"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді

02.04.2026
Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді

Фото: Абай облысының әкімдігі. Коллаж: Семей таңы

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар сауда нысандарын аралап, олардың санитарлық жағдайы мен абаттандырылу деңгейін тексерді.

Аймақ басшысы құқық қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерімен бірге қала орталығындағы «Нива» сауда үйі, «Жансая» базары және «Мың бастау» сауда орталығын аралады. Тексеру барысында халық көп шоғырланатын орындардың бірқатары талапқа сай емес екені анықталды.

Мәселен, 1985 жылы салынған «Нива» сауда үйінің маңында ескі дүңгіршіктер орнатылған, баспалдақтары тазаланбаған, ал ғимарат төбесінен су ағып тұр. «Жансая» базарының қасбеті де жаңартуды қажет етеді, сыртындағы контейнерлер мен ішкі сауда орындары ескірген.

Облыс әкімі жауапты мекемелерге бұл кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды. Сонымен қатар, қала әкімдігіне кәсіпкерлік басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заң талаптарын бұзған сауда нысандарына тексеріс жүргізуді міндеттеді.

Берік Уәли «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары күшейтілетінін айтып, кәсіпкерлерді жауапкершілікке шақырды. Оның айтуынша, талапты орындамағандарға айыппұл салынады.

«Қаланың дәл ортасындағы сауда орындарының мұндай жағдайда болуы – жол берілмейтін жайт. Семей – бәріміздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстау әр азаматтың міндеті. Кәсіпкерлер өз нысандарының тазалығына бейжай қарамауы тиіс. Ескертуге құлақ аспағандар жауапқа тартылады», – деді аймақ басшысы.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 3 616 құқық бұзушылық тіркеліп, 12,3 млн теңге айыппұл салынған. Тағы 3 178 адамға ескерту берілген. Сонымен қатар, бейнебақылау камералары арқылы 291 құқық бұзушылық анықталған.

Облыс әкімі сауда нысандарының басшыларына жаңғырту және абаттандыру жобаларын әзірлеп, бекітуді тапсырды. Үш айдан кейін бұл жұмыстардың орындалуы арнайы тексерілетінін ескертті.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде өткен сенбіліктерге 349 мыңнан астам адам қатысып, 52 мың тонна қоқыс шығарылған. 70 мыңнан астам көшет отырғызылып, 191 заңсыз қоқыс орны жойылған. Сонымен қатар, «Үлгілі ауыл» байқауы аясында белсенділік танытқан 20 ауылға жаңа тракторлар табысталған.

Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді

Мақалада: Таза Қазақстан

Ұқсас жаңалықтар

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС