"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПАРТИЯНЫҢ МОБИЛЬДІК ТОПТАРЫ АУЫЛДАРДА

28.04.2022
ПАРТИЯНЫҢ МОБИЛЬДІК ТОПТАРЫ АУЫЛДАРДА
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ПАРТИЯНЫҢ МОБИЛЬДІК ТОПТАРЫ АУЫЛДАРДА

AMANAT партиясын қайта жаңғырту бағдарламасы аясында бірқатар бастамалар сәтті іске асырылуда. Ауыл-аймақтағы ағайынның мұң-мұқтажын тыңдау мақсатында қолға алынған партияның мобильді қоғамдық қабылдауы 14 наурыздан бері жұмыс істеуде.

Жуырда Шығыс Қазақстан облысына AMANAT партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдау тобы келіп, Алтай және Катонқарағай аудандарының тұрғындарымен кездесті. Оған облыстық партия филиалының басшылығы, облыстық мәслихат депутаттары мен бірқатар облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Әуелі олар Алтай ауданына қарасты Полянское ауылына, одан кейін Катонқарағай ауданындағы Малонарымка ауылына барды. Қоғамдық қабылдауға аталған екі ауылдық округтің тұрғындары ғана емес, көршілес Тұрғысын, Алтынбел ауылдарынан да азаматтар келді. Қабылдауларға 30-дан астам азамат келіп, өздерін алаңдатқан мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды. Осы күні мобильді топ сондай-ақ Жарма ауданының Жаңғызтөбе, Белтерек, Бесқарағай ауданының Қарағайлы ауылдарында да тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауларда тұрғындардың басым бөлігі ауыз су мен ауыл ішіндегі жол құрылысы, көшелерді жарықтандыру, ұялы байланыс пен интернет сапасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыссыздық және әлеуметтік мәселелерді көтерді. Мәселен, Алтай ауданы Полянское ауылдық округінің тұрғыны А.Д.Шишкунов ауылдағы байланыс сапасының, интернет жылдамдығының өте төмен екендігін жеткізді.

— Ұялы байланыс, интернет мәселесі бүгінгі қоғамдық өмірдің офлайннан онлайнға ауысқан тұсында білінуде. Әлемді жайлаған коронавирус кезінде өте қатты сезілді. Балаларымыз онлайн сабақ оқығанда қиындықтар туындады. Осы мәселенің шешілуіне ықпал етсеңіздер екен. Мәселе шешіледі деп сенім артамыз, — деді өтініш иесі.

Партияның мобильді қоғамдық қабылдау тобы бұған дейін де еліміздің бірнеше облыстарында болып, халықтың арыз-шағымдарын тыңдап қайтқан. Ал партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мобильді қабылдауларын Шемонаиха, Глубокое, және Ұлан аудандарында өткізді. 6 ауылдық округ қамтылған қабылдауларға 150-ден астам азамат келіп, өз өтініштерін білдірген.

— Осыған дейін Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі 179-ға жуық қабылдау өткізіп, оған 2200-ден астам азаматтар келді. 1 айға жетпей, өтініштердің 21%-ы оң шешімін тапты. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Полянское ауылына, Катонқарағай ауданы Малонарымка ауылына келіп, мобильді қоғамдық қабылдау өткіздік. Шығыс Қазақстан облысының басқарма басшылары, партияның депутаттық фракция мүшелері қатысып, азаматтарды қабылдады. Полянское ауылын сараптайтын болсақ, көп көтерілген мәселе ауыз су және жол жөндеу жайлы болды. Атап айтқанда: Алтай — Рахман қайнары автомобиль жолын жөндеу, ауыл ішіндегі Киров көшесінің жолын ретке келтіру, ауыз суға арналған резерв құрылғысын, сумен жабдықтау жүйесіне арналған сорғыны жөндеу. Тұрғындар тарапынан түскен сұрақтар жинақталып, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы Министрлікке хат жол данады. Әр мәселеге тиянақты жауап беруін қадағалаймыз, — дейді Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің кеңесшісі Аралбай Ардан Сұлтанұлы.

Партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының м.а. Айгүл Байжанованың айтуынша, өңірлік филиалдың қабылдау бөлмелеріне биылғы  жылы 11 000-нан астам өтініш келіп түскен. Өтініштердің 41 %-ы оң шешілген. Ал биылғы жылдың үш айында 3000-ға жуық шағым қабылданып, оның 38 %-ы оңтайлы шешімін тапқан.

Жалпы, AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауларына түйткілді мәселелерін айтып, көмек сұрап келетін азаматтар өте көп. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері тұрғындар үшін өздерін толғандырған сұрақтарына жауап табатын бірден-бір тиімді алаңға айналып отыр.

AMANAT партиясы ШҚО филиалы

Мақалада: ПАРТИЯНЫҢ МОБИЛЬДІК ТОПТАРЫ АУЫЛДАРДА

Ұқсас жаңалықтар

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

10.09.2026
2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

Мүлік салығын Салық кодексінде көрсетілген салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді. Оларға пәтерлер, тұрғын үйлер, саяжайлар, гараждар, автотұрақтар және...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жидебайда интернет желісі қосылды

21.07.2025
Жидебайда интернет желісі қосылды

Semeytany.kz – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Жидебайдағы музей-қорық аумағында Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды. Бұл...

Толығырақ...Details

Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

18.07.2025
Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жол инфрақұрылымын аралау барысында Юность кентіндегі 14-тұйық көшеде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС