"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейдегі ең негізгі мәселелер – жұмыссыздық пен жалақының аздығы – ақынмен сұхбат

18.04.2022
Семейдегі ең негізгі мәселелер - жұмыссыздық пен жалақының аздығы - ақынмен сұхбат
36
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлы ақынның аты берілетін жаңа облыстың бүгіні мен болашағы жайлы семейлік ақынды әңгімеге тартып көрдік. Жазушылар одағының Семей өңірі филиалының төрағасы, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Мерей Қарт елдің көкейінде жүрген ұсыныс-тілектерді жеткізіп, түйіні тарқатылмаған мәселелерді жіпке тізіп берді.

– Абай облысының құрамына қай аудандардың кіретіні белгілі болды. Сіздің ойыңызша, қала, аудандардың осылай бөлінгені дұрыс па?

– Облыстық мәслихаттың шешімі бойынша Шығыс Қазақстан аумағында – Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары қалды. Ал Абай облысына – Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары қарайды. Бұл шешімді қолдаймын.

Өйткені Семейдің бұрынғы әкімшілік аумағы қайта өзіне қайтарылғаны құба-құп. Тарбағатай ауданы мен Ақсуат ауданының екіге бөлінгені де талайдың тосып жүргені еді.

Одан кейін Үржар, Аягөз секілді ірі аудандардың Абай облысының құрамында болғаны экономикалық жағынан тиімді.

– Жаңа облыстың орталығына айналатын Семейде көпті толғандырып жүрген өзекті мәселелер қандай?

– Қалада күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелер өте көп. Оның ең негізгісі – жұмыссыздық пен халықтың әл-ауқатының төмендігі. Семейде ет комбинатынан бастап тері өңдейтін зауытқа дейін қаншама кәсіпорын жабылды. Жаңа өндіріс орындары ашылмағандықтан жаппай жұмыссыздық белең алды. Айлықтың аздығынан азаматтардың жағдайы күрт нашарлады.

Осы ретте, жол сапасының сын көтермейтіндігін айтпай кету мүмкін емес. Шұрық тесік жолдардың дұрыс жөнделмейтіндігі жұрттың ығырын шығарды. Жарық мәселесі де өте өзекті. Қаладағы бірқатар көшелерге жарық тартылмаған. Соның салдарынан балалар қараңғы түскенде мектептен үйге қайтуға қорқады.

Одан кейін идеологиялық тұрғыда атауы ескірген көшелер көп. Кеңестік кезеңнен келе жатқан есім-сойы ешкімге белгісіз адамдардың аты берілген көшелерді қазақшаландыру қажет.

– Халықтың жағдайын жақсартып, табысын арттыру үшін қандай шаралар қажет деп ойлайсыз?

– Бірінші кезекте, бұрын жабылған ірі зауыт-фабрикалардың жұмысын қайта жандандыру керек. Жеке кәсіпкерлерге қажетті жағдай жасалып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілгені абзал. Сонда жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады.

– Абай облысы құрылатыны жайлы хабардан кейін Семейде баспана бағасы шарықтап кетті деп жатыр. Жалға берілетін ғимараттар мен кеңселердің де ақысы артқан көрінеді. Сіздің пікіріңізше, алдағы уақытта шаһар бойынша барлық салада баға көтерілуі мүмкін бе?

– Рас, қазір Семейде жылжымайтын мүлік бағасы күрт өсіп кетті. Оның ішінде баспана мен жер телімдері ерекше қымбаттаған. Қала облыс орталығына айналатындықтан бұл қалыпты процесс. Алайда соған орай жұрттың жалақысы да жоғарылауы тиіс. Бағаны тым аспандатып жіберуге де болмайды. Әкімдік тарапынан тиісті бақылау болғаны абзал.

– Осы уақытқа дейін Семей қаласын басқарған әкімдердің жұмысына көңіліңіз тола ма?

– Бұған дейін Семей жеке облыс болмағандықтан оның күні Өскеменге қарап келді. Қала әкімдері тек облыстан бөлінген ақшаны игеріп, берілген тапсырманы орындап қана отырды. Соның салдарынан шаһарға ірі инвестициялар тартылмады. Менің көз алдымда Семейді 6 әкім басқарды.

Олар – Нұрлан Омаров, Мейрамхат Айнабеков, Айбек Кәрімов, Ермак Сәлімов, Нұрымбет Сақтағанов пен Бақытжан Байахметов. Азғандай уақытта басшы 6 рет ауысқан. Соның ішінде елдің көңілінен шығып, әлі күнге дейін аузында жүретін – Мейрамхат Айнабеков. Ол халықпен тығыз жұмыс істеп, қаланың дамуына сүбелі үлес қосты.

– Жеке облыс болып құрылған соң тұрғындар нақты қандай өзгерістер күтіп отыр?

– Абай облысы құрылатынын алғаш естігенде қалада қуанбаған адам сірә, жоқ шығар. Өзгерісті бұрыннан қалап келе жатқан бұқара жақсылықтан үмітті. Инфрақұрылым жақсарып, көшелердің өңі кіріп, жаңа демалыс орындары салынса деп тілейді. Жаңа айтқанымдай, барлығы негізінен жұмысқа орналасып, жақсы табыс табуды қалайды.

Өзім әдебиет әлемінің қазанында қайнап жүргендіктен қаламгерлерге қолдау көрсетілсе деймін. Абайдың, Шәкәрім мен Мұхтардың жерінде руханиятқа, өнерге, жазба әдебиетіне қатысты тың жобалар іске асырылса нұр үстіне нұр болар еді.

– Енді Семейде туып-өсіп, қазір елдің басқа қалаларында жүрген білікті кадрлар мен білімді жастар кіндік қаны тамған жерге қайта оралады деп ойлайсыз ба?

– Бұл киелі жерде кіндігі кесілген азаматтардан түрлі салада мықты мамандар шығып жатқаны баршаға аян. Президент аппаратынан бастап сан алуан мемлекеттік мекемелерде, ірі компанияларда маңдай терін төгіп жүргендер аз емес. Оларды туған жерге келіп, елге қызмет етуге шақырамын. Бірақ барлығы қайтып келеді деп айту қиын.

Семейді аяққа тұрғызу үшін білімді кадрлар керек-ақ. Бірақ мұнда ешкім қалмады деуге болмас. Қалада әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан қолынан іс келетін білімді азаматтар бар.

– Сөз соңында айтарыңыз?

– «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, Семейдің мұң-мұқтажын айтып халық әбден шаршады. Енді міне, азғандай уақыттан кейін ел тілегі орындалайын деп тұр. Жаңа облыстың жаңа Қазақстандағы тынысы ерекше болады деп үміттенеміз. Барша семейліктерге туған жердің көркеюі жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек етуге шақырғым келеді.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: Семейдегі ең негізгі мәселелер - жұмыссыздық пен жалақының аздығы - ақынмен сұхбат

Ұқсас жаңалықтар

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ  

17.05.2022
ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ  

Өткен апта соңында “АМАНАТ” партиясының “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” атты сайлауалды бағдарламасының аясында Семей қалалық филиалының аумақтық даму...

Толығырақ...

КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ

14.05.2022
КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ

КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНА БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ   Жуырда Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қалалық әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен бірге Мұхамедханов, Ибраев, Дулатов және...

Толығырақ...

ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛАДЫ

14.05.2022
ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛАДЫ

ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛАДЫ   Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов өңдеу өнеркәсібінің жаңа нысандарының құрылыс барысымен танысты. Консерві өнімдерін шығаратын зауытқа...

Толығырақ...

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

06.05.2022
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ   Қала әкімі Бақытжан Байахметов «Ғаббасов», «Орталық», «35 квартал» қазандықтарындағы жылыту маусымына дайындық барысы мен ыстық...

Толығырақ...

ТРОТУАРЛАР ЖӨНДЕЛУДЕ

06.05.2022
ТРОТУАРЛАР ЖӨНДЕЛУДЕ

ТРОТУАРЛАР ЖӨНДЕЛУДЕ   Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов әкімдік мамандарымен бірге Ұшақтар, Юность шағын аудандары, Стаханов және Дулатов көшелерін аралап...

Толығырақ...

ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

05.05.2022
ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ   Семей қаласы әкімдігінде өткен жиында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Жиында ауыл шаруашылығы бөлімінің...

Толығырақ...

Жаңалықтар

«Адамдарды қаңғыбас иттерше өлтірді: 200-ден аса украиндықты құтқарған азамат қазақстандық төлқұжаты қалай көмектескенін айтты

24 сағ бұрын

Асхат Аймағамбетов: Офицерлер дайындау – ортақ міндет

1 күн бұрын

Оқушылар келесі жылдан бастап жаңа пән оқиды

1 күн бұрын

Талдықорғандық үш жасар Нұртасқа әлемдегі ең қымбат препарат салынды

1 күн бұрын

Белгісіз біреулер Құлсарының әкімін ұрып-соғып, қолына есірткі ұстатып фотоға түсірген

1 күн бұрын

Соңғы қоңырау тек үздік оқушыларға арналған: Көкшетаудағы оқушылардың ата – аналары түсініктеме талап етті

1 күн бұрын

«Әзірге есептеп жатырмыз»: Еңбек министрі әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы айтты

1 күн бұрын

Дәрігер маман құлпынайдың күтпеген пайдалы қасиетін айтты

1 күн бұрын

«Терезені ұстап тұрған» – астанада 3 жасар қызды құтқарған Сәбитке көмектескен үшінші жігіт табылды

1 күн бұрын

1,6 есе көп: Қазақстандықтар салықты көбірек төлей бастады

2 күн бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Роза Пұшпақова

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі – 523657;
бас редактор – 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі – 560803;
факс – 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС