мән беру керек. Мәселен, Шәмші Қалдаяқовтың әндері мен әлемдік деңгейдегі әуендерді пайдаланған жөн. Бұрқақ алаңда серуендеуші көпшілік үшін жағымды көңіл-күй сыйлауы тиіс, — деді Даниал Кенжетайұлы.

Облыс әкімі ат басын тіреген келесі нысан Ертіс жағалауы болды. Жұмыс барысымен танысқан аймақ басшысы атқарылған іске разы екенін айтты. Қазіргі күні мұнда тақтатас төсеу ісі аяқталуға таяу. Ендігі аралықта жағалауды өрнекті темір қоршаулармен бекітіп, арнайы белгіленген орындарға гүлзарлар егіп, газон төсеу қажет. Дегенмен бұл жұмыстар құрылыспен қатар қолға алынып жатыр екен. Мәселен, Ертіс бойына жағалай шоколад түстес қоршаулар орнатылуда.

Облыс әкімі төселген тақтатасқа күрең қызыл түстің бекерге таңдалмағанын айтты. Бұл түс жанға жағымды әсер сыйлайды. Көңілге сергектік беріп, сезімге тың күш бітіреді.

Даниал Ахметов сонымен бірге жағалауды жарықтандыру, демалыс орындықтары, каскадты бұрқаққа да ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді. Бұл тарапта қаражат жеткілікті түрде бөлінген. Қазіргі күні 70 млн. теңге игерілуде. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, мұндағы жұмыстар қыркүйек айында толығымен аяқталмақ.

Облыс әкімі Даниал Ахметов осыдан соң қаладағы дене шынықтыру — сауықтыру кешені жанынан жоспарланған  пансионат құрылысының жобасымен танысу мақсатында аталмыш нысанның болашақтағы орнында болды.

Қазіргі күні ғимараттың архитектуралық жобасы жасалынған. Бұл жайында тоқталған  мердігер компания басшысы Әсемхан Дос-қожанов 200 балаға лайықталған пансионаттың жаңа үлгімен салынатынын жеткізді. Бес қабатты ғимараттың бірінші қабаты асхана болмақ. Сондай-ақ аудиториялар мен акт залы, жуынатын  бөлмелері, жатын бөлмелер де заманауи талапқа сай болмақ. Құрылыс жобасымен танысқан Даниал Кенжетайұлы бұл нысанның ел арасындағы талантты балаларды тауып спортқа баулуда және болашақта әлем чемпиондарын тәрбиелеуде берері мол болатынын жеткізді. Осы ретте облыс әкімі дзюдо күресінен әлемдік додада ел намысын қорғап жүрген Зере Бектасқызына жуық арада Жапония елінде біліктілік шыңдауға мүмкіндік туатынын жеткізді. Оған танымал жерлесіміз Дәулет Тұрлыханов жәрдемдеспек.

— Біз қажетінше қаражат бөлеміз. Дарынды балаларға жол ашу керек. Ол үшін шетелдік мамандарды да шақыратын боламыз. Мысалы, бізде дзюдо күресінен әлем чемпионы жоқ. Неге? Себебі біліктілік  жетіспейді. Міне, бүгінгі үлкен спорттағы осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында аталмыш құрылысты қолға алмақпыз. Мәселен, Зеренің спорттық мүмкіндіктері аса жоғары. Мен жақында Жапон еліндегі Қазақстан Елшілігімен сөйлестім, тағы да хабарласамын. Зерені осы мемлекеттегі ең мықты деген спорт мектебіне тәлім алуға жіберетін боламыз. Және де осынау пансионатта білім алатын дарынды жастарға да осылай жол ашамыз,- деген аймақ басшысы аталмыш пансионат құрылысы биыл басталатынын жеткізді.

 

Бұдан кейін аймақ басшысы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына келді. 2013 жылы пайдалануға берілген мекеме жанынан жаңадан жылу беру нысанын салу мәселесі жайында денсаулық сақтау саласы басшыларымен кеңесті. Қазіргі күні жобаны әзірлеу бағытында келіссөздер жүргізілуде. Осы ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянников құрылыс жүргізу үшін құжаттамалар мәселесі күрделі екенін, мәселен, «Семей орманы» мемлекеттік мекемесінің келісімі сынды бірқатар заңдылықтарды алға тартты.

Осыдан соң Даниал Ахметов онкологиялық орталыққа келіп, сала мамандарымен жиын өткізді. Аймақ басшысы өз сөзінде осыған дейінгі өзі атап көрсеткен кемшіліктерді жоюдағы жүргізілген жұмыстар ретімен танысты. Жаңа нысанды медициналық жабдықтармен қамтамасыз ететін компаниямен арадағы келіссөздер барысын тыңдады. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Вадим Овсянниковке аталмыш тақырыпта алдағы қыркүйекте өтетін аппараттық кеңес барысында баяндама жасап, жүргізілген нәтижелі іспен қатар, туындаған проблемаларды нақты атап көрсетуді тапсырды.

Облыс әкімінің жұмыс сапары осыдан кейін «Өндіріс» бизнесті индустриялық дамыту базасындағы «Агропортал» ЖШС-де жал-ғасты. Қазіргі күні ет комбинатының жобасы даяр. Кәсіпорын тәулігіне 400 бас ірі қара, 2 мың бас қой түлігін сойып, өңдеуден өткізуге қауқарлы. Жер бөлінген, тіпті инфрақұрылым да жасалған. Тек бір мәселе — ирандық инвесторлар инвестициялық заңның орындалуына кепілдік сұрап отыр. Бұған жауап берген аймақ басшысы ирандықтарға дұрыс ақпарат беру қажеттігін, яғни  құжаттарды аудару ісінде түсінбестік туындауы мүмкіндігін айтып өтті. Себебі елімізге инвес-тиция құйып жатқан мыңдаған шетелдік инвесторлардың ешбірі дәл мұндай талап қоймаған.

Осыдан кейін облыс әкімі Семейдегі жұмысы өрге басқан іргелі өндіріс ошағы «ГорДорСтрой» ЖШС-не келді. Аталмыш кәсіпорын бүгінгі күні асфальт-бетон өнімдерін өндірумен айналысады. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасының іске аса бастауы өндіріс орнының екінші тынысын ашқан. Зауыт өткен жылы 200 000 тонна асфальт-бетон өнімін өндіріп, толағай табыспен аяқтапты. Бүгінде аумақта битумды-эмульсиялық қондырғы орнатыл-ған. Жұмыс істеу қуаттылығы 2 сағат 30 минут ішінде 3,5 тоннаны құрайды. Осы тәрізді мағлұматтармен танысқан облыс әкімі аймағымызда келергі жылы жол жөндеу жұмыстарының жаңа кезеңі басталатынын, бұл істе аталмыш мекеме өнімдерінің қажет етілетінін атап өтіп, өндіріс орнына жоғары баға берді.

Семейге жасаған жұмыс сапары барысында аймақ басшысы РК-1 жылу қазандығында да болды. Аталмыш нысан бүгінде «Теплокоммунэнерго» МКК қарамағына кіреді. Пайдалануға 1980 жылы берілген нысандағы жөндеу жұ-мыстары жыл сайын жүргізіледі. Дегенмен биылғы жылы айрықша мән беріліп отыр. Оған модернизация бағдарламасы тың серпін беріпті. Атап айтсақ, 2012 жылдың тамызынан жаңа жоба бойынша РК-1 жылу беру нысанын кеңейту және қайта жаңғырту басталған. Оның аясында жаңа қондырғылармен және турбиналармен жабдықталған.

Іс қарқынымен танысқан аймақ басшысы бұл шараларды  үнемі назарында ұстайтынын жеткізді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарының соңында «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ-да болып, аймағымыз бойынша ғана емес, халықаралық деңгейде әйгілі кәсіпорынға айналған өндіріс орнымен танысты. Жүзеге асқан жобалармен және алдағы жоспарлармен зауыттың бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Омаров таныстырды.

Бүгінде құрылтайшысы «Қазақстан инжиниринг» АҚ болып табылатын зауыт, негізінен, еліміз бен Ресей Федерациясын әскери техникалармен және ауыр жүк машиналарымен қамтуда. Тапсырыс көлемі азаймаған. Нұрлан Срайылұлының айтуынша, негізгі тұтынушылары «Қазтеміртранс» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР шекара қызметі және «Қамқор-вагон» ЖШС екен. Қазіргі күні зауыт автоқұрастыру алаңы үшін бос алаңдарды кеңейтіп, жабдықтау үстінде. Яғни, өндіріс аясы кеңеюде.

Бүгінде әсіресе ауыр жүк машиналары мен олардың тіркемелеріне деген сұраныстың артуы себепті жаңа маркаларды шығару көзделіп отыр. Бұл ретте ағымдағы жылдың көктемінде «Қазақстан инжиниринг» АҚ мен «Самрұқ-Қазына» холдингі «МАЗ автоқұрастыру өндірісін «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ базасында құру» туралы жобаны қаржыландыруға уағдаласыпты. Жобаның жалпы құны 1491,1 млн. теңгені құрайды екен.

Облыс әкімі өндіріс орнының өнімдерімен танысып, жоғары баға берді. Аталмыш зауыт отандық машина құрастыру ісінде алдыңғы қатардан табылатын  бәсекеге қабілетті бірден-бір өндіріс орны екенін айтқан аймақ басшысы алдағы уақытта жүзеге асыру көзделген жаңа жобаларды құптайтынын жеткізе келе, облыстық әкімдік тарапынан қолдау көрсететінін айтты.                                                                                     Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан өнеркәсіптік бағытты күшейтуде – Бектенов жаңа экономикадағы машина жасаудың рөлін айқындады

03.04.2026
Қазақстан өнеркәсіптік бағытты күшейтуде – Бектенов жаңа экономикадағы машина жасаудың рөлін айқындады

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық өндірушілердің...

Толығырақ...Details

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

03.04.2026
Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

Толығырақ...Details

Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды

03.04.2026
Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысында ғылым, инновацияларды дамыту шаралары 2026-2030 жылдарға арналған өңірді дамыту жоспарына енгізілді. Өңірде ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес жұмыс...

Толығырақ...Details

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

03.04.2026
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары оқу орындары мен ғылым саласында жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру жұмысы...

Толығырақ...Details

Семейде биыл 100 көше мен 100 аула жаңарады

03.04.2026
Семейде биыл 100 көше мен 100 аула жаңарады

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, биыл шаһарды абаттандыруға ерекше басымдық берілетінін...

Толығырақ...Details

Сот актілерін апелляциялау және сот билігінің тәуелсіздігі

03.04.2026
Сот актілерін апелляциялау және сот билігінің тәуелсіздігі

Азаматтармен өзара әрекеттесу тәжірибесі қоғамда сот жүйесінің қызметі, оның тәуелсіздігі және сот актілерін қайта қарау тәртібі туралы түсініктің жеткіліксіз екенін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан өнеркәсіптік бағытты күшейтуде – Бектенов жаңа экономикадағы машина жасаудың рөлін айқындады

10 часов бұрын

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

11 часов бұрын

Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды

13 часов бұрын

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

14 часов бұрын

Семейде биыл 100 көше мен 100 аула жаңарады

14 часов бұрын

Сот актілерін апелляциялау және сот билігінің тәуелсіздігі

14 часов бұрын

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өңір халқына үндеуі

17 часов бұрын

Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді

2 дня бұрын

«Таза бейсенбі» акциясы аясында Абай облысында «AMANAT» партиясының мүшелері 2 тоннаға жуық қоқыс шығарды

2 дня бұрын

Семей қаласында спорт саласы бойынша ауқымды және кешенді іс-шаралар жоспарланған

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС