"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН…»

26.05.2022
«ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН…»
42
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тағы бір оқу жылы аяқталды. Биылғы оқу жылы да қала мектептері үшін табысты болды деуге болады. Түрлі байқаулар мен білім сайыстарында 450 бала — қала мектептерінің оқушылары, қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері — халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары атанды. Апта сейсенбісінде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Семей қаласының экономикалық лицейінде өткен мерекелік шарада жеңімпаз оқушылар марапатталды.

— Сіздер біздің қаламыздың ғана емес, бүкіл елдің мақтанышысыздар. Қазақстанның зияткерлік әлеуеті — біздің болашағымыз! Өз мақсаттарыңызға жетіңіздер! Үлкен жарыстарға, олимпиадаларға қатысу сіздерге көп нәрсе үйреткеніне сенімдіміз. Ешқашан қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмаңыздар — оқыңыздар, жаңалық ашып, дамыңыздар, — деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов оқушыларға.

Марапатталғандар арасында Жолдасбеков атындағы Халықаралық математика және жобалау конкурсының жеңімпаздары — Шәкәрім атындағы гимназияның 10-сынып оқушылары Нұржамал Дәлелова мен Камилла Құдайбергенова, республикалық ғылыми конкурстың жеңімпазы, экономикалық лицейдің 11-сынып оқушысы Ільяс Мансұров, Иранда өткен еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Дарын Әскербек, 2021 жылы таэквондодан Беларусь Республикасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы № 4 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Мират Темірғалиев, Новосибирск қаласында қыздар арасында семсерлесуден халықаралық турнирдің жеңімпазы № 10 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Полина Долгополова, 2021 жылдың қыркүйек айында Латвияда өткен грек — рим күресінен халықаралық жарыстардың жеңімпазы № 30 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Асанәлі Оралов, «Шекарасыз өнер» халықаралық фестивалінің гран-при иегері Зере Құсман, «Дарындар әлемі» халықаралық фестиваль-байқауының жеңімпазы Ерәлі Ерболов және тағы басқа өрендер бар.

— Бүгін сіздерге қарап, болашақ қазақстандықтың қандай болатынын көріп отырмын. Ол білімге құштар, ақыл-ойы жетілген, кез келген тығырықтан жол таба білетін болуы керек. Оның жүрегі Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы болуы керек. Әрқашан мақсаттарыңызға жетіңіздер. Қиындықтар алдында шегінбеңіздер. Бұл сіздердің өмірлеріңіздегі басты ұстанымдарыңыз болсын. Сіздерге биік шыңдарды бағындыруда батыл болуларыңызды тілеймін. Бағындырған әрбір белестеріңіз бен жеңістеріңіз болашақта сіздерді жақсы маман болуға жетелейді, — деді Бақытжан Байахметов.

Марапаттарды салтанатты түрде тапсырғаннан кейін шараға жиналғандарға қаланың талантты жастарының орындауындағы мерекелік концерт ұсынылды, сонымен блиц-сауалнамалар, викториналар мен түрлі конкурстар өткізілді.

Сондай-ақ қала әкімі дарынды оқушылардың үздік жұмыстарының көрмесімен және Семей қаласының білім мұражайының экспозицияларымен танысты. Онда біздің өңірде білім беру саласының қалыптасуының тарихи хронологиясы берілген.

Айта кетерлігі, қалада білім беру тарихы сонау 1917 жылы Семей уездік білім беру бөлімі құрылған кезде басталды. 1923 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша, Семей губерниясында 523 мектеп, оның ішінде 1-сатыдағы (орыс, қазақ, татар), жоғары үлгідегі 12 мектептер, 31 балалар үйі, 35 сауатсыздықты жою (ликбез) мектептері жұмыс істеді.

 

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: «ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН...»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының білім басқармасын Бауыржан Ердембеков басқаратын болды

08.09.2025
Абай облысының білім басқармасын Бауыржан Ердембеков басқаратын болды

Semeytany.kz – Абай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Лауазымға білім саласында көп жылғы тәжірибесі бар Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков келді....

Толығырақ...Details

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде ұлттық жоба аясында 460 мың оқушы орнына...

Толығырақ...Details

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

05.05.2025
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының ІІ кезеңі өтті

22.03.2025
Абай облысында ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының ІІ кезеңі өтті

Наурыз айында еліміз бойынша IQanat олимпиадасының екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңге ауыл мектептерінен іріктелген 10 мыңға жуық 8-сынып оқушысы қатысуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында алғаш рет «Vipusknik.kz-2025» республикалық білім көрмесі өтуде

20.02.2025
Абай облысында алғаш рет «Vipusknik.kz-2025» республикалық білім көрмесі өтуде

Ауқымды шараға Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларынан келген еліміздің 23 жетекші жоғары оқу орны қатысып отыр....

Толығырақ...Details

20-21 ақпанда Семей қаласында алғаш рет «Vipusknik.kz — 2025» республикалық білім көрмесі өтеді

14.02.2025
20-21 ақпанда Семей қаласында алғаш рет «Vipusknik.kz — 2025» республикалық білім көрмесі өтеді

2025 жылдың 20-21 ақпанында Абай  облысы Семей қаласында облыста алғаш рет «Vipusknik.kz - 2025» республикалық білім көрмесі өтеді, оған Астана,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 408 шақырым жол жөнделеді

59 минут бұрын

Абай облысында 32 бағыт бойынша 200 өңірлік грант тағайындалды

3 часа бұрын

1 қазаннан бастап Алматыда жарық құны өседі

7 часов бұрын

Газаға құрлықтан кірді: Израиль әскері операция ауқымын кеңейтті

7 часов бұрын

АҚШ бақылауындағы иелікке беру: TikTok бойынша негіздемелік келісім жарияланды

7 часов бұрын

Зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге жұмсау тәртібі өзгеруі мүмкін

8 часов бұрын

Елде егіннің жартысына жуығы жиналды: 11,6 млн тонна астық бастырылды

8 часов бұрын

Абай облыстық ПД-ға жаңа басшы келді: Эльдар Данияров қызметке кірісті

8 часов бұрын

Абай облысына тұмауға қарсы 60 мың доза вакцина жеткізіледі

23 часа бұрын

Алла Пугачеваның жиені Никита Пресняков ғашық болған қазақ қызы Аида мен Никитаның бүгінгі тағдыры қалай?

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС