"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САЙЛАУ РЕФОРМАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

28.04.2022
САЙЛАУ РЕФОРМАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

САЙЛАУ РЕФОРМАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Осы аптаның ішінде Орталық сайлау комитеті төрағасы Нұрлан Әбдіров облысымызға жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары аясында Ортсайлауком төрағасы Нұрлан Әбдіров жұртшылықпен бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтсақ, 25 сәуір күні «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінің ғимаратында Ортсайлауком басшысы Шығыс Қазақстан облысының саяси партиялары, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, блогерлер, сайлауком мүшелерімен кездесті.  Кездесуге 396 адам қатысты.

Жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сайлау реформалары талқыланды.

Қалалық мәслихат депутаты Әскерхан Ақтай сайлау реформаларына қолдау білдіріп, сайлаушылардың электоралдық мәдениетін арттыру маңызды екенін атап өтті.

Мұнымен қатар электрондық дауыс беруді енгізу, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, ауыл әкімдерін сайлау кезінде пікірсайыстар өткізу және әлеуметтік желілерді үгіт алаңдары ретінде пайдалану туралы ой-пікірлер айтылды.

Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская соңғы уақытта байқаушы болғысы келетін адамдардың саны айтарлықтай өскенін атап өтті. Алайда байқаушы кәсіби түрде байқау жүргізуге дайын болуы керек, сайлау процесінің қалай өтетінін түсінуі керек. Осыған байланысты байқаушыларды қандай ұйымдар оқытуы керек деген сұрақ туындайды. Ортсайлауком өкілдері байқаушыларды оқыту, дайындау оларды жіберетін кез келген қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың міндеті екенін атап өтті. Байқаушыларды оқытуды коуч-жаттықтырушылар және сайлау заңнамасына мамандандырылған білікті заңгерлер жүргізуі керек.

Кездесуде сайлау алдында сайлау комиссияларының құрамын өзектендіру туралы ұсыныс жасалды. Сонымен қатар кейбір қатысушылар аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын толықтай жаңарту ұтымды менеджмент тұрғысынан тиімсіз екенін атап өтті. Жиында айтылғандай, қазіргі кезеңде сайлау комиссиялары белгілі бір жұмыс тәжірибесін жинаған, түрлі сайлау науқандары өткізілді, электоратаралық кезеңде жүйелі негізде оқыту жүргізіледі. Сондықтан сайлау комиссияларының қолда бар кадрлық әлеуетін тиімді пайдалану қажет.

ЖСДП өкілі Виктор Калгин ауыл әкімдігіне кандидаттар үшін жоғары білімі мен мемлекеттік қызметте жұмыс өтілінің болуын талап ету бөлігіндегі талаптарды жеңілдету туралы ұсыныс жасады. Басқа қатысушылар нормативтік-құқықтық актілермен және бухгалтериямен жұмыс істеу үшін ауыл әкімдеріне кандидаттардың тиісті білімі мен белгілі бір тәжірибесі болуы қажет деген пікір білдірді. Төртінші деңгейдегі бюджетті енгізумен ауыл әкімдері қаржы қаражатына дербес билік етеді. Сондықтан да білім мен кәсіби дағдылар маңызды рөл атқарады.

Өскемен қаласы қоғамдық кеңесінің төрайымы Инесса Чернышева сайлау науқандарында заңсыз манипуляциялық технологияларды қолдануға жол бермеуге шақырды, өйткені ақпараттық кеңістікті жаһандандырудың заманауи процестері сайлау процесіне сырттан араласудың ықтимал қауіптерін тудырады.

ОСК төрағасы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ЖОО және колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар сайлау процесін жетілдірудің, соның ішінде жастарды сайлау процесіне тартудың түрлі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ашық диалог форматында жастар Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу кезінде аралас сайлау жүйесіне байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Студент Вадим Дрепин 2021 жылы ОСК ұйымдастырған Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» республикалық олимпиадасына қатысу тәжірибесімен бөлісіп, осындай іс-шараларды жүйелі негізде өткізуді ұсынды.

Сондай-ақ, басқа өңірлердегідей, электрондық дауыс беруді енгізу мәселесі де белсенді талқыланды. Жастар қазіргі уақытта көптеген елдердің электрондық дауыс беруді сынап көргенін, оның әр түрлі, соның ішінде қашықтан, көп күндік және мерзімінен бұрын дауыс беру нысандары кеңейтіліп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты әлемдік тәжірибені зерделеп, дауыс берудің осы түрін біртіндеп енгізу ұсынылды.

Сонымен қатар аталмыш жиын барысында студент Аяулым Қарқын болашақ электоралдық процестерде волонтер және байқаушы болуға ниет білдіріп, жастарды сайлау комиссияларының құрамдарына тарту қажет деген пікірін айтты.

Кездесуге қатысушылар арасында сайлау процесінің өзекті тақырыптары бойынша онлайн-сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелеріне тоқталсақ: сұралғандардың 34,2%-ы электрондық (қашықтықтан) дауыс беруді енгізуді қолдайды; респонденттердің 69,6%-ы ел Президенттігіне кандидат мемлекеттік тілді білуі тиіс және лингвистикалық емтихан міндетті деп санайды; 53,8%-ы бұрын сотталған азамат Президент, депутат, әкім сайланбалы лауазымдарына ұсыныла алмайды деп жауап берді.

Сондай-ақ респонденттердің 44%-ы партиялық тізім бойынша сайланған депутат өзінің партияға мүшелігін өзгерте алмайды деп жауап берді.

Сондай-ақ бұл күні Ортсайлауком өкілдері аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту семинарын өткізді.

Тоқтала кетелік, Ортсайлауком төрағасының Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен және жастарымен кездесулері басқа өңірлердегі сияқты әлеуметтік желілерде де таратылды.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: САЙЛАУ РЕФОРМАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

10.09.2026
2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

Мүлік салығын Салық кодексінде көрсетілген салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді. Оларға пәтерлер, тұрғын үйлер, саяжайлар, гараждар, автотұрақтар және...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жидебайда интернет желісі қосылды

21.07.2025
Жидебайда интернет желісі қосылды

Semeytany.kz – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Жидебайдағы музей-қорық аумағында Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды. Бұл...

Толығырақ...Details

Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

18.07.2025
Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жол инфрақұрылымын аралау барысында Юность кентіндегі 14-тұйық көшеде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС