"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«AMANAT» партиясы: өңірлердегі кездесулер еліміздің Шығысында жалғасты

19.04.2022
«AMANAT» партиясы: өңірлердегі кездесулер еліміздің Шығысында жалғасты
39
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов тұрғындармен, зиялы қауым өкілдерімен, партия белсенділерімен және жастармен бірқатар кездесулер өткізіп, «Жаңа Қазақстанды» құру міндеттеріне сәйкес Жолдауды іске асыру және партияны жаңғырту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Атқарушы хатшы «Ардагерлерді ардақтайық!» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында өткен іс-шараларға қатысты.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында партияның Атқарушы хатшысы Абай ауданының ақсақалдарымен жүздесті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 16 наурыздағы тарихи Жолдауында үш жаңа облыс құрылатынын айтты. Абай облысының орталығы Семей қаласы болады. Бұл тарихи әрі әділетті шешім, ең алдымен, өңірдің дамуына қуатты серпін беріп, оның тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды», деді Асхат Оралов.

«AMANAT» партиясы: өңірлердегі кездесулер еліміздің Шығысында жалғасты

Өз кезегінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төлеген Жанғалиев мұның Семей тұрғындары көптен күткенін шешім болғанын атап өтті.

«Біз Президенттің Жолдауын мұқият тыңдадық және оны толық қолдаймыз. Әсіресе, Абай облысын құру жөніндегі шешіміне айрықша қуандық. Бұл шешім – Мемлекет басшысының хәкім Абайға және Шығыс жұртына деген құрметінің белгісі. Осында отырған ақсақалдар жағымды жаңалықты естіген күннің ертеңінде Мемлекет басшысына алғысын айтып, телеграмма жолдады», деді Төлеген Жанғалиев.

Семей қаласында зиялы қауыммен кездесуде тарихи мұраны сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және өнерді дамыту мәселелері талқыланды.

«Абай облысын құру – Президенттің дана да, дара шешімі болды. Біздің облыс «Жаңа Қазақстанды» құруға, соның ішінде рухани, мәдени, әлеуметтік, экономикалық аспектілерге қомақты үлес қосатынына сенімдіміз», деді филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов.

Сондай-ақ, Атқарушы хатшы Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жастағы Александр Атавин, партия ардагерлері Оралхан Сартаев пен Владимир Халиннің үйлеріне арнайы барды. Асхат Оралов аға буын өкілдеріне қамқорлық жасау мақсатында 2014 жылдан бастап «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы жүзеге асып келе жатқанын жеткізді. Осы уақыт аралығында ел аумағында белсенді ұзақ өмір сүрудің 45 орталығы ашылды. Онда зейнет жасындағы 60 мыңнан астам адам бос уақытын өткізеді.

«AMANAT» партиясы: өңірлердегі кездесулер еліміздің Шығысында жалғасты

Бұдан соң «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы «Gold King» спорттық-сауықтыру кешенінде параспортшылармен жүздесіп, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау және қолжетімді қалалық орта құру мәселелерін талқылады.

Осы күні Асхат Оралов Шығыс Қазақстан облысының партия активімен кездесіп, «AMANAT» партиясын жаңғыртудың басымдықтарын талқылады.

«AMANAT» партиясы: өңірлердегі кездесулер еліміздің Шығысында жалғасты

Кездесуде бүгінде өңірде 300-ге жуық бастауыш партия ұйымына біріктірілген 52 мыңнан астам партия мүшесі бары айтылды. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың 290 депутатының 85,6%-ы – «AMANAT» партиясының өкілі. 104 ауылдық округте өткен сайлау қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясының атынан қатысқан кандидаттардың 82%-ы жеңіске жетті. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Негізінен адамдар әлеуметтік қолдау, жер телімдерін бөлу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініш білдірді. Наурыз айынан бастап мобильді қоғамдық қабылдаулар шалғай ауылдарға барады.

Белсенді жастармен кездесу кезінде өскелең ұрпақты жергілікті жерлерде толғандыратын негізгі мәселелер талқыланды. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы жас депутаттар корпусында «AMANAT» партиясына мүше 35 жасқа дейінгі 43 отандасымыз бар.

AMANAT партиясы ШҚО филиалының баспасөз қызметі

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: «AMANAT» партиясы: өңірлердегі кездесулер еліміздің Шығысында жалғасты

Ұқсас жаңалықтар

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

10.09.2026
2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

Мүлік салығын Салық кодексінде көрсетілген салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді. Оларға пәтерлер, тұрғын үйлер, саяжайлар, гараждар, автотұрақтар және...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жидебайда интернет желісі қосылды

21.07.2025
Жидебайда интернет желісі қосылды

Semeytany.kz – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Жидебайдағы музей-қорық аумағында Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды. Бұл...

Толығырақ...Details

Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

18.07.2025
Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жол инфрақұрылымын аралау барысында Юность кентіндегі 14-тұйық көшеде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

17 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС