"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«СЕМЕЙ ТАҢЫНЫҢ» ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРДАСТАРЫ

21.05.2014
«СЕМЕЙ ТАҢЫНЫҢ» ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРДАСТАРЫ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысына тарайтын «Семей таңы» газетінің 95 жылдығына орай басылым көп таралатын аудандарда көшпелі редакция отырыстары өтуде. Сәуір айының ортасында Зайсан ауданының халқымен жүздескен басылым ұжымы, міне, Тарбағатай ауданына да  түрен салды. Ауылдағы ағайынның ахуалын біліп, жағдайымен танысып, 95 жылдық мерекеге бағытталған шаралар аясында  газет ұжымы «Семей таңы» газетінің құрдастырымен, яғни облыстағы көзі тірі, жасы 95- ке келген ақсақалдары аталарымыз және ақ жаулықты әжелерімізбен жүздесу, олардың газетіміз туралы естеліктерін тыңдау редакция тарапынан көтерілген жаңа бастама. Тарбағатай ауданында  «Семей таңы» газетінің үш құрдасының  шаңырағында  болып қайттық.

Биби апа

 

Құйған ауылының тұрғыны Биби Омарова 1919 жылы дүниеге келген. Бүгінде 95 жасты еңсерген, өмірден көргені мен түйгені мол асыл сүйекті Биби әжей 1935 жылы 15 жасында тұрмыс құрған. Отағасы Асқар Омаровпен жұптары жазылмай, 64 жыл бірге өмір сүрген екен. Биби апа – 10 құрсақ көтеріп, оларға тағылымды тәрбие берген батыр ана. Үлкен баласы 1940 жылғы екен (бүгінде о дүниелік). Қазіргі уақытта 10 баланың алтауының көзі тірі екендігін айтады. Кейуана балаларынан бүгінде 17 немере, ал, олардан 30-дан аса шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Балаларының айтуынша, Биби әжей мен ақсақалы екеуі де зейнетке шыққанша еңбектен әсте қол үзбеген. Тылда да еңбек еткен, малды да баққан екен. Ал, ақсақалы 1999 жылы 90 жасында дүние салған. Қазіргі уақытта текті әулеттен тараған ұлағатты ұрпақ еліміздің әр аймағында түрлі салада қызмет атқарып жатқан көрінеді. Немересі Қуаныш Омаров аудан орталығы Ақсауаттағы салық басқармасы бастығының орынбасары  екен. «Үйіңде қартың болса, жазып кеткен хатпен тең» дегендей, ұлағатты ұрпағының көсегесін көгертіп отырған қазыналы қарт кенже баласы – қарашаңырақтың иесі Ержан Асқарұлы мен келіні Гүлнар Мержақыпқызының қолында тұрып жатыр. 95 жылдық мерейтойы қарсаңында арнайы келіп, сый-сияпат жасап, құрмет көрсеткені үшін басылымның құрдасы – Биби  апа Риза Асанқызы бастаған «Семей таңы» газетінің көшпелі редакция ұжымына балаларының атынан шексіз ризашылығын білдірді.

— Балаларым – менің үлкен байлығым. Құдай осы байлығымыздан айырмасын. Елімізде тыныштық болсын. Елбасымыз аман болсын. Осындай бейбітшілікті сақтап отырғаны үшін Елбасымызға сансыз рахметімді айтамын,-деген кейуана редакция қызметкерлеріне,- еңбектерің жемісті болып, қаламдарың қарымды болсын,-деп тілегін білдірді.

 

{jcomments on}Қарт ананың немере келінінің айтуынша, Биби апа 95 жасты еңсерсе де, әлі күнге дейін «қартайдым» демей, тымақ тігеді екен. Сонымен қатар, ет асқанда да келіндеріне табақ тартудың тәсілін реттеп отыратын көрінеді. Ал, жас кезінде өзінің құрдасы – «Семей таңы» газетін үнемі оқып тұрса керек. Құрдас басылымының басшысы мен редакция ұжымына және аудандық басшылығының өкілдеріне аналық ақ батасын беріп, қонақтарды шығарып салды. Меймандар да басылымның 100 жылдығында жүздесейік деген тілекпен аттанды.

 

 

Камал апа

Ақсуат ауылының тұрғыны Камал Шаштығарина 1919 жылы дүниеге келген. Жастайынан еңбек етіп, колхоз-совхоздың жұмысынан бір сәтке де қол үзбеген Камал апа Ұлы Отан соғысы басталмай тұрып, Мұқсин Шаштығарин деген азаматқа тұрмысқа шығады. Отағасы өмір бойы ұстаздық етіп, ағарту саласында қызмет атқарған, Ұлы Отан соғысының ардагері болған. 1993 жылы 79 жасында өмірден өткен. Саналы ғұмырында 8 бала тәрбиелеп жеткізген Камал апа балаларынан бүгінгі таңда 31 немере, 52 шөбере, 3 шөпшек сүйіп отырған жайы бар. Кейуананың ұрпақтары қазіргі уақытта еліміздің әр аймағында түрлі салада қызметте. Балаларының алды 1939 жылғы (Сайраш апа бүгінде о дүниелік) болса, кенже ұлы Мырзабек 1963 жылы туған. Ал, ақжаулықты ана қазіргі уақытта 65 жастағы ортаншы ұлы Жеңісбек ағаның қолында тұрып жатыр екен.

«Семей таңы» газетінің көшпелі редакциясының Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында 95 жылдық тарихы бар ата басылымның түйдей құрдасы Камал апаға сый-сияпат жасап, кейуанаға құрмет көрсетіп қайтқан болатын. «Семей таңы» газетінің Директор – Бас редакторы Риза Молдашева мен Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев бастаған  қонақтарға Камал апа жас күнінде байырғы «Екпінді», «Семей правдасы», «Жаңа ауыл», «Қызыл дала» кейінгі «Семей таңы» газетінің оқырманы болғандығы жайлы естелік қылып айтып өтті. Сөз саптауына қарағанда кейуананың әлі де тың екенін аңғаруға болады. Тіпті, кейде балалары сабақтай алмаған жағдайда Камал апаның өзі инеден жіпті оп-оңай өткізетіндігін айтады оның 63 жастағы қызы. Дастархан басындағы әңгіме барысында қағытпа сөздерін айтып, арасында қонақтардың езуіне күлкі үйіргендігіне қарап, қарт ананың әзілге де жақын екендігін байқауға болады. Ұлағатты ұрпақ өсірген Камал апа аудан әкіміне қартайғанда бала-шағасының мазасын алғысы келмейтіндігін, өзінің жеке баспанасы болғанын қалайтынын айтты. Ділдәбек Тәжібайұлы бұл мәселені назарында ұстайтындығын жеткізді. Байырғы басылымның оқырманы ретінде құрдасын іздеп келгені үшін редакция ұжымы мен аудан басшылығына аналық алғысын айтқан ақжаулықты ана меймандарға ақ батасын берді.

Жұмаш апа

Семей таңы  газетінің құрдастарының бірі, Ақжар ауылдық округіндегі Жаңа тілеу ауылының тұрғыны Жұмаш апа  Илібаеваның балалары газет ұжымын зор ықыласпен қарсы алды. Ғасырға  жуықтап қалған Жұмаш әженің көз жанары тая бастап, құлағы да естіңкіремегенмен әлі де тың. Сонау аумалы – төкпелі заманда жарық дүниеге келген кейуананың тарихта таңбасы бар зобалаң жылдарды басынан өткергенін әжім басқан маңдайы мен ақ шалған самайынан анық ағаруға болады. Бірақ, Жұмаш апа заманында қатарынан қалмай еңбек етіп, адал маңдай терін төккен. Балалары анасының нағыз шаруашалықтың адамы болғандығын, егін егіп, мал баққанын мақтанышпен айтады. Жарық өмір сыйлаған үш баланың бүгінде кенжесі Мараттың қолында тұрады екен. «Кенже ұлдың» өзі бұл күнде асқаралы алпыстың бел ортасында.

Бейнетінің зейнетін көріп қазір кенже ұлдың қолында әдемі қартайып отырған ақ жаулықты әже кім десе, ақжарлық ағайын бірден Жұмаш апаны айтар. Бүгінде, үш ұл – қыздан ерген 20 немере мен 30-дан астам шөберенің аялы алақанында отырған Жұмаш апаның бар арман – тілегі еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығы.

Газетіміздің бас редакторы Риза Асанқызы Жұмаш апаға қазақы дәстүрмен камзол кигізіп, орамал тартып, ұрпағының қызығын қызықтап отыра беруге тілектестігін білдірді. Жұмаш апаның ұрпақтары да сонау Семейден арнайы келіп, «Семей таңының» құрдастарына құрмет көрсетіп жүрген бастамаларына алғыстарын жеткізді.

P.S: Құрметті оқырмандар! Газетіміздің 95 жылдық мерейтойы қарсаңында біздің ұжым «Семей таңының» құрдастарын іздейді. Басылыммен бірге жасап  келе жатқан көнекөз қарияларымыз болса, редакциямызға арнайы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

14 часов бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

2 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

7 дней бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС