"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КҮНСАЯ — БАЛА ДӘРІГЕРІ

19.06.2022
КҮНСАЯ — БАЛА ДӘРІГЕРІ
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Дәрігер — қоғамға аса қажетті, қастерлі мамандық. Бұл кәсіптің жауапкершілігі мол, қызығы мен шыжығы да жеткілікті. Әсіресе балалар дәрігеріне екі есе жауапкершілік жүктеледі. Бала десе ішкен асын жерге қоятын халқымыз үшін сәбидің денсаулығы бәрінен қымбат. Елімізде бала дәрігері деген қастерлі мамандыққа өмірін арнап жүрген ақ халатты абзал жандар аз емес. Солардың бірі — бүлдіршіндерге медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға барынша үлес қосып жүрген білікті маман Күнсая Болатқызы Нұрғалиева. Үржар ауданының Шолпан ауылындағы Жүзағаш орта мектебін бітірген. Семей медицина университетінде оқып, балалар дәрігері мамандығын алып шыққан Күнсая — қазір Ақсуатта аудандық педиатр.

— Сырқаттанған әр балаға мейірім төге қарап, ыждағаттылықпен емдеп, қажет кезінде күн демей, түн демей қызмет орнынан табылатын Күнсая қарапайым мінезімен, адалдығымен, еңбексүйгіштігімен көптің құрметіне бөленуде,- дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Алмагүл Әштаева.

Күнсаяның Ақсуатқа келін болып түскеніне көп жыл болды. Ақсуаттың Алмас деген азаматымен көңіл жарастырып, отау құрып, ұл өсіріп, қыз тәрбиеледі. Алмас — жеке кәсіпкер. Олардың шаңырағында бір ұл, бір қыз азамат болып өсіп келеді. Қыздары Сандуғаш Еуразия ұлттық университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітіргелі отырса, ұлдары Нұрислам дәрігер болуды мақсат еткен екен.  Қазір елорданың медициналық университетінің студенті.

Медицина қызметкерлері мерекесі қарсаңында өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін үздіксіз ізденіп, көп оқып,  бiлiм мен еңбекқорлықты ұштастыра бiлген ақ халатты абзал жанды әңгімеге тартып, мамандығы жайлы сұраған едік.

— Менің нағашы атамның аты да әкемнің есімі сияқты Болат еді. Сол нағашы атам бала кезімде мені өте жақсы көрді. Ол кісі көп ауыратын. «Осы қызымды дәрігер етіп шығарамын, мені емдейді»,- деп отыратын. Мамандық таңдауыма сол нағашы атамның сөзі әсер етті. Бірақ менің таңдауым балалар дәрігері мамандығы болды. Балалар дәрігері болу оңай емес. Сәби қай жері ауырып тұрғанын айтпайды, жылайды, мазасызданады. Сондықтан күні-түні қасында боламыз. Алғаш жұмысқа кіріскенде осындағы Бақыт Әбдікенова, Фируза Мариева, Ардақ Тұрарова сынды дәрігер әпкелеріміз ақыл-кеңестерін аямады, тәжірибелерін үйретті, көмектесті, ол кісілерге алғысым шексіз.

Қазір ана мен балаға деген мемлекет қамқорлығы жақсара түскен. Мемлекетіміз медицинаға, оның ішінде балалар медицинасына барынша жағдай жасап отыр. Заман талаптарына сай жабдықтар әкелініп жатыр. Ауданымызда өмірге келген сәбилер тегіс аман, аналарының қамқорлығында. Биыл жыл басынан бері Ақсуатта 154 сәби дүиеге келді. Дәрі-дәрмек жеткілікті.

Біздің аудандық аурухана дәрігерлерінің кәсіби шеберлігі жоғары. Бас дәрігеріміз Алмагүл Әштаева, Қарлығаш Көшкімбаева, Айгүл Тұрғанбаева, Әсел Абылғазина, Оралхан Ахметжанова, Мекай Молдекин, Бағдан Оразханов — бәрі де өз істерінің нағыз шеберлері. Мен береке-бірлігі жарасқан ұжымда, білімді де білікті дәрігерлермен қызметтес болғанымды мақтан етемін,- дейді Күнсая Болатқызы.

Күнсая Болатқызы Шығыс Қазақстан облысы және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. Былтыр «Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық  дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін кеудесіне тақты.

Басты байлығымыз бала денсаулығын қорғау жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген Күнсая Болатқызын төл мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, еңбегіне табыс тілейміз!

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Мақалада: КҮНСАЯ - БАЛА ДӘРІГЕРІ

Ұқсас жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

24.01.2023
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ Өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты...

Толығырақ...

КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА

16.08.2022
КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА

КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА Ауылда кім қалады? Бүгінде мемлекет тарапынан айрықша назар аударылып отырған салалардың бірі – денсаулық сақтау саласы. Десек...

Толығырақ...

ЕРТЕ АНЫҚТАЛСА, АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ

03.08.2022
ЕРТЕ АНЫҚТАЛСА, АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ

Саркома – қатерлі ісіктің бір түрі Бұл рак клеткалары ағзаның дәнекер тінінен пайда болады. Саркоманың неғұрлым кең тараған түрлеріне остеосаркома...

Толығырақ...

МАМАНДЫҒЫН СҮЙГЕН ДӘРІГЕР

03.08.2022
МАМАНДЫҒЫН СҮЙГЕН ДӘРІГЕР

Дәрігер - адам өмірі үшін жауапкершілік алып, оның денсаулығына алаң болып жүретін бірден-бір мамандық иесі. Өз ісін сүйіп, халқына адал...

Толығырақ...

РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАТТЫҢЫЗ БА?

13.07.2022
РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАТТЫҢЫЗ БА?

Шілде айының 10-ы күнгі көрсеткіш бойынша, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентімен қамту 100 пайызға...

Толығырақ...

ЕЛ «САРЫ» АЙМАҚҚА ӨТСЕ, ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ?

05.07.2022
ЕЛ «САРЫ» АЙМАҚҚА ӨТСЕ, ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ?

Қазақстан коронавирус бойынша «сары» аймаққа өтсе, Үкімет қандай шараларды қолға алады? Бұл туралы  Премьер-Министрдің орынбасары Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус...

Толығырақ...

Жаңалықтар

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

2 дня бұрын

АБАЙ ҰЛАҒАТЫНАН НӘР АЛҒАН ҚАЛАМГЕР

2 дня бұрын

Балалардың гаджетті пайдалану уақыты қандай – Мамандар жауап берді

2 дня бұрын

«1,5-2 миллион теңге үнемдедім»: Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру қалай жүріп жатыр

2 дня бұрын

Тоқаев Ғылым мен технологиялар жөнінде ұлттық кеңес құрды: Кеңес құрамында Нобель сыйлығының лауреаты бар

2 дня бұрын

Абай облысында түрмедегі қызымен байланысы үзілген ана өлі күйінде табылды

2 дня бұрын

Санжар Тәшкенбай 2023 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

3 дня бұрын

Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады

3 дня бұрын

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

3 дня бұрын

КӨМІРМЕН ҚАМТУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС