"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

26.04.2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық денсаулық сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Коронавирус пандемиясы жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері біздің облысымыз бойынша да өзекті тақырыпқа айналған болатын.

Соңғы бес жылда облыс бойынша жоғары технологиялық медициналық техника көлемі 2,5 есе өсті, 35,6 млрд теңгеге халықаралық стандарттарға сәйкес келетін үш мыңнан астам заманауи жабдық сатылып алынды.

Облыс орталығындағы №1 қалалық аурухана базасында роботохирургия және трансплантология орталығы ашылды, маммология және гинекология реанимациясы бөлімшесінің операциялық блогы жаңғыртылды. Сәулелік терапия үшін компьютерлік томограф және жүйелік үдеткіш сатып алынды. Облыстық аурухана мен мамандандырылған медициналық орталық үшін рентген аппараттары алынды.

Оған қоса, елімізде баламасы жоқ гематология орталығының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысанның бірегейлігі жасушалық және гендік-инженерлік технологияларды пайдалануында екен. Сонымен қатар алдағы уақытта екі емхана мен халық арасында беделге ие «Олимп» зертханасының жаңа корпустарын ашу шаралары да жоспарлануда.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен Семей өңіріндегі денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы бес жылда салаға 8,3 млрд теңге инвестиция салынды, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 300-ге жуық заманауи жабдық сатылып алынды. Медициналық ұйымдардың жабдықтармен жабдықталуы 87,5 пайызды құрады. Соңғы жылдары жедел жәрдем автокөліктерінің паркі 91 бірлікке жаңартылды. Бірегей Ядролық медицина орталығы іске қосылды. Радионуклидтік терапия бөлімшесі үздік әлемдік тәжірибе деңгейіне сәйкес келеді. Бүгінгі таңда 217 пациент емделіп, 446 пациент диагностикалық тексеруден өтті. Ал перинаталдық орталық базасында балаларды оңалту және катамнез орталығы ашылды. Соңғы үш жылда жетекші шетелдік клиникаларда семейлік 74 медицина қызметкері оқытылыпты.

Жалпы, облыстағы денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстарды аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы өз назарында ұстап отыр.

Азамат ЕРСАЙЫН

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Ұқсас жаңалықтар

ИНСУЛИН ҮШІН КҮРЕС

15.08.2025
ИНСУЛИН ҮШІН КҮРЕС

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап детемир инсулинін жеткізу тоқтатылады. Ал деглудек инсулині тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана қолжетімді. Қант...

Толығырақ...Details

Абай облысында сальмонеллез бен жіті ішек инфекцияларының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

24.04.2025
Абай облысында сальмонеллез бен жіті ішек инфекцияларының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірде сальмонеллез және жіті ішек инфекцияларының (ЖІИ) таралу деңгейі артқан....

Толығырақ...Details

Абай облысында қосымша денсаулық сақтау нысандары салыну жоспарлануда

29.08.2024
Абай облысында 2024 жылы бірнеше саладағы жаңа нысандар пайда болады

Бүгінде Халықтың медициналық қызметтерге деген қажеттілігі жоғары. Ауруханалар, амбулаториялар мен емханалар жеткіліксіздігіне байланысты инвесторлар есебінен өтеусіз негізде құрылыс басқармасы Денсаулық...

Толығырақ...Details

Профилактикалық шаралар мен вакцинация облыста қауіпті инфекциялардың таралмауына көмектеседі

21.08.2024
Профилактикалық шаралар мен вакцинация облыста қауіпті инфекциялардың таралмауына көмектеседі

Қадағалау және дер кезінде жүргізілген алдын алу шараларының арқасында облыста тырысқақ, оба, туляремия, сібір жарасы, пастереллез, лептоспироз, листериоз, құтыру және...

Толығырақ...Details

Абай облысында психоневрологиялық аурулары бар балаларды емдеуде «Севоран» анестезиясын қолдануды енгізді

15.08.2024
Абай облысында психоневрологиялық аурулары бар балаларды емдеуде «Севоран» анестезиясын қолдануды енгізді

Өңірде ведомстволық бағынысты 306 денсаулық сақтау субъектісі медициналық көмек көрсетеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысы...

Толығырақ...Details

21 шілдеде Семейде бірқатар көшелер жабылады

18.07.2024
21 шілдеде Семейде бірқатар көшелер жабылады

2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысының Семей қаласында барлық спорт сүйер қауым үшін жарыс өтеді. Семей қаласындағы жарыс QAZAQ MARATHON...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

900 мың теңгеден жоғары: Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы алатындардың алғашқы бестігі жарияланды

6 часов бұрын

«500 мың теңге»: Баян Мақсатқызы жұбайына қымбат құлаққап сыйлады

6 часов бұрын

Абай облысында егіншілік саласын қаржыландыру көлемі артты

7 часов бұрын

Бесқарағайда ауылдық медицина күшейді: Қарағайлыда амбулатория, Башкөлде медпункт ашылды

8 часов бұрын

Абай делегациясы Түркістандағы кооперация мүмкіндіктерін қарастырды

11 часов бұрын

Абай өңірі ұстаздары Жолдаудағы білім басымдықтарын іске асыруды пысықтады

11 часов бұрын

Өскемен прокуроры уақытша қызметінен шеттетілді

12 часов бұрын

Абай облысында 408 шақырым жол жөнделеді

1 день бұрын

Абай облысында 32 бағыт бойынша 200 өңірлік грант тағайындалды

1 день бұрын

1 қазаннан бастап Алматыда жарық құны өседі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС