"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды

03.04.2026
Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында ғылым, инновацияларды дамыту шаралары 2026-2030 жылдарға арналған өңірді дамыту жоспарына енгізілді. Өңірде ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Кеңесті облыс әкімі Берік Уәли басқарады.

Бүгін Семей қаласында аталған кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Жантикин арнайы келсе, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері Абай Серікқанов және Елена Шевченко Zoom арқылы қатысты.

Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды

Кеңес отырысында «2027-2035 жылдарға арналған Курчатов ғылым қалашығын дамытудың кешенді жоспарының жобасы» және өңірлік ғылымды дамыту мәселелері қаралды.
Жиынның ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы Абай облысында ғылым саласын дамытудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Жаңа Конституциямызда білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты деп танылды. Жергілікті атқарушы органдар ғылыми ұйымдармен, бизнес-ортамен бірлесе отырып ғылымды дамытуға қажетті жағдай жасауға міндетті. Ал ғалымдардың әзірлемелері экономикаға енгізіліп, ел игілігіне нақты пайда әкелуі тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «ғылым – жалпыхалықтық іс», – деді Берік Уәли.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қазақстанда бірде бір ғылым қалашығы жоқ екенін атап өтіп, Үкіметке бұл бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң дайындауды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес отырысында Президент Курчатов қаласында ғылым қалашығын құруға арналған жоспар әзірлеуді жүктеген еді. 2025 жылғы 24 желтоқсанда Үкімет қаулысымен 2026–2035 жылдарға арналған Ғылымды шоғырландыру аумақтарын құрудың және дамытудың тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдамада Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру қарастырылған. Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен кездесуде Президент Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру туралы жұмыс басталғанын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Абай облысы әкімдігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық ғылым академиясы бірлесіп кешенді жоспардың жобасын дайындады.

Жоспардың негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Жантикин баяндады.
Курчатов – бұл жай ғана қала емес. Бұл – ғылым мен технологияның тарихи және стратегиялық орталығы. Мұнда Ұлттық ядролық орталығы және Ядролық технологиялар паркі жұмыс істейді. Оларда бірегей ғылыми инфрақұрылым қалыптасқан: зерттеу реакторлары, заманауи зертханалар, эксперименттік кешендер және қазақстандық термоядролық токамак орналасқан.
Ғылыми қалашықты дамыту аясында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, инфрақұрылымды, әлеуметтік нысандарды дамыту өте маңызды. Осы бағытта облыс әкімдігі тиісті дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
2025-2029 жылдарға арналған, 76 жобадан тұратын жалпы құны 1,1 трлн теңгені құрайтын Курчатов қаласының даму жоспары әзірленді. Ірі инвестициялық жобалардың қатарында 700 МВт электр қуатын өндіретін станция құрылысы, көмір-химия кешені және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары бар. Бұл жобалар 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қалада жолдар жаңартылып, жарықтандыру және интернетпен қамту жұмыстары толық аяқталған. Әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, спорт және білім беру инфрақұрылымы дамытылуда. «Дегелең» станциясында теміржол перронын жаңарту және жаңа вокзал ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Көпқабатты үйлердің аулаларына спорт және балалар ойын алаңдары орнатылып, абаттандыру жұмыстары мен тұрғын үйлердің, ғимараттардың қасбеттерін жөндеу жалғасын табуда. Жылу жүйесі мен ауыз су мәселесі кезең кезеңімен жөнделіп келеді. Бос тұрған көп қабатты тұрғын үйлерді тиімді пайдалану мақсатында қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Курчатов қаласына ғылыми қалашық мәртебесін беру туралы тапсырмасы Абай облысының ғылыми әлеуетін толық іске асыруға, заманауи өндірістерді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің экономикалық өрлеуіне зор мүмкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз – ғылым, бизнес және өндіріс арасында тиімді әріптестік құрып экономиканың нақты қажеттіліктерін шешу. Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, өңірдегі университеттерді қолдау, зерттеу инфрақұрылымды дамыту, ғалымдардың жағдайын жасау – алдағы жұмысымыздың басымдықтары болады», – деді облыс әкімі жиынды қорытындылаған сөзінде.
Жиын қорытындысы бойынша Берік Уәли кешенді жоспарды кеңес отырысында айтылған ұсыныстармен толықтырып, Курчатов қаласында инженерлік және өндірістік инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және кадрлық әлеуетті арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС