"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Путин дағыстандар мен буряттарды соғысқа айдап салуда – сарапшы

14.06.2022
Путин дағыстандар мен буряттарды соғысқа айдап салуда – сарапшы
144
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Путин ірі қалалардың тұрғындарын соғысқа жөнелтуден қаймығады. Саясаттанушы Дмитрий Орешкиннің айтуынша Ресей диктаторы үшін буряттар мен дағыстандар қан төгіп жүр.  Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды.

Сарапшының пікірінше соғыстың өтінде жүргендердің арасында Мәскеудің тұрғындарын саусақпен санап аласыз. Есесіне, бұратана ұлттардың өкілдері Путин үшін жанын беруге әзір.

Кремль көсемі ірі қалалардың тұрғындарын әскер қатарына шақырудан сескенеді, мұның соңы ереуілге ұласады деп қауіптенеді.

“Украин жерінде қаза тапқан басқыншылардың көпшілігі Ресейдің шалғай өңірінен шақыртылған азаматтар. Бұлардың басым көпшілігі болашағы бұлдыр, ит байласа тұрмайтын, депрессивті елді-мекендер. Мәскеу секілді мегаполистердің тұрғындары қолын қанға малғанды қаламайды. Путиннің қанқұйлы жоспарын жүзеге асыру Бурятия мен Дағыстанның тұрғындарына жүктелген сынды. Ресейдің ыңыршағы шыққан кедей өңірлер Путинді пір тұтады…” – дейді Орешкин.

Оның атап өткеніндей Ресей тұрғындары Путин шапқыншылығын басыбүтін қолдамайды. Бұған жан-тәнімен қарсы, пропаганданың уағызына алданбайтын, Кремльдің саясатына тісін қайрап жүрген аудиторияның қарасы ұлғайып келеді.

Мәскеу тәрізді ірі қалаларда Ресей агрессиясын тұрғындардың әрі кеткенде 15 пайызы ғана қолдайды. Өзгелері іштен тынып жүр.

“Путин ірі қалалардан сарбаз шақыртар болса, мұның соңы айғай-шуға, дүрбелеңге ұласады. Өркениетті өмірдің дәмін татып, Батыстың құндылықтарын қабылдаған көзі ашық ресейліктер қолына қару алып, бөгде елдің тыныштығын бұзуға қарсы. Осы себепті де Украин жерінде Кремльдің дотациясында отырған –  шешендер, дағыстандар, буряттар соғысып жүр”, – дейді Орешкин.

Сарапшының пікірінше, бұл құбылысты айтып түсіндіру мүмкін емес. Әдетте, жоқшылықтан, тапшылықтан жүйкесі жұқарған өңірлер патшаның басқыншы саясатына қарсы шығып, соғысқа жұмсалған айлапат ақшаны, халыққа қайтаруды талап етуі керек еді.

Ресейдің жағдайында Кремль көсемі өз пайымы жоқ, пропаганданың дегеніне күмәнсіз сенетін, Путинді құдай санайтын кедей-кепшікке арқа сүйеп отыр. Украин жерінде оққа ұшып, сүйегі көмусіз қалып жатқан дәл осы аудитория.

Мақалада: Путин дағыстандар мен буряттарды соғысқа айдап салуда – сарапшы

Ұқсас жаңалықтар

Газаға құрлықтан кірді: Израиль әскері операция ауқымын кеңейтті

16.09.2025
Газаға құрлықтан кірді: Израиль әскері операция ауқымын кеңейтті

Semeytany.kz - Израиль қарулы күштері Газа қаласына бағытталған жаңа операциясын бастады. Әуеден соққылар жасалып, танк бөлімшелері қала шетіне енгізілді. Әскери-қимылдардың...

Толығырақ...Details

Халық Ердоғанды кінәлі деп таныды

09.02.2023
Халық Ердоғанды кінәлі деп таныды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында және көршілес Сирияда болған мұндай жойқын жер сілкінісіне дайындалу мүмкін емес болғанын айтты,...

Толығырақ...Details

Сеулде хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 151 адам көз жұмған

30.10.2022
Сеулде хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 151 адам көз жұмған

Сеул қаласында болған қайғылы оқиғаның салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі....

Толығырақ...Details

Ресей тұрғындары елін тастап, жаппай Қазақстан мен жақын елдерге ұшып жатыр

21.09.2022
Ресей тұрғындары елін тастап, жаппай Қазақстан мен жақын елдерге ұшып жатыр

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Ресейге жақын елдерге сатылатын әуе билеттері бірнеше сағат ішінде сатылып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 21...

Толығырақ...Details

Путин елде мобилизация жариялаған соң Ресейде қор нарығы құлдырап кетті

21.08.2022
Путин елде мобилизация жариялаған соң Ресейде қор нарығы құлдырап кетті

Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау шешімін жариялағаннан кейін Ресей нарығы қайта құлдырай бастады. Екінші күн қатарынан көрсеткіші түскен нарықта...

Толығырақ...Details

«Путин қатты қателеседі!». Байден Украианаға тікұшақтан бастап, зымыранның неше түрін жіберетінін айтты

01.06.2022
«Путин қатты қателеседі!». Байден Украианаға тікұшақтан бастап, зымыранның неше түрін жіберетінін айтты

Америка президенті Джо Байден окупанттармен кескілескен ұрыс жүргізіп жатқан Украина әскеріне замануи әскери техникалар мен жетілдірілген зымырандар, оқ-дәрі беретінін ашып...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ШАЛҚАР БАЙБЕКОВ ПЕН КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

2 дня бұрын

Аудандық кітапханада Конституциялық реформаны талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

2 дня бұрын

Бесқарағай ауданында «Конституцияны – бірге үйренейік» атты квест ойыны өтті .

2 дня бұрын

Конституциялық реформа – мемлекеттілікті нығайтудың маңызды қадамы: Абай облысы Курчатов қаласында диалог алаңы өтті

2 дня бұрын

ЖАСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ – РЕФОРМАЛАРДЫ ТАБЫСТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕПІЛІ

2 дня бұрын

Семейде «Қазпошта» қызметін күшейту жоспары талқыланды: бөлімшелер саны артады

2 дня бұрын

Бірлік пен келісім – Жаңа Конституцияның берік негізі

2 дня бұрын

Жаңа Конституция – терең сараланған, ұлттық мүддені және адам құқығын толық қорғауға бағытталған сапалы құжат

2 дня бұрын

Ақсуат ауданында 697 шақырым жол инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңғыртылуда

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы заңмен қорғалады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС