"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Референдумда дауыс беретін қазақстандықтар нені білуі керек

01.06.2022
Референдумда дауыс беретін қазақстандықтар нені білуі керек
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

5 маусымдағы республикалық референдумға әрбір қазақстандық Конституцияға ұсынылып отырған негізгі өзгерістерден хабардар болып баруы керек. Бұл – заңгер Думан Базарбектің отандастарына берер кеңесі. ҚазАқпарат сарапшының республикалық референдумға шығарылатын заңнама өзгерістері туралы сараптамасын ұсынады.

5 маусымда елде жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл шараның жөні бөлек, жосығы ерек болғалы тұр. Конституцияның үштен бір бөлігі өзгеруі мүмкін. Ол үшін мұқым жұрт жұдырықтай жұмылуға тиіс. Осыған дейін Ата Заңның төрт рет өзгергенін білеміз. Бірақ бұған дейінгі өзгерістердің бәрі Парламент шешімі бойынша қабылданған еді. Енді халықтың еркіне беріліп отыр. Мұны билік пен бұқараның арасы тағы бір табан жақындай түсті деп топшылауға болатын шығар.

Осы тұста, референдумға қатыспас бұрын нені ескеру керек? Жиі айтыла бермейтін қандай баптар бар? Әуелі осы жайтқа жіті назар аударған дұрыс сияқты.

— «Жалпы ережелер» деп аталатын бірінші бөлімде меншікке арналған алтыншы баптағы бір ғана тармақ өзгереді. Бұрын жердің асты-үстіндегі барлық байлық мемлекет меншігінде еді. Енді ол халық меншігіне өтеді. Ал мемлекет халық атынан оны басқару құқығына ие болады. Өзгеше айтқанда, бұл өзгеріс тек шартты сипатқа ие.

— «Адам және азамат» бөлімінде өлім жазасы терроризм мен аса ауыр қылмыстар үшін ерекше жаза екені туралы екіұшты формуланың орнына қарапайым және қысқа «өлім жазасына тыйым салынады» деген сөз келеді.

Сондай-ақ, еріксіз еңбекке қандай жағдайларда жол берілетіні туралы норма да өзгереді. Егер бұрын: «Сот үкімі бойынша» деп айтылған болса, енді — «кінәлі деп тану туралы сот актісі негізінде» деп айтылатын болады. Яғни, еріксіз еңбек жазаның ықтимал опцияларының бірі болады.

Құқық қорғайтын жаңа институттар құрылады

Олар — Конституциялық сот (Конституциялық Кеңестің орнына) және Жоғары аудиторлық палата (Есеп палатасының орнына). Олардың функциялары бұрынғыша қалады, бірақ өкілеттіктері кеңейтіледі. Атап айтқанда, Конституциялық сот азаматтардың өтініштерін қарайды. Ресейдің тәжірибесі мұндай конституциялық бақылау органы негізінен азаматтардың өтініштерімен жұмыс істейтінін көрсетеді. Бұл ретте Конституциялық соттың судьяларын Президент (төрт), Сенат (үш) және Мәжіліс (үш) тағайындайды. Парламенттік бөлімге енгізілген өзгерістер ең көлемді, бірақ олардың барлығы заңдарды қабылдау регламентін реттейді. Мәжіліс заң қабылдау жүйесіндегі негізгі институт болады. Олардың сапасын бақылауды қамтамасыз ететін және бұл ретте заң шығару процесін оңтайландыратын, сондай-ақ, Мәжілістің заңнамалық және бақылау функцияларын күшейтетін жаңа рәсім енгізілуде. Ал Сенаттың өңі ұсынған реформалар пакетіне мәслихаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, олардың ел азаматтарына есептілігін күшейту жөніндегі шаралар кіреді. Бұл сенаторлардың сайлау процесіндегі бәсекелестігі туындатып, өздері өкілдік ететін өңірлер алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Мұндай тәсіл Сенатта Мәжілістегі қандай да бір партиялық фракциямен немесе партиямен мүлде байланысы жоқ депутаттардың пайда болуына жол ашуы мүмкін. Президенттің сенаторларды тағайындау квотасы 15 адамнан 10 адамға дейін азаяды. Оның ішінде бес адамның кандидатурасын Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) ұсынады. Кандидатты тағайындау немесе қызметтен шығару алдында Сенаттың келісімін талап ететін лауазымдар тізбесіне Конституциялық соттың төрағасы және Жоғары сот Кеңесінің төрағасы қосылды. Мәжіліс өңірлердің емес, Қазақстан қоғамының түрлі әлеуметтік топтарының атынан жұмыс істейді. Ол неғұрлым ықшам бола түсіп, депутаттар саны 107-ден 98 адамға дейін (ҚХА квотасы есебінен) азаяды. Осынша деаутаттың 70%-ы партиялық тізімдер негізінде аралас сайлау жүйесі бойынша, 30%-ы бір мандатты аумақтық округтер бойынша өтеді. Бұл ретте сайлаушылар мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутат жұмысына қанағаттанбаса, мандатты кері қайтарып ала алады.

Осындай маңызды өзгерістердің бар екенін ескерсек, Қазақстанның ендігі болашағы сіз бен біздің таңдауымызда!

Думан Базарбеков

Мақалада: Референдумда дауыс беретін қазақстандықтар нені білуі керек

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

5 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

9 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС