"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЫҢНАН АСТАМ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛА АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТ АЛАДЫ

24.04.2022
МЫҢНАН АСТАМ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛА АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТ АЛАДЫ
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Семей қаласының әкімдігінде өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері қаралды. Аталған мәселе бойынша жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев баяндама жасады.

Қалада 14000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі 1536 бала бар.

1284 мүмкіндігі шектеулі бала мемлекеттен түрлі қызметтер алып, білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне, жеке түзету орталықтарына барады және қоғамдық бірлестіктерде есепте тұрады. Оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) ие 666 бала бар. 60 бала  аурудың ауыр түрлерімен сырқаттанған.

Қызмет көрсету кезегінде 80 бала тұр, 19 баланың ата-анасы қызмет алудан бас тартқан. 53 бала түрлі себептермен тиісті органдарға қызмет көрсету үшін жүгінбеген.

419 мүгедек балаға әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ әзірленді. Оның ішінде 108 мүгедек балаға ОЖБ жартылай стационарға әзірленсе, 40 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет көрсетіледі. 15 бала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында кезекте тұрса, 45 балаға жеке орталықтарда  қызмет көрсетіледі.

311 мүгедек балаға Оңалтудың жеке бағдарламасы үйде қызмет көрсетуге әзірленді. Оның ішінде 212 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тарапынан үйде қызмет көрсетіледі, 40 балаға жеке меншік орталықтарда қызмет көрсетіледі, 59-ы ұйымдастырылмаған.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бүгінгі таңда 424 қызмет алушыға қызмет көрсетеді. Олардың әрқайсысына қажеттілікке байланысты 8 түрлі қызмет көрсетіледі. Үйде қызмет көрсету бөлімшелерінде 72 әлеуметтік қызметкер еңбек етеді.

Аталған салаға сонымен қатар қаланың шағын және орта бизнес өкілдері тартылуда. Қазіргі таңда үйде қызмет көрсетуді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалар саны артып келеді. Бір бөлімшеге тиісті орын саны 80 болса, орталықтың 4 бөлімшесінде 370 балаға қызмет көрсетіледі. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етеді және белгіленген мемлекеттік стандарттарды бұзады. Сондай-ақ бұл жағдай мүгедек балаларға қызмет көрсету мерзімінің қысқаруына әкеледі, тиісті уақыт 2-4 сағат болса, әлеуметтік қызметкерлер 1-1, 5 сағат қана қызмет көрсетуге мәжбүр.

Жартылай стационар жағдайында орталықта 9 сағат көлемінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 40 балаға 4 рет ыстық тамақ ұйымдастырылған арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені көрсетіледі.

Күндізгі бөлімше ашылған күннен бастап психоневрологиялық аурулары бар 250-ден астам бала көмек алған. Үлкен үй-жайдың болмауына байланысты жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетуге кезектілік бүгінгі күні 80-нен астам адамды құрайды. Сол себепті ата-аналар кезекті жылдар бойы күтуде, орта есеппен бұл кезек жылына 5-7 балаға жылжиды.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі орталық орналасқан үй-жай тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, оларға арнайы жағдайлар жасау қажет.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 25 қызмет алушыға қызмет көрсетуге әлеуметтік қызметкердің 4 бірлігіне қалалық бюджеттен қосымша 8574,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша Қарағайлы шағын ауданында 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде, оның ішінде 80 орын мүгедек балаларға арналған.

Баяндамашы жекеменшік орталықтар арасында мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру керектігін және орталық үшін үлгілік ғимарат қажет екенін жеткізді. Алайда қала әкімінің нақты қандай ғимарат, ол ғимаратқа қанша мұқтаж адам есептелуі керек, қанша қаражат бөлінуі қажет, қандай жеке орталықтар стандарттарға сәйкес келеді және әлеуметтік қызметтерді толық көлемде ұсынуға дайын ба деген сұрақтарына нақты жауап берілмеді.

– Жекеменшік орталықтардың қайсысы мемлекеттік тапсырыс ала алмайды? Мұның себебі неде? Мұндай орталықтарды ашпас бұрын немесе үй-жайларды осындай орталыққа қайта жабдықтай бастағанға дейін тиісті жұмыстар жүргізу керек. Олар барлық санитарлық талаптарға сай ма, оңалту қызметтерінің барлық түрін ұсына ала ма? Қандай да бір мәселелерді шешу үшін мәселені жан-жақты қарастыру керек, ол үшін дұрыс есептеулер жүргізіңіз, – деді Бақытжан Байахметов.

Бөлім басшысына шешілмеген сұрақтар үшін ауызша ескерту жасалды. Қала әкімінің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік мәселелерін шешу бөлімнің тұрақты бақылауында болуы тиіс және осы бағыттағы жұмысты күшейту қажет.

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: МЫҢНАН АСТАМ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛА АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТ АЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қандай

17.05.2022
Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қандай

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 939,3 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді,...

Толығырақ...

Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесі қашан қаралады?

17.05.2022
Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесі қашан қаралады?

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесін қашан қарастыру жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Адамды зейнетке шығарар...

Толығырақ...

Тұрғын саны 200 адамнан аз ауылдарға интернет қолжетімсіз болып қала бермек

04.05.2022
Тұрғын саны 200 адамнан аз ауылдарға интернет қолжетімсіз болып қала бермек

Бүгін Мәжіліс қабырғасында депутаттар елдегі ауыл-аймақтарды интернетпен қамтамасыз ету мәселесін тағы да көтерді. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Цифрлық даму, инновациялар...

Толығырақ...

Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер: ерекшеліктері мен өзгерістері

04.05.2022
Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер: ерекшеліктері мен өзгерістері

Биыл жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер мөлшерінің ұлғаюы қандай факторларға байланысты болмақ? Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшері қандай болса, жәрдемақы...

Толығырақ...

2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге жұмсалмақ

03.05.2022
2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге жұмсалмақ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Ұлттық компаниялардың қызметкерлерінің жалақысына  қатысты тапсырма берді. Біріншіден, міндеттерді сапалы іске асыру. Екіншіден, бағдарламада көзделген...

Толығырақ...

Елімізде тұтынылатын қанттың тек 7% отандық өнім – Ауыл шаруашылығы министрі

26.04.2022
Елімізде тұтынылатын қанттың тек 7% отандық өнім – Ауыл шаруашылығы министрі

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев отандық қант өндірісіндегі мәселені шешу жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Семей таңы ақпараттық порталы...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Семейде сұмдық жол апаты болды

7 сағ бұрын

Миллионнан астам жұмысшының жалақысы өспек

9 сағ бұрын

«Украинаны ең ауыр ай күтіп тұр» – Киев мәлімдемесі

12 сағ бұрын

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы қайтыс болды

12 сағ бұрын

ФУТБОЛ ФЕСТИВАЛІНЕ ШАҚЫРАДЫ

12 сағ бұрын

БІЛІМ ОРДАЛАРЫН ЖӨНДЕУГЕ 500 МЛН БӨЛІНДІ

12 сағ бұрын

БИЗНЕС-ҚОҒАМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

12 сағ бұрын

ТАПСЫРЫС ОРЫНДАУШЫҒА ТАЛАП ҚАТАЛ

12 сағ бұрын

СТЕПНОЙ КЕНТІ ОРТАЛЫҚ ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ 

12 сағ бұрын

«ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН…»

12 сағ бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Роза Пұшпақова

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі – 523657;
бас редактор – 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі – 560803;
факс – 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС